Реферат та қырыбы : Ұ лы Дала Алтын Ордалық кезеңдері XVI-XV


Қазақстан Алтын Орда құрамында



бет3/4
Дата15.11.2023
өлшемі343,64 Kb.
#123018
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
WORD A (1)

Қазақстан Алтын Орда құрамында
Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі-Алтын Орда. Орталығы алғашында Сарай-Батуда (Еділ бойында) болды, кейін Сарай-Беркеге көшірілді. Батый хан Алтын Орданы құрып, 1227-1255 жылдары мемлекетті басқарған. Мұсылман деректерінде Батый хан әділ адам болғандығы айтылады. Батый хан мұсылмандардың ең жақын қамқоршысы деп есептелген. Орыс жылнамаларында Батый ханның Алтын Орданың экономикалық қуатын арттыруға, қалалық өмірдің жандануына ерекше көңіл бөлгендігі айтылған.Алтын орда көп ұлтты мемлекетік құрылым еді.
1236-1242 жылдары Батысқа жасалған жеті жылдық жорықты Батый хан басқарды. Берке хан Монғол империясына тәуелділігін мойындамады, бүкіл монғолдық құрылтайға қатысудан бас тартты. Берке хан Алтын Орданы күшейту мақсатында мұсылман дінін қабылдады. Меңгу-Темір 1271 жылы Египетпен байланысына кедергі болуға тырысқан Византияға қарсы жорыққа шықты. Византия императоры соғыстан бас тартып, бейбіт келісім қабылдады. Бұл келісім Алтын Орданың Жерорта теңізі бойындағы қалалармен сауда саттық қатынасын жақсартты. Тохты хан Алтын Орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің көтерілуіне зор үлес қосты. Ол Иран, Кавказ елдерімен сауда байланысын жандандырды. Египетпен тығыз қатынаста болды. Алтын Орданың гүлденген кезі Өзбек хан мен баласы Жәнібек ханның билігі тұсында болды. Өзбек хан қалалық өмірдің дамуына қатты көңіл бөлген. Оның билігі кезінде мұсылман діні мемлекеттік дін болып жарияланды.
14 ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда ішінде алауыздық күшейді. Жошы ханның екінші бір ұрпағы Тоқтамыс Әмір Темірдің көмегімен Алтын Орданың билігін алды. Әмір Темір Алтын Ордаға шабуылдап, мемлекетті бас көтере алмастай етіп тұралатты. 15 ғасырдың ортасында Алтын Орда бірнеше хандықтарға бөлініп кетті.
Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын ұйғыр жазуымен жүргізді. Азаматтық басқару билігі түрік әулетінен шыққан “мәлік” деп аталатын жергілікті әкімдер арқылы жүзеге асырылды. Алтын Ордада басқару жүйесінде басқақтар маңызды орын алды. Олар басқару қызметімен қатар, жергілікті халыққа әскери бақылау жүргізді. Даруғалар салық жинаумен шұғылданды. Әскери істі беклербек басқарған. Азаматтық билік уәзірлердің қолында болған. 14 ғасырда Алтын Орда мұсылмандық мемлекетке айнала бастаған.
Алтын Ордада атқарушы орган-диуанның басында уәзір болды. Атқарушы өкіметтің орталық органы-диуанның құрамында қаржы ,салық болды.
Алтын Орданың алғашқы астанасы Бату ханзада XIII ғасырдың 50-жылдарының басында Еділдің теменгі саласы Ақтұба өзенінің сол жағалауына салдырған Сарай (парсы тілінен) қаласы болды. XIV ғасырдың 30-жылдарының басында Сарай әл-Жадид (Жаңа Сарай) салынып, Алтын Орда мемлекетінің астанасы сонда көшірілді (1395 жылы Әмір Темір әскері қиратқан бұл қаланың қалдығын Ресейдің Волгоград облысына қарайтын Царев селосы маңынан табуға болады). Әйтсе де Сарай да, Сарай әл-Жадид те Алтын Орда хандарының тұрақты ордасы бола алған жоқ. Алтын Орданың тұңғыш билеушілері Бату мен оның інісі Беркеден бері қарай екі резиденциялы жүйе қалыптасқан болатын; Сарай қаласы (кейіннен Сарай әл-Жадид) қала тірлігі мен сауда орталығы болып қала берді де, елдің саяси өмірінің орталығы — ханның көшпелі резиденциясы, елдің тіршілік-мүддесі, билік-жарлық, қысқасы мемлекет ісінің барша басқару жүйесі орналасқан хан ордасы болып саналды.
Бұл жағдай XV ғасырда Алтын Орда түгел ыдырағанға дейін сақталып келді. Алтын Орда жайында өзінің «1394-1427 жылдар аралығындағы Еуропа, Азия, Африкаға саяхатында» Иоганн Шильтбергер былай деп жазады: «Мен сондай-ақ Ұлы Татар (Жошы ұлысын ол осылай атаған. — Т.С.) жерінде де болдым. Бұл елдің королі мен шонжарлары қысы-жазы қатын бала-шағасымен, мал-мүлкімен көшіп жүреді, отарларын айдап, басқа да қазына-мүлкін артып алып, осынау теп-тегіс жазық елде бір жайылымнан екінші жайылымға қарай жылжиды да отырады»,
Басқа кез келген мемлекеттің тарихындағы сияқты, Алтын Орданың тарихында да әр түрлі аумалы-текпелі бұлғақ кезеңдер, жұрт берекесі кеткен дәуірлер болған. Жошы ұлысы монғолдарының өздерінің арасындағы ішкі талас-тартыстар сонау XIII ғасырдың аяғында-ақ басталған болатын. XIV ғасыр басында сәл-пәл толас алды да, 1312 жылы Тоқтай хан өлген соң ол талас-тартыс қайта күшейе түсті. Өлген ханның өсиеті бойынша оның тағына өз ұлы Елбасар отыруға тиісті еді. Бірақ билік басындағы би-сұлтандардың көпшілігі бірауыздан Өзбек ханзаданы хан етпек болды да, ақыры Елбасардың жақтастарын құрта отырып, соны таққа отырғызды.
Өзбек ханның замандастары мұсылман авторлары жазбаларында оның сырт көркі келісті, мінезі жайсаң, жаужүрек қайсарлығымен көзге түскен, алысты болжайтын көреген, Шыңғыс ханның заңдары мен жарғыларына (йаса ва йусун) ізетпен қарайтын әмірші деп сипаттайды. Өзбек хан монғол жене түркі тілдерін білген.
Өзбек хан билеген (1313-1341) кезеңде Алтын Орда мемлекетінің өмірінде елеулі өзгерістер болады. Бәрін тәптіштеп тізіп жатпай-ақ, бұл жерде оларға себепші болған үш жағдайға ғана тоқтала кетпекпін.
1321 жылы Өзбек хан ислам дінін қабылдап, мұсылманша Мұхаммед деген ат алды да, Сұлтан Мұхаммед Өзбек хан атына ие болып, ислам дінін Алтын Орда мемлекетінің ресми діні етті.
Өзбек хан билік құрған кезеңдегі 1335 жылғы Алтын Орда оқиғаларын суреттеген мұсылман авторларының жазбаларында өзбекий-ан (өзбектік, өзбектіктер) сөзі мен мемлекети өзбек (өзбектіктер мемлекеті) сияқты сөз тіркесі алғаш рет қолданыла бастады. Бірте-бірте Алтын Орданың мұсылман әміршісі Өзбек хан есімі Жошы ұлысының әр түрлі тайпалы тұрғындарының жинақтама атына айнала бастады.
Өзбек хан билеген уақытта хандық билік күшейе түсті, саяси орталықтану жолға койылып, жаңа қалалар, оның ішінде Алтын Орда мемлекетінің екінші астанасы болған Сарай әл-Жадид салынды. Мұсылман-сүннет Өзбек ханның өзі де сол 1395 жылы Әмір Темір (Орта Азияны 1370-1405 жылдары билеген) әскері тас-талқан етіп қиратқан Сарай әл-Жадид қаласында жерленеді.
Алтын Ордадағы хан билігі Өзбек ханның ұлы Жәнібек хан билеген (1342-1357) тұста да әжептәуір күшті болды. Жәнібектен кейін таққа оның ұлы Бердібек отырып, 1357-1359 жылдары билік жүргізді. Ол барып тұрған қорқау, билікқұмар болды. 1413 жылы жазылған «Мунтахаб ат-тауарих-и Муини» мен 1426 жылы жазылған «Муизз ал-ансаб» авторларының айтуынша, өзі билік құрған кезде Бердібек таққа таласар деген қауппен өзінің ет жақын туыстары, Жошы ұлысының өзімен кіндіктес ханзадаларының көпшілігінің көзін жояды. Бір әңгімеде Тайдула ханша Бердібекпен емшектес сегіз айлық баласын көтеріп келіп, осы бір кінәсіз сәбидің жанын қиюды жалына сұрағанда жауыз Бердібек баланы оның қолынан жұлып алып, міз бақпастан жерге бір ұрып өлтіргендігі жайында айтылады.Сұлтандар (XIV ғасырдан бастап Жошы ұлысы мен Шағатай ұлысында Шыңғыс ханнан тараған әулеттің әрбір мүшесі сұлтан атала бастады) тұқымын тұздай құрту саясатының ақырында 1359 жылы Жошының тікелей Бату ханнан тараған бір бұтағы біржола құрып бітеді. Бұл 1255 жылы өлген Батудан соң жүз жыл ішінде болған жағдай.Алтын Орда ішінде бұлғақ пен сарай төңкерістері кезеңі басталады. XIV ғасырдың 60-70-жылдарында Жошы ұрпағы билікті бірінің қолынан бірі тартып алып, өзара қырқыс барысында біреуі жарты жыл, біреуі бір жыл, екі жыл, ең ұзақ билегені үш жылға жетпей биліктен тайдырылып отырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет