Ұмытпа ұрпақ тіліңДІ



Дата06.06.2023
өлшемі24,04 Kb.
#99162
Байланысты:
Өлеңдер Нұрболат Әлия


ҰМЫТПА ҰРПАҚ ТІЛІҢДІ

Қосқан біздің жүректерді тіл ортақ,


Ата-баба салтымызбен, дін ортақ.
Бірлігім деп жүрекке таңба басқан,
Кең жүрек қазағыма жырым ортақ.

Келгеніне қарамайды, зерттеп қарап қиналып,


Ұмытты сөйлеу түгіл, сенуді шын иланып.
Түсінер ең, қарасаң қасиетін тілімнің,
Шахид болған бабалардың тарихына зер салып...

Заманым-ай, көбейді тіл білмейтін кісілер,


Тайдың өзі сәлем десең, өзінше бір кісінер!.
Ей! Халқым-ай, ана тілің алпыс тілге татиды,
Бабам сенді сендерге, ал, қадірін кім түсінер?!

Сонау тарих ғасырлардан басталған,


Баспалдағы қазақ тілдің, дастаннан.
Би шешендер тарпа келіп бас салып,
Жаудың өзі сойқан сөзден жасқанған.

Қазағымды қазақ қана басқарған!


Аталарым қазақ тілде бас қылған.
Міне мен де сөйлеп тұрмын қазақша,
Анам тілі түскен жоқ қой аспаннан.
Ана тілім қасиетті алдаспан!
Ғажайыппен жаралғандай алмастан.
Ана тілдің шұғыласы мен шырайы,
Өшпес мәңгі, ғасырларға жалғасқан...

Тіл-дегенім, ала-алмайтын қайғы-мұң,


Ана тілім абыройлы айбыным.
Көркейе бер, мәңгі жаса ғасыр тіл,
Тоқтамастан шарлап әлем ай күнін.

Тіл дегенім түбі терең жете алмас,


Ақиқатты ешкім де қор ете алмас!
Барлық адам ұлы Абай сөзіндей қып,
Қиыннан қиыстырып кете алмас!.
СҰМДЫ СОҒЫС БАТЫРЛАРЫНА АРНАУ

Сұмды соғыс басталды ғой жалынды,


Төктің ғой сен, аямай, ақ қаныңды!
Азап тартып қалды балаң артыңда,
Атқан мылтық үйретеді дауылды...

Жандары ұшты жұлдыздай боп аспанда,


Олар жайлы жазылды көп дастан да,
Әркез біздер еске алып жүретін,
Рухтары шарықтады аспанға!.

Тостың оққа жан аямай кеудеңді,


Сол оққа ұшқан денең сенің жерленді.
Ержүрек батырлар деп ұлықтап,
Еске алды ұрпақтарың сендерді!.

Аянбады қиналса да жандары,


Жеңіс болды олардың бар арманы...
Көкейінде жүрген мақсат олардың,
Жас ұрпақтар аман болса болғаны.

Сол зардаптың әттең «уы» қайтпады,


Енді «соғыс» сөзін ешкім айтпайды.
Аман болсын Отанымыз!, еліміз!,
Енді халық сол зардапты тартпайды!.

Болмас енді бұндай соғыс кездері,


Мөлдіреп тұрған баллалардың көздері.
Басымызға тудырмасын сол күнді,
Дала жол сап ұлылардың іздері.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет