4. Спортшының жұмыс қабілеттілігінің жоғарылауы кезіндегі кері байланыстың қуат жұмсалуын үнемдеу. Бұлшық еттерден келетін импульстердің нәтижесінде орталық жүйке жүйесінде тежелу дамиды. Бұлшық еттерде жиналған өнім алмасуы осмостық қысымды көтеріп, қан плазмасының шығуына мүмкіндік жасайды. Бұл тер бөлінумен бірге қанның қолданылуына әкеп соғады. Жұмыс қабілеттілігінің төмендеуін оттегін тасымалдау, жүрек-тамыр және т.б. өзгеруінен ферментті жүйелердің белсенділігі төмендеп, алмасу процестері бұзылады.
Үлкен қуат аймағында жұмыс қарқыны 3-5 мин-тен 20-30 мин-ке дейін созылады. 3,5,10 км жүгіру, 1000-1500 м жүзу, 5-10 км шаңғы, коньки және 10-20 км велосипед тебу. Энергияның пайда болуының 70-80%-і аэробты жолмен өтеді де, қалғандары АТФ пен КФ және гликолиздің ыдырауының салдарынан болады. Оттегінің қарызы 12л қанның құрамында эритроциттер, лейкоциттер және гемоглобин көбейеді. Жүректің соғу жиілігі 3-4 мин-де 180-200 соғ\мин-ке жетіп, жұмыстың соңына дейін осы деңгейде сақталады.
Стандартты жаттығулар сапалы жасалған жұмыспен сипатталады: Бұлар – акробатика, суға секіру, мәнерлеп сырғанау, көркемдік және спорттық гимнастикалар. Атаулы спорт түрлерімен шұғылданатын спортшылардың көру тепе-теңдік және кинестатикалық анализаторларына ауыртпалық түседі. Энергияның жұмсалуы АТФ және КФ есебінен жүріп, жұмыс динамикалық айналымда атқарылады.
Стандартсыз жаттығуларға спорттың жекелей түрлері \бокс, күрес, семсерлесу\ және спорт ойындары \волейбол, баскетбол, футбол, хоккей\ т.б. қозғалыстар, кростар \марфон, шаңғы тебу\ жатады. Қозғалыстың күрделілігі жағдайдың өзгеруі мен уақыттың жетіспеуіне байланысты өтеді. Қимыл әрекеттерінің ылғи өзгеріп тұруы сезім мүшелері мен ми сыңарлары қабықшасын шаршауға соқтырады.
3. Бұлшық ет қызметіне, қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына бейімделу және ағзаның қызметтік қорлары.
1.Қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларға бейімделу туралы түсінік. Ұзақ бейімделудің түрлері. Бейімделудің жеке түрлері. Ұзақ бейімделу және құрылымды жүйелі іздің қалыптасуы. Бейімделу дегеніміз – ішкі және сыртқы факторларға ағза реакциясының қалыптасуы немесе жауап беруі.
Стандартты ұзақ жұмыстың орындалуы кезінде жүрек-тамыр жүйесі әрекетінің өлшемдерінде біртіндемелі өзгерістер жүреді. Оның ішіндегі негізгілері мыналар: 1\ Жүректің соғу жиілігінің қанның минөттік көлемінің өзгеруінсіз біртіндеп және үздіксіз жоғарылауы; 2\ Жүректің соғу көлемінің үздіксіз кемуі; 3\ Қан қысымының прогрессивті құлдырауы. Бұдан басқа, біртіндеп оттегінің қолданылуы және оттегі бойынша салыстырмалы – көктамырлық айырмашылық ұлғаяды. Жұмыстың алғашқы минөттерінде айналымдағы қанның көлемі 5-10%-ке кемиді, бірақ ұзақ жұмыстың басқа уақытында ол өзгермейді. Бұдан шығатын, ұзақ уақыт жұмыс бойғы негізгі өзгерістер айналымдағы қан көлемінің кемуіне қатыссыз жүреді.
Ортаның жоғары температурасы жағдайында ұзақ жеңіл жұмыс жүрек соғу жиілігінің жоғарылауына және жүректің соғу минөттік көлемінің екі-үш л мин-қа біртіндеп ұлғаюымен жүреді. Тыныштық күйде адамның ыстық ортада болуы тері қан – ағымын 7,8 л мин\ке дейін барынша жоғарылата алады. Тері тамырлы аймағының соншалықты үлкен сыйымдылығын ескерсек, ортаның жоғары температурасы жағдайында тері аймағының сәйкес вазоконстрикциясы жүретіндігі анық.
Бейімделу кезеңі тұсында жүректің соғу жиілігіндегі және тері температурасы арасындағы өзгерістер тығыз байланыста болады: дене температурасының күннен-күнге біртіндеп төмендеуі жүректің соғу жиілігінің төмендеуімен және жүректің соғу көлемінің ұлғаюымен жүреді.
Қоршаған ортаның жоғары температурасы жағдайында жұмыс кезіндегі жүрек-тамыр жүйесі әрекетіндегі біршама айқын өзгерістер жұмыс істеп тұрған бұлшық еттерден келетін рефлекторлы әсерлердің және термореттегішті рефлекторлы әсерлердің жинағын көрсетеді. Бұдан басқа, қоршаған ортаның жоғары температурасы жағдайындағы жұмыс кезінде салатамырлық қысымның төмендеуі барорефлекстердің қосымша әсерлерін тудыру мүмкін.
2. Ағзаның қызметтік қорлары және олардың жіктелуі. Дене жүктемелеріне жедел және ұзақ уақыт бейімделуі және ағзаның қызметтік қорларының іске қосылуы. Ағза резервтері – ағзаның жетілуімен өсіп, қартайған кезде төмендейді. Олар спорттық жаттығу процесінде артады.
Адам денсаулығын нығайту үшін, қызметтің барлық түрінің өнімділігін арттырып, соның ішінде спорттық нәтижелердің деңгейін көтеру үшін, ағзаның потенциалды мүмкіншілігін білу қажет. Физикалық жаттығулар физиологиясының маңызды міндеті ағза физиологиясын терең үйреніп, адам игілігіне пайдалану болып табылады.
Физиологиялық резервтерді қосу ішкі секреция бездері қызметінің шартсыз және шартты рефлекстер механизмдерінің белсегділігімен өтеді. Спорттық жаттығу процесінде нейрогуморальді механизмдер жүйесінің физиологиялық резервтерінің қосылуы қалыптасады. Бұл кезде олардың жұмылдырылуы баяу өтеді. Физиологиялық резервтердің механизмін жедел жұмылдырғанда, олардың қосылуы сезім – билеу болып саналады. Төзімділіктің көп механизмдерінің көмегімен артуы мүмкін. Оны құрайтын физиологиялық резервтер: 1\ гомеостатикалық жүйе қуатының шегі; 2\ ағзадағы энергетикалық заттардың қоры және оны пайдалану мүмкіндіктері; 3\ ағзаның аэробты және анаэробты қуаттылығының өрісі; 4\ ішкі секреция бездері қызметі деңгейінің өрісі.
Физиологиялық резервтер жалпы және арнайы болып екіге бөлінеді. Алғашқысы физикалық сапа қызметінің барлық түрлері арқылы өтеді. Екіншісі – арнайы дағдылану арқылы \спорттың түріне байланысты\ өтетін төзімділік пен шапшаңдық және күш.
3. Бейімделудің негізгі қызметті тиімділігі, үнемдеп іске қосу, қорлардың мүмкіндіктерін жоғарылату, қалпына келтіру, тұрақтылық, қызметтердің сенімділігі. Бейімделу өзгерістерінің қайтымдылығы. Бейімделу кезеңі тұсында жүректің соғу жиілігіндегі және тері температурасы арасындағы өзгерістер тығыз байланыста болады: дене температурасының күннен-күнге біртіндеп төмендеуі жүректің соғу жиілігінің төмендеуімен және жүректің соғу көлемінің ұлғаюымен жүреді.
Қоршаған ортаның жоғары температурасы жағдайында жұмыс кезіндегі жүрек-тамыр жүйесі әрекетіндегі біршама айқын өзгерістер жұмыс істеп тұрған бұлшық еттерден келетін рефлекторлы әсерлердің және термореттегішті рефлекторлы әсерлердің жинағын көрсетеді. Бұдан басқа, қоршаған ортаның жоғары температурасы жағдайындағы жұмыс кезінде салатамырлық қысымның төмендеуі барорефлекстердің қосымша әсерлерін тудыру мүмкін.