2.2. Ахмет Йүгінекидің қозғаған тақырыптары мен мәселелері "Ақиқат сыйы" кітабының алғашқы тарауларында Ахмет Жүйнеки жаратушы бір алланы, Мухаммед пайғамбарды, оның төрт сахабасын мадақтайды. Ислам дәуіріндегі әдеби дәстүр бойынша қалыптасқан жүйе бүл. Одан кейінгі тарауларындағы тақырыптарды сығымдап былай бөлуге болады:
I) білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы;
2) тілді тыйып үстау - әдептілік пен тәртіптіліктің шарты;
3) жомарттық пен сарандық;
4) кішіпейілдік абыройды асырады, тәкәппардың қуты қашады;
5) мың дос аз, бір дүшпан көп.
Өнерлеп жаздым кітап сөз түйерлік, Сан толғап бірін алдым ел сүйерлік. Асыл сөз аз болды, калжың көп қой, Бөз арзан, шайы қымбат бір киерлік. - деп ақынның өзі сөздің арзанына емес, қымбатына үңілгенін айтады. [3,103 бет.]
«Ақиқат сыйы» дастанындағы ең басты мәселе — оқу мен білім мәселесі.
Бұл кезде қыпшақ даласында адамның сана-сезіміне жарық сәуле құятын оқу-білімді, ғылымды көкке көтере мадақтап, білімді адамдарды, ғүлама-ғалымдарды қүрметтеп жырға қосудың өзі зор азаматтық ерлік іске тең еді.
Ақын дастанда барша әлемнің сырын ашатын кілт — көкірек көзі ашық, оқыған, білімді адамдардың қолында деген пікір айтады. Автор ғылым мен ашу-ызаны бір-біріне қарсы қояды. Сөйтіп, ақын ғалым, бақыт жолын өнер- білімнен табады, ал ашу-ызаға тізгін берген кісі қашанда надандыққа, қараңғы түнекке душар болады деген пікірге келеді. Автор дастанның өзге тарауларындағы әдептілік, мейірімділік, жомарттық секілді басқа мәселелерді де осы оқу-білімнің құдіретті күшімен байланыстырып, кез келген түйінді оқу-білім арқылы шешуге әрекет жасайды.
Айтайын білім жайын, құнты бар бол, Ей, достым, білімдіге ынтазар бол. Ашылар білімменен бақыт жолы Білім ал жолға түсіп бақыт толы. [1]
"Ақиқат сыйы" кітабы оқушысын адамгершілікке, сыпайылыққа баурайды. Айтылмақ ойдың сабағы қазақ мақал-мәтелдерімен астасып жатады.
Ашу оты түтанып, жалындаса, биязылық суын шашып, өшір:
Білімді кісі - қымбат бағалы динар, Білімсіз надан - құны жоқ бақыр. Білімді әйел - ер, надан еркек-әйел. Сүйскке - май, адамға білім керек. Әдептіліктің басы - аузын бағу Жібімейтін көңілді жомарт кісі жібітеді. Қанша дуние жиғанмен, сараңның көзі тоймайды. [1]
Ахмет Жүйнеки кітабында өз заманындағы адамдардың бүзылғаны, ішкілікке салынып, арамдыққа бейіл бергенін сынайды. Бүл тұстары алты жүз жыл кейін өмір сүрген Абай ойларымен сабақтасып жатыр. [3,104 бет.]
Жүйнеки әдептіліктің бір белгісі – жомарттылық деп, жомарттықтың асыл қасиет екенін дәріптейді:
Жұмсармас иілместі жомарт иер, Мұрат та қол жетпейтін бұған тиер. Мақтайтын бақылдарды жан бола ма, Сақыны ағайын, ел бәрі сүйер,–дейді. [1,50-51 ]
Ақын жеке адамдардың мінез-құлқын жақсарту арқылы, оларды жомарт, мейірімді, білімді ету арқылы заманды да жақсартуға болады деп үміттенеді де, тәлім-тәрбиеге, білім беру ісіне ерекше көңіл аударады.
Тағы бір керекті сөз – айтам дастан, Ұғып ал құлақ салып мендей достан: Болып ал кішіпейіл өзгерместей Аластат тәкәппарлық ойды бастан, – дәл, ол тәкаппар, паң, өркөкірек мінезден аулақ болуды уағыздайды.
Дұшпандықты жоя біл, Жазықтыны кешіргін: Ақылға ден қоя біл, Ашу өртін өшіргін, –деп, ақын соңғы бір сөзінде жақсы мінезді қалыптастыру үшін әрбір адам өзін-өзі тәрбиелей білу қажет екенін өнеге етеді. Жақсы мінездің қалыптасуы тәрбиеге, жеке адамды тәрбиелеуші оның тегіне (тектілікке) байланысты екенін:
Тегі асыл адамның Мінезі де сүйкімді, Тексіз – бұзық наданның Жоқ болады сүйкімі, –деп тұжырымдайды. Мінез құлықтың ең қасиеттісі – инабаттылық, қайырымдылық екенін қастерлеп ол:
Кемтарларды көңілдендір ас бер де, Үлкендердің абыройын қастерле,-дейді. Халқымыздың меймандостық, үлкенді сыйлау дәстүрлері осындай тәлім-тәрбиеден сәуле қабылдап, қасиетімен қалыптасты. Адамды бақытқа жеткізетін игі-іс әрекеттің нәтижесі – білім деп, сөз басын білімнен бастаған ғұлама, сөз аяғында адамның адамдығын көрсететін асыл қасиет – өнер, өнер оңайлықпен келмейді, ол дарынның көрінісі болумен қатар мехнатты көп еңбектің жемісі, шын өнерпаз адам өнер үйрену жолындағы қиындықтан қашпайды деп көрсетіп:
Өнерлі жан қиындықты көп көрер, Өнер қуар, тірліксізді ол жек көрер, – дейді.
Ұлттық тәлім-тәрбиеміздің қайнар көзі болып табылатын ұлағатты ұстаздық ойлардың арғы тегі данышпан Ахмет Жүйнекидің осы бір кітабынан да айқын көрінеді. [4]