Реферат Пәні: Экономикалық информатика және ақпараттық технологиялар



бет3/6
Дата06.12.2022
өлшемі38,13 Kb.
#55461
түріРеферат
1   2   3   4   5   6

ФАЙЛ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


Жол – бұл «\» символмен бөлінген каталог атауы немесе «..» символының жиынтығы. Бұл жол дискінің ағымды каталогынан немесе түпкі каталогынан керек файл сақталған каталогқа маршрут береді. Егер жол «\» символынан басталса, онда маршрут дискінің түпкі каталогынан басталады, әйтпесе ағымды каталогтан.
Файлдың толық атауы мына түрде беріледі ([ ] жақшалармен қажет емес элементтер белгіленеді):
[дисковод:] [жол\]файл-атауы
яғни файл сақталған каталогқа жол және «\» символымен бөлінген файл аттарынан тұрады.
Файлдардың толық аттарына мысал:

С:\DOS\RAB\PROG1.exe

— prog1.exe файлы қатты дискіде (C: бөлігі) DOS каталогына кіретін RAB подкаталогында жазылған

D:\DOKUMENT\tablica.txt

— tablica.txt файлы қатты дискіде (D: бөлігі) DOKUMENT каталогында сақталған

A:\file1.txt

— file1.txt файлы осы уақытта сәйкес құрылғыда орналасқан дискеттің түпкі каталогында

Файл атрибуттары


Атрибуттар – файл құрамын анықтайтын қосымша параметрлер. Операциялық жүйе оларды бақылауға және өзгертуге мүмкіндік береді.
Негізгі атрибуттар төртеу:

  • тек оқуға арналған – R (Read only)

    • Тек қана оқуға арналған атрибут файлмен жұмыс істеу мүмкіндігін шектейді. Мұнда файлды жаңарту немесе жою кезінде жүйелік әдістермен қате іс-әрекет жасалғаны туралы шығады. Файл атрибуты кездейсоқ өзгертулер немесе жоюдан файлды қорғау үшін орнатылған.

    • жасырын – Н (Hidden)

    • Жасырын атрибуты фалдық операциялар жүргізу кезінде экранға берілген файлды көрсетпеу керектігі туралы операциялық жүйеге сигнал береді. Бұл шара файлдың кездейсоқ бүлінуіне қарсы іс-әрекет.

    • жүйелік – S (System)

    • Жүйелік атрибутымен операциялық жүйенің жұмысында маңызды функциялары бар файлдар белгіленеді. Оның ерекшелігі, операциялық жүйе мүмкіндіктерімен оны өзгертуге болмайды. Жүйелік атрибуты қойылған көптеген файлдарда Жасырын атрибуты қойылған файлдар да бар.

    • архивтік – A (Archive)

    • Архивтік атрибуттар резервті көшіру программаларының жұмысы үшін пайдаланылған. Файлды өзгертетін кез келген программа осы атрибутты автоматты түрде қою керек, ал резервті көшіру әдісі оны қабылдамайды деп есептелінген. Демек, келесі резервті көшіруге атрибуты орнатылған файлдар ғана жатты

Осы атрибуттардың әрқайсысы орнатылуы немесе орнатылмауы мүмкін.
Файлдарды архивтеуден басқа келесі іс-әрекеттерді жүргізуге болады:

  • құру

  • жою

  • атын өзгерту

  • бір каталогтан екінші каталогқа көшіру

  • файл атымен дискіден және ондағы символдар жолынан табу (Norton Utilities-тен filefind программасы)

  • егер файл байқаусыздан жойылса (Norton Utilities-тен unerase программасы), онда кейбір жағдайдарда қалпына келтіруге болады

Бұл әрекеттерді жеке файлдармен және файл топтарымен орындауға болады.
Файлдар мен каталогтарды (бумаларды) көшіру, тасымалдау және жою
Графиктік емесе операциялық жүйелерде файлдарды көшіру және тасымалдау операциялары командалық жол өрісінде нақты команданы енгізумен орындалады. Осы кезде команда аты, каталогқа кіру жолы көрсетіледі.

Графиктік операциялық жүйелерде осы командаларды орындауға мүмкіндік беретін позиция құрылғысымен жұмыс істеу әдістері бар.


Мәліметтерді жоюдың екі режимі бар: жою, қалпына келтірмейтіндей жою.
Файлдарды жою уақытша болып табылады. Windows 9S және Windows 98 операциялық жүйелерінде Қоржын деп аталатын арнайы бума көмегімен ұйымдастырылған. Файлдар мен бумаларды жою кезінде олар Қоржынға тасымалданады. Бұл операция операциялық жүйенің файлдық құрылымы деңгейінде жүреді. Қатты дискінің файлдық жүйесі деңгейінде файлдар қай жерде жазылса, сол секторларды қалады.
Қалпына келтірмейтіндей жою оларды MS-DOS операциялық жүйесіндежою кезінде немесе Windows 95/98 операциялық жүйелерінде Қоржынды тазалау кезінде жүреді. Бұл жағдайда операциялық жүйенің файлдық құрылымынан файл түгелдей жойылады, бірақ дискінің файлдық жүйе деңгейінде тек біршама өзгерістер ғана болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет