Реферат пәні: Қазақстан тарихы Тақырыбы: «хvіііғ ортасы мен ххғ басы аралығында қазақ жерін зерттеген орыс интеллигенциясы»


Ғалымдардың қазақ өлкесін зерттеуге қосқан үлесі



бет4/4
Дата10.12.2023
өлшемі28,82 Kb.
#136803
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
inbound388529559363246262

Ғалымдардың қазақ өлкесін зерттеуге қосқан үлесі


Торғай облысының мал дәрігері А.И. Добросмыслов қыруар мол дереккөздері негізінде «Торғай облысы. Тарихи очерк» атты үш томдық іргелі еңбек жазып қалдырды. Онда Кіші жүздегі қазақ хандықтарының тарихы мен саяси оқиғалары толық сипатталған. Автор ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар барысын және қалай жүргізілгенін толық баяндаған.

1830 жылы «Отечественные записки» журналында орыс офицері Б.С. Броневскийдің «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар» атты жұмысы жарияланды. Онда Солтүстік-Шығыс Қазақстан қазақтарының тарихынан, өмірі мен тұрмыс-тіршілігінен құнды деректер келтірілген.

Ресей шығыстанушысы, этнограф В. Радлов қазақ өлкесі тұрғындарының мәдениеті, тілі, тарихына байланысты түбегейлі зерттеулер жүргізді. Оның «Сібір қазақтарының этнографиясы туралы» іргелі еңбегі түркология ғылымының дамуына зор ықпал етті.

Қазақ өлкесі туралы құнды деректер қалдырған көрнекті зерттеушілердің бірі, географ П.П. Семенов-Тян-Шанский. Ол Алтай, Жетісу, Орта Азия жерлеріне экспедиция ұйымдастырып, «Қырғыз өлкесі» және «Түркістан өлкесі» деген іргелі еңбектер жазды.

Қорытынды

XVI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу XVI ғасырдан бастап Қазақстан туралы географиялық мәліметтер орыс мемлекетінің ресми орындарында жинактала бастады. Ресей мен Қазақстан арасында дипломатиялық, экономикалық байланыстардың орнауына байланысты патша үкіметі қазақ жері туралы деректерді арнайы жіберілген елшіліктер арқылы да, саудагерлер мен саяхатшылар арқылы да жинады. Осылардың нәтижесінде Қазақстан табиғаты, халқы, мемлекеттік шекаралары жайында деректер толыға түсті. Сол мәліметтерге сүйеніп, Борис Годунов патшаның өтініші бойынша Қадырғали Қосынцлы Жалаири (XVI ғ. аяғы - XVII ғ. басы) («Жами ат-тауарих») «Жылнамалар жинағы» атты қазақ халқы мен оның жері туралы өте қызықты кітап дүниеге келді. Онда қазақ хандығы құрылуы жайлы тарихымен қоса, Қазақстан қалалары, өзендері мен таулары, шекаралары жөнінде кең мәлімет беріледі. XVII ғасырда Қазақстан аумағы С. Ремезов жасаған «Сібірдің сызба кітабы» атты картаға кіреді.

XVIII ғасырда орыс патшасы I Петр Қазақстанмен қарым-қатынасты күшейтуге ерекше көңіл бөлді. Қазақстан жерін Шығыс елдеріне шығатын «қақпа әрі кілт» санады. Оны Ресейге бағындырудың жоспарларын жасады. Осыған орай ол Қазақстанға әскери экспедициялар жасақтап, Каспий теңізі мен Сібірмен шекаралас өлкелерді зерттеуге тапсырма берді. 1734 жылы Орынбор экспедициясы ұйымдастырылды. 1768 жылы екінші академиялық экспедиция жасакталды. Бұлардың жұмысына П.С.Паллас, И. П. Фальк, И. П. Рычков сияқты ғалымдар қатысты. И. Муравин мен А. И. Бутаков Арал теңізі мен Сырдария бойында, Г. С. Карелин Каспийжағалауларында зерттеулер жүргізді. Қазақ жерін жалпы географиялық тұрғыда зерттеген бұл ғалымдардың еңбектерінде, жаңа деректермен қоса табиғаттың қалыптасу заңдылықтарын түсіндіруге де алғашқы талаптар жасалды. Осы және басқа материалдарды жинақтау негізінде А. И. Левшин 1832 жылы «Қырғыз-Қазақ немесе Қырғыз-Қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» атты еңбегін жазды. Мүнда Қазақстан жеріне тұңғыш рет салыстырмалы түрде толығырақ географиялық сипаттама берілді.

Қазақстан табиғатын шын мағынасында ғылыми-географиялық тұрғыда зерттеу XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Бұл тұрғыда П.П.Семенов-Тян-Шанскийдің, Н.А.Северцовтің, Ш.Ш.Уәлихановтың, И.В.Мушкетовтың, А.Н.Красновтың, Л.С.Бергтің сіңірген еңбектері айрықша.


Қолданылған әдебиеттер:

  • Мусин Чапай «Қазақстан тарихы» Алматы-2008

  • https://www.myunivercity.ru/

  • https://martebe.kz/orys-alymdaryny-aza-standy-zertteui/

  • https://e-history.kz/kz/amp/news/show/354

  • К. Р. Аманжолов «Қазақстан тарихы» Алматы «Білім» 2004


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет