Реферат пәні: «Жалпы тіл білімі» Тақырыбы: «Тіл білімі және оның қазіргі жай күйі»



бет2/9
Дата09.06.2022
өлшемі35,83 Kb.
#36574
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3
ІІ. Негізгі бөлім

Тілдің адам өміріндегі маңызын өлшеп біту мүмкін емес, тіл - адамның мықты қаруының бірі, баға жетпес құралы. Қазіргі таңда жер шарында жеті мыңға жуық тіл бар деп есептеледі. Тілдің нақты санын атау мүмкін еместігінің де өзіндік себептері бар. Әрбір тілдің өзіне тэн ерекшеліктерімен қоса, барлық тілдерді біріктіретін ортақ белгілері де жоқ емес, сондықтан жалпы адамзат тілі жайлы, жалпы тілдік қүбылыстар туралы, тілдің мэн-маңызы, қызметі, рөлі, қоғамдық, жүйелік сипаттары жөнінде жан-жақты ақпар беретін, бастауын ертеден алатын тіл білімі ғылымының студенттер үшін берері мол ғылым екендігі сөзсіз.


Тіл білімі немесе лингвистика – тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл - қоғамдағы адамдардың өз ара пікір алысу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы. Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикакалық құрылысы болады. Тілдің осы аталған әр түрлі жақтары тіл білімінің тиісті салаларында, мысалы, тілдің дыбыс жүйесі тіл білімінің фонетика саласындақарастырылса, сөздік құрамы лексикология саласында, грамматикалық құрылысы грамматика саласында қарастырылады. Тіл білімінің осы аталған салаларының әрқайсысы өз ішінде бірнеше салаға немесе бөлімге бөлінеді.
Бүтіндей тіл және оның әр түрлі салалары даму, біртіндеп жетілу күйінде болады. Тілдің әртүрлі салаларының даму сипаты мен қарқыны түрліше болуы мүмкін. Тіл білімі (немесе лингвистика) тілдің әр түрлі жақтары мен салаларын, олардың дамуын, өз ара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдарын зерттейді. Тілдің әр түрлі жақтары (дыбыс жүйесі мен сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы) бір-бірімен өз ара тығыз байланысты болатыны сияқты, тіл білімінің оларды (тілдің әр түрлі жақтары) зертейтін салаларыда (фонетика мен лексикология және грамматика) бір-бірімен өз ара тығыз байланыста болады. Тілді белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпы тұрғысынан қарастырып, сипаттама беретін тіл білімі бар да, тілді шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан зерттейтін тіл білімі бар. Алдыңғысы сипаттама тіл білімі немесе синхрониялық лингвистика, соңғысы тарихи тіл білімі немесе диахрониялық лингвистика деп аталады. Жеке бір тілдің жүйесі мен құрылысын және оның даму заңдарын зерттеп айқындайтын жеке тіл білімі бар да (мысалы: қазақ тіл білімі, ағылшын тіл білімі және т.б ), ғылым ретіндегі тіл білімінің теориясы болып саналатын жалпы тіл білімі бар. Жалпы тіл білімі – нақты бір тіл туралы немесе оның дамуының заңдары туралы емес, қатынас құралы ретінде қаралатын адам баласы тілінің дамуының жалпы заңдары туралы ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет