Реферат пәні: Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті


Мораль,мінез-құлық мәселесі



бет5/6
Дата29.01.2023
өлшемі82,63 Kb.
#63521
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
2.4. Мораль,мінез-құлық мәселесі
«Ақиқат сыйы»—дидактикалық шығарма. Сондықтан дастанда негізінен адамның мінез-құлық қағидалары, адамгершілік, этика, әдептілік, т. б. моральдық мәселелер әңгіме болып, ақын осылар жайында өз оқушысына ғибрат сөздер айтады.
Автор оқушысын әдепті, мағыналы сөйлей білуге, өтірік-өсек айтпауға, сыр сақтай білуге, босқа көп сөйлеп, мылжың болмауға шақырады.
Ал, әдептіліктің басы — тілге сақ болу деп үйретеді:
Білімдіден қалған бір сөз тағы бар:
Әдептіге, «үндемес» ат тағылар.
Тіліңді тый — сонда тісің сынбайды,
Жөнсіз шыққан тілден тісің қағылар.
Сөз есепсіз — тіліңді тый, тарт, үста,
Тыймаған тіл басыңа сор әр түста.
Есепті сөз — ер сөзінің асылы,
Мылжың тілді «жау»— деп үғын тартыста.
Ақылды ма көп сөйлеген күбіне,
Талай бастың тіл жетті ғой түбіне.
Оқ жарасы жазылады, бірақ та,
Тіл жарасы жазылмайды: түбі не? [1, 73]
Сөйтіп, ақын тілді тыйып ұстау — әдептіліктің, білімділіктің белгісі деп біледі.
Ақын қашанда әбден ойланып алып, сосын ғана сөйлеу керектігін ескертеді. Өйткені жаман сөз адамның жан-дүниесін жаралайды. Оқ жарасы — жазылар, ал ащы тіл салған жара жазылмас дейді.
Ахмед Иүгінеки адамгершіліктің тағы бір көрінісі — әділ болып, қашанда шындықты айту екенін нақты деректер келтіре отырып дәлелдейді. Шын сөз — бал секілді, жанға жайлы, дертке шипа болып келеді. Сондай-ақ ақын сыр ашпау, құпияны сақтай білу жөнінде де уағыз-ғибрат айтады.
Дастанның келесі тарауында жомартгық пен сараңдық туралы сөз қозғалады. Ақынның ойынша құрметке лайықты адамның бойындағы ең асыл қасиет — жомарттык,. Жомарттық тұрған жерде алынбайтын асу жоқ, жылымайтын жүрек жоқ. Ақын ұдайы жомарттық пен сараңдықты бір-біріне қарсы қойып көрсетеді.
Жұмсармас, иілместі жомарт иер,
Мұрат та қол жетпейтін бұған тиер.
Мақтайтын бақылдарды жан шыға ма,
Сақыны ағайын, ел бәрі сүйер.
Акын жомарт жандарды зор ықыласпен, жан- жүрегімен беріле жырлайды. Дастанның авторы үшін жомарт болу — әдеттігі мінез-құлық нормасы ғана емес.
Ахмед Иүгінеки адамдардың мінез-құлқын жақсарту арқылы, оларды жомарт, әрі білімді ету арқылы заманды да жақсартуға болады деп үміттенеді:
Өмірде жақсы мінез — «жомарт» деген,
Жаман ат — «сараң», тәуір сөз ермеген.
Берген қол бәрінен де құтты болар,
Сол жаман — ала біліп, түк бермеген.
Жазылмас сараң — ауру емдегенде,
Қарысар қолы тастай „бер!“—дегенде.
Көзінің сұғы тоймай тіміскілеп,
Болады малдың құлы ерлегенде.
Сақылық — ел ішінде бір төбе де,
Абырой атақ сонда, мәртебе де.
Бол жомарт, халықты сол сүйсіндірген
Кейін де, бүгін де, ертеде де.
Мал жиып бақыл ашкөз дірілдеген,
Күні жоқ бірін ішіп, бірі жеген.
Досына тірісінде дәм таттырмай —
Өлген соң жаулары жер дүрілдеген. [1, 78]
Адам бойындағы асыл қасиеттердің ең бастысы жомарттық екенін айта келіп, ақын аш-жалаңапггарға қол үшын беруден артық игілікті іс жоқ деген қорытындыға келеді.Бұдан кейін ақын кейбір жандардың мінез-құлқына тән теріс қасиеттерді әңгіме етеді. Солардың бірі — сараңдық. Пейілі өте тар, мейлінше қытымыр, ешкімге ешнәрсе ауыспайтын адамдарды ақын өлтіре сынайды. Дастанның авторы: „сараң жан қандай мұрат-мақсатқа жетеді?“—деген сауал қояды. Ақын оған өзі жауап береді. Пейілі тар адам түрлі арамдық жолмен қыруар алтын- күміс жинайды. Бірақ соның бәрін өзімен бірге молаға әкете ме? Өзі өлген соң тірі кезінде жұрттан қызғанғаны қызыл итке жем болады. Сондықтан ақын өз шығармасында «алаған қолды береген» болуға шақырады:
Мінездің жақсысы, әдеттің мінсізі —
Біліп қой, жомарттық.
Ол — сараңның айнасы.
Қолдың бақыттысы — беруші қол.
Алған, бірақ бермеген қол — қолдың құтсызы.
Сараңдық — емдегенмен жазылмайтын ауру.
Сонымен бірге, Ахмед Иүгінеки оқушысын сол заманның әдет-ғұрпын сақтап, түрлі заңдарын орындап отыруға, қара қылды қақ жаратындай әділетті болуға, әлсіздерге күш көрсетпеуге, кемтарларға қолғабыс тигізуге нысапты болуға шақырады.
«Ақиқат сыйы» дастанында, сондай-ақ тәкәппар, паң өр көкірек жандарды жер-жебіріне жеткізе сынайды. Автор оқушысын қарапайым, момын болуға үндейді. Шығармада ақын тәкаппарлықты қарапайымдылыққа қарсы қойып суреттейді.
Менмендік, өркөкіректік жақсы адамның табиғатына, мінез-құлқына мүлдем, жат адамды адамгершіліктен жүрдай қылатын қасиет деп көрсетеді.
Ал, қарапайымдылык— кез келген жанға жарасатын, оның бедел-мәртебесін асыра түсетін киелі қасиет ретінде бейнеленеді:
Тағы бір керекті сөз — айтам дастан,
Ұғып ал құлақ салып мендей достан.
Болып ал кішпейіл өзгерместей,
Аластат тәкаппарлық ойды бастан.
Қайда да тәкаппарға атақ тағар,
Мінез бар қойдан жуас елге жағар.
Жаратпас Алла да, ел де ұлықсыған Адамды, „Мен, мен!“—дейтін кеуде қағар.
Тәкаппар, тонын киме — «біл!»—демегім, Халықты кеуде керіп тілдемегін.
Нышаны момындықтың — кішіпейіл,
Бол дағы кішіпейіл, дым демегін.
Адам өмірге жамандық емес, жақсылық жасау үшін, игілікті істерді жүзеге асыру үшін келеді деген түйін жасайды. [4].
«Ақиқат сыйы» дастанында «Алла кішіпейіл жанның абыройын асыратынын, тәкаппардың құтын қашыратынын», «дүниеқор жанақырында мақрұм болып қалатынын», «жақсы адам әрқашанда сабырлы болу керектігін» зор шеберлікпен жеткізген [1, 58-61]. Ахмет Йүгінеки оқырманын сол заманның әдет-ғұрпын сақтап, түрлі заңдарын орындап отыруға, қара қылды қақ жаратындай әділетті болуға, әлсіздерге күш көрсетпеуге, кемтарларға қолғабыс тигізуге, нысапты болуға шақырады. «Ақиқат сыйы» дастанында, сондай-ақ тәкаппар, паң, өркөкірек жандарды жер-жебіріне жеткізе сынайды. Автор оқырманын қарапайым, момын болуға үндейді. Шығармада ақын тәкаппарлықты қарапайымдылыққа қарсы қойып суреттейді. Менмендік, өркөкіректік жақсы адамның табиғатына, мінез-құлқына мүлдем жат, адамды адамгершіліктен жұрдай қылатын қасиет деп көрсетеді. Ал қарапайымдылық кез келген жанға жарасатын, оның бедел-мәртебесін асыра түсетін киелі қасиет ретінде бейнеленеді. «Қатты ашуын баса білген жанға, адамдардың қатесін кешіре білген кісіге Алланың нұры жауады», - дейді ақын[1,61].
Адамға құт әкелетін мінездің бірі - сабырлылық, көнбістік деген пікір айтады: Адамдық - бір биік үй мұнарасы,
Алқызыл алау өскен гүл арасы.
Бай мінез - сол гүл өскен жасыл алқап,
Сол үйдің не болмаса іргетасы.
Сабыр ет, қуаныш күт, бәле келсе,
Күте тұр - қайғы, реніш ала келсе. [1, 82].
Ақмолла ақын осы моральдық ой-пікірді ширата келіп:
Алтыншы қымбат нәрсе - сабыр деген,
Сабырлы адам мұратын табар деген,
Әр істе сабырсыздық түбі - қорлық,
Сабырсыздық басқа бәле салар деген, -
деп түйеді. [2, 223 бет]
«Ақиқат сыйы» дастанында жомарттық пен сараңдық, қарапайымдылық пен тәкаппарлық, ұстамсыздық пен сабырлылық жайында айтылған ой-пікірлер қазақтың ақын-жыраулары поэзиясында өзінің көркемдік дәстүр жалғастығын тапқандығын біз жоғарыда айтып өттік. Дастанда сөз болатын тағы бір мәселе - «дүниенің бір қалыпта тұрмай, өзгеріп тұратындығы туралы» деуге болады [1, 54]. Ақын бұл өмірдің адамдар келіп, кететін керуен сарай сияқты екенін жырлап, осы өмірден бай да, кедей де, патша да, құл да тұрақ таппай, өтіп кететінін еске салады. Ахмет Йүгінеки өмірдің өзін - керуен сарайға теңейді. Өйткені тура керуен сарайдағы сияқты, өмірде де мына «жалған дүниеге» біреулер енді ғана келіп жатса, екінші біреулер тіршілік пен қоштасып, өмірден кетіп жатады:
Бұл дүние - бір керуен сарайды,
Кететіндер түсіп, содан тарайды,
Алғы тізбек көшіп ұзап кеткенде,
Келіп түскен соңы соған қарайды.
Бүгін барың ертең жоқ қой жалғанда,
Игілігің әлде кімге қалғанда.
Көрікті өмір - көмір болып өтеді,
Түгел тасып төгіледі толғанда.
Күлім қағар бұл дүние, ым жасар,
Өз қолымен балын беріп, у қосар.
Ең әуелі бал жегізіп дәндетіп,
Іле-шала сол тостақпен зәр тосар. [1, 76].
Кітаптың соңында ақын жазып кеткен сөзінің кейінгіге үлгі болып қалуын тілейді. Ахмет Әдиб-атым, үлгі-сөзім,
Қалады мүнда сөзім, кетем өзім.
Күз келер, жаз да кетер, өмір де өтер,
Сонымен жұмылар да екі көзім.
Жас үрпақ тыңда мені үғасың көп,
Атымды дуғанда айтып шығасың деп.
Өзіңе сирек сөзді сыйлык еттім,
"Маған да тартуетсін дұғасын", - деп.
Шындығында, Ахмет Әдиб Жүйнекидің "Ақиқат сыйы" кітабында айтылған ойлар кейінгі қазақ ақындарына дәстүр болған, кейінгі қазақ әдебиетін қалыптастыруға жол салған, Абай, Сүлтанмахмут, Мағжан, Шәкәрім пәлсәфасының іргетасы болып есептелінеді. [3,103 бет.]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет