«Реферат» Пәннің атауы: Ұлы дала фольклоры Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата12.12.2022
өлшемі417,33 Kb.
#56705
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
реферат

Фольклор - ұлт қазынасы 
Қазақ фольклоры – ұлт қазынасы. Оның ұзақ тарихын баяндамастан бұрын
фольклордың мәні мен мағынасын ашып, оның теориялық мәселелерін сөз етіп алған жөн 
сияқты. Алдымен «фольклор» деген не, оның статусы қандай, теориялық негіздері мен 
жанрлық табиғаты қалай әрі неден көрінеді деген проблемаларды қарастырып, олардың 
фольклор қалайша және қандай жолдармен қарапайымдықтан көркем сөз өнеріне көтеріліп, 
бүгінгі заманға жеткен классикалық түріне айналуындағы рөлін көрсету - бұл еңбектің 
басты мақсаты. Аса көңіл бөліп айтатын нәрсе: бұл монография - оқулық емес. Егер 
оқулыққа қойылатын талап - ғылымда қабылданған, тұрақты қағидаға айналған 
тұжырымдар берілуі керек болса, мұнда фольклортанудың әрқилы мәселелері жаңадан 
жазылған зерттеулердің нәтижесін пайдалана отырып, өзіндік ізденістер мен талдауларға 
негізделген соны пікірлер ұсынылады, қазақ фольклоры жалпы адамзаттық руханияттың 
даму заңдылықтары аясында қарастырылып, оның ежелгі түр-сипаты басқа құрлықтардағы 
ХХ ғасырға дейін көне рулық-тайпалық салтта өмір сүрген жұрттардың рухани 
мәдениетімен тарихи-стадиялық әрі тарихи-типологиялық әдістермен салыстыру арқылы 
анықталады. 
Бұл еңбекте жанрлардың зерттелу тарихы баяндалмайды, оған жеке зерттеу жұмысын 
арнау керек. Кітаптың мақсаты - ұлттық фольклорымыздың даму жолдарын көрсету, оның 
жекелеген жанрларының туу, қалыптасу, өркендеп-өзгеру үдерістерін айқындау. Әрине, 
бұл жерде белгілі дәрежеде шарттылық болатыны күмәнсіз, өйткені қай жанрдың болса да 
пайда болған мезгілін дәл осы уақыт деп кесіп айту қиын. Сондықтан бір жанр бір дәуірде 
қарастырылса, ол нақ сол кезеңде туған деп түсінбеу керек, себебі ол жанрдың бастауы 
бұрыныраққа барады, ал қалыптасуы, немесе өркендеуі сол қарастырылып отырған шаққа 
дөп келеді. Айталық, «Қазақ хандығы тұсындағы фольклор» құрамында қаралатын кейбір 
жанрлар тап сол заманда тумаған, олар ертеректе пайда болып, хандық кезінде өркендеп, 
көркем фольклорға айналған. Сол сияқты «Жаңа дәуірдің» де біраз жанры өз бастауын орта 
ғасырда алып, көркемделіп дамуын ХVІІІ-ХІХ жүзжылдықтарда басынан кешірген. 
Сонымен бірге бұл дәуірде жаңа жанрлар мен шығармалар да өмірге келіп отырған. Ал, ХХ 
ғасырдағы фольклор туралы сөз болғанда жаңадан пайда болғандармен қатар бұрынғы 
жанрлардың өзгергені, жаңа сипатқа ие болғаны айтылады.Тағы бір ескертетін нәрсе: 
еңбектің құрылымында бірізділік сақталмағандай көрінуі мүмкін. Оның себебі үлкен 
жанрларға жалпы сипаттама беріледі де, олардың ішкі шағын жанрлық түрлері жеке 
тараушаларға бөлінеді. Мәселен, дастан жанрын сөз еткенде оған жалпы сипаттама беріліп, 
ал ішкі шағын түрлері «діни дастандар», «хикаялық дастандар», «ғашықтық дастандар» деп 


бөліне, жеке қарастырылады. Басқа да үлкен жанрларға осы шарт қолданылды. Және үлкен 
жанрларға жататын кейбір шығармалар жеке талданды, ондағы мақсат - фольклордың сөз 
өнеріне айналғанын, оның өнерлік қасиеттерін көрсету болды. 
Соңғы зерттеулерге келсек, Қазақ әдебиеті тарихына арналғкан 10 томдықтың 1 
томындағы ұжымдық монографияның жазылуы барысында жаңа зерттеулермен қатар 
ертеректе жазылған белгілі ғалымдар З.Ахметов, Б.Уахатов, Д.Шалабеков еңбектері де 
ықшамдалып пайдаланылды. Мұның себебі, біріншіден, олардың жұмыстарында әлі күнге 
құнды тұжырымдардың болуы, екіншіден, ғылымда әрқашан жалғастық болатындығы. 
Әрине, кітаптағы айтылған кейбір ойлар мен пікірлер, тұжырымдар даулы болуы да мүмкін, 
кей тұстары күмән тудыруы да ықтимал. Бұлай болуы орынды, себебі қазақ фольклоры нақ 
осы тұрғыда зерттеліп көрген емес және ешбір елде фольклор тарихы арнайы түрде 
бұлайша жүйелі сипатта әлі күнге дейін зерделенген жоқ. Егер ғалымдар мен мамандар 
тарапынан ескертпелер, тілектер айтылып жатса, авторлық ұжым оған түсіністікпен қарап, 
ризашылығын білдіреді делінген. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет