S1 = S2 = S3 = S4 = S5 = S6 = S7 Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе,ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
S1 < S2 < S3 < S4 < S5 < S6 < S7 Дене кез-келген тең уақыт аралықтарында ұзындығы бірдей жол жүрсе,ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.
Қозғалыстардың бір-бірінен айырмашылығы болады, өйткені әр түрлі дене бірдей уақыт аралығында түрліше жол жүруі мүмкін. Қозғалыстардың осындай өзгерісін біз жылдамдық деген ұғым енгізуарқылы сипаттаймыз.
Жылдамдық деп орын ауыстыру векторының уақыт бойынша алынған туындысына тең және траекторияға берілген нүктеде жүргізілген жанамамен бағыттас векторды айтады. Векторлық шама [м/с]. Жиі кездесетін жылдамдықтың өлшем бірлігі - км/сағ. 1 м/с = 3,6 км/сағ. Жылдамдықты өлшейтін аспап спидометр.
Дененің бірқалыпты қозғалысының жылдамдығы белгілі болса, сол арқылы дененің белгілі бір уақыт ішінде жүрген жолын анықтауға болады:
Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралығына бөлу керек:
10
Дененің бірқалыпты қозғалысының жылдамдығы мен жүрген жолы белгілі болса,сол қозғалысқа кеткен уақытты табуға болады:
Қисық сызықты қозғалыс Дененің қисық сызықты трактория бойымен қозғалысы қисықсызықты қозғалыс деп аталады. Дененің қисықсызықты траекторияның кез келеген нүктесіндегі қозғалыс жылдамдығы траекторияның осы нүктесіне жүргізілген жанаманың бойымен бағытталады. Нүктеің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сипаттау үшін айналу периоды және айналу жиілігі деп аталатын шамалар енгізіледі.
Айналу периоды секундпен өлшенеді. Айналу жиілігі Гц-пен өлшенеді Бұрыштық жылдамдық деп дененің бұрылу бұрышының 10-сынып физикасы осы бұрылуға кеткен уақытқа қатынасымен өлшенетін шаманы айтады.
Үдеу-жылдамдықтың өзгеруінің өлшемі. Егер түзу сызықты қозғалыс жылдамдығы тұрақты болса, онда үдеу нөлге тең болады. Қисық сызықты қозғалыс үшін жылдамдық әрқашан өзгереді. Жылдамдық векторының модулі тұрақты болып қалуы мүмкін, бірақ вектор әрдайым траекторияға жанама бағытта бағытталғандықтан және ол түзу сызық емес болғандықтан, бұл вектордың бағыты үнемі өзгеріп отырады. Егер жылдамдық векторы үнемі өзгеріп отырса (модуль бойынша емес, тек бағыт бойынша), онда мұндай қозғалыста үдеу әрдайым болады. Егер жылдамдық пен үдеу векторларының бағыты бір сәтте бірдей болса, келесі сәтте жылдамдық тек модулін өзгертеді,
11
оның бағыты өзгеріссіз қалады, траектория түзу сызыққа айналады, қозғалыс түзу болады.