Пәні: Қазіргі Қазақстан тарихы
Тақырыбы:Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны
Орындаған: Санақ Б.М.
Тобы: Ю-21-1
Қабылдаған: Т. К. Алланиязов
Жезқазған 2021
Жоспар 1) Кіріспе 1.1 Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны
2) Негізгі бөлім 2.1. Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың алатын орны
2.2. Тәуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мемлекетпен қарым-қатынасы
2.3. Қазақстанның сыртқы саясаттағы мемлекеттермен қарым қатынасы
3) Қорытынды 4)Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны Тәуелсіз Қазақстан егемен мемлекет ретінде халықаралық қатынастар жасауға, белсенді сыртқы саясат жүргізуге кірісті. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында үш мәселеге ерекше назар аударды.
Біріншіден, басқа елдермен, оның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.
Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.