Қортынды Фольклордың халықтығы. Кез келген фолъклор үлгілері — нақты бір халықтың
ортақ рухани-мәдени мұрасы. Олар сол халықтың көркем ойлау ерекшеліктерін —
эстетикалык және тарихи талап-талғамдарын аңғартады.
Авторсыздығы (анонимдігі). Фольклор үлгілері бүтін бір этникалық топ, ел, халық
өндеуінен өткен ұжымдық шығармалар болып саналады.
Көпнұсқалығы (варианттылығы), яғни ел арасында кең тараған бір шығарманың
бірнеше нұсқаларының қатар өмір сүруі.
Дәстүрлілігі. Фольклор шығармаларының өмір сүретін ортасы — дәстүр. Музыкалық
дәстүр жоқ жерде фольклор үлгілері де болмақ емес.
Ауызекілігі. Фольклор өте ерте замандарда туып, жазба мәдениеттен көп бұрын
қалыптасқан мәдени құбылыс. Олар ауыздан-ауызға, атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпақка
беріліп отырған. Осы ерекшелігіне орай ол заманның адамдарының есте сақтау қабілеті
айрықша дамыған.
Фольклор шығармалары бірде прозалық, бірде поэзиялық жанр ретінде қалыптасқан.
Олардың
өздеріне
ғана
тән
көркемдік
ерекшеліктері
болады.
Олар
мотив, сюжеттік деңгейде айқындалады. Фольклор туындыларың қатарында синкреттік
сипаты басым,міндетті түрде музыкалық әуен-мақаммен айтылатын жанрлар да бар.
Олардың табиғаты осы тұтастықта ғана қарастырылуы шарт.
Тарихилығы. Музыкалык фольклор үлгілерінің көркемдік-поэтикалық ерекшеліктерімен
қатар тарихилығы да айкын. Ол екі түрлі деңгейде:
а) көркем шығармалардың (ән-күй) музыкалық тілінің қалыптасу кезеңдеріне,
ә) тарихи тақырыптарға құрылған шығармалар ретінде көрінуі мүмкін. Фольклордың бұл
ерекшеліктері ғылымдағы тарихилық принципі негізінде танылады.
Музыкалық фольклор — қатынас, байланыс құралы. Мұны халық ән-күйлеріне бірдей
айтуға болады. Күй жанрының жіктеліп шығуын да осы музыкалық коммуникация
жүйесінен іздеген ләзім. Олардың барлығы өз заманының тарихи оқиғаларын музыкалық-
хабарламалық негізде жеткізіп отырған.Фольклор — кең ауқымды ұғым. Ол миф, аңыз,
әпсана, эпос, музыка, би, сурет, сәулет, археология, т.б. салаларды қамтиды. Осы
сипатына орай фольклорды мусикалық және пластикалық деп тағы бөлеміз. Мұның біріне
уақыт пен кеңістік шеңберінде ғана өмір сүретін(орындалатын) ән-әуен, би үлгілері жатса,
екіншісін заттық-материалдық (археологиялық) мәліметтер кұрайды.
Қазақ халқының музыкалық фольклоры ғылымда әр түрлі аталып келеді. Бірде халық
шығармашылығы, бірде халық поэзиясы, бірде халық музыкасы, т.б. болып жүр. Бірак,
жеке алғанда, олардың бірде-бірі фольклор үғымын, оның синкреттік сипатын толық
қамти алмайды. Фольклор — көпсалалы синкреттік құбылыс. Сонымен, ғылымда халық
мұрасын — фольклор, оны зерттейтін ғылымды фольклортану деп атаймыз. Ал
музыкалық фольклор жалпы фольклортану курсынан тармақталатын, көбіне оның
эстетикалық және этникалық табиғатынан туындайтын жеке бір сала.