Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Жоғарғы қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі
Реферат
Пәні: Экономикалық информатика және ақпараттық технологиялар
Орындады: «Ақпараттық жүйелер»
мамандығы бойынша
күндізгі/ сырттай оқу бөлімінің
студенті Қайратов,Р
Тексерді: оқытушы Букаева А.Т.
Кокшетау, 2021
«Файл» түсінігі.
Қазіргі барлық дискілік операциялық жүйелер дисктерде мәліметтерді сақтауға арналған файлдық жүйелерді құруды қамтамасыз етеді. Файлдық жүйені ұйымдастыру принципі – кестелік. Файл – бұл дискте сақталатын және аты бар ақпарат жиынтығы. Файлдарды жиі екі категорияға бөледі: текстік және екілік.
Текстік адамның оқуына арналған. Олар символдар жолынан тұрады. Текстік файлдарда құжат текстері, программалау тілдерінде программа тексті және т.б. сақталады.
Текстік емес файлдар екілік деп аталады. Олар компьютерге ғана түсінікті, қандайда бір нақты программамен оқуға ыңғайлы түрде болады. Экранға қараған кезде бізге түсініксіз – кодтар шығады.
Әрбір программа (компьютерді қосқан кезде жүктелетін операциялық жүйеден басқа) осы программаны жүктейтін файлдың өз құрамында болады. Яғни орындаушы файл – оны орындауға жіберетін программаның басты файлы. Орындаушы файлдар әдетте com немесе .exe атты кеңейтілімі болады.
Файл аты
Операциялық жүйелер мен басқа программалар файлдармен қатынаста болу үшін олардың белгілеулері болуы керек. Осы белгілеулерді файл атауы деп атаймыз.
Файл аты екі бөліктен тұрады: атауынан және кеңейтілімінен (яғни файл типінен). Кеңейтілім атаудан нүкте арқылы ерекшеленеді.
Файл атауында 1-ден 8-ге дейін (MS DOS және Windows 3.1 операциялық жүйелері үшін) символдар болуы мүмкін. Файл атауы ақпараттандырылған болуы және сақталған ақпараттың мазмұнын көрсетуі керек.
Арифметикалық операцияларды, пробелды, қатынасты, пунктуацияны (* ? : ; < > + / \) қолдануға болмайды.
Файлдың кеңейтілімі файл атының элементі болып табылмауы да мүмкін. Тек кеңейтілім бойынша операциялық жүйе файлдың типі мен программаны анықтап, оның көмегімен осы файлды өңдеуге болады.
Бұл файл жүйесін мұндай кеңейту енді таңдалған бағдарламаның көмегімен ашылады деген сөз. PC қолайлы қосымша анықтау емес, егер Windows 8 және 10, сіз сондай-ақ «Store» оны табу үшін мүмкіндік бар.
Дербес компьютерде жұмыс істеу кезінде бірнеше стандартты кеңейтілімдер қойылған:
ARJ – архивтік файл;
ВАК – файл көшірмесі;
BAS –Бейсик тіліндегі программа;
ВАТ – пакеттік командалық файл, орындаушы файл;
СОМ – командалық жүйелік файл, орындаушы файл;
DOC – текстік құжаттың файлы, мысалы Microsoft Word;
EXE – орындаушы файл;
HLP – анықтамалық ақпаратқа арналған файл;
PAS –Паскаль тіліндегі программа;
RAR – архивтік файл;
SYS – операциялық жүйенің мүмкіндігін кеңейтетін файл, мысалы драйверлер;
TMP – уақытша файл;
ТXT – текстік файл;
ZIP – архивтікй файл және т.б..
Достарыңызбен бөлісу: |