Реферат Тақырыбы : А. С. Макаренко және А. Байтұрсынұлының педагогика ғылымына қосқан үлестері Мамандығы: 6В013013- бб-акт



бет2/2
Дата26.11.2023
өлшемі25,92 Kb.
#128213
түріРеферат
1   2
Байланысты:
Ақыл-ой тәрбиесі (1) (1) (1) (1)

Бірінші кезең – ұжымның қалыптасуы (алғашқы ұйымдасудың сатысы). Бұл кезеңде ұжым ең алдымен педагогтың тәрбиелік ықпалдарының мақсаты ретінде қызмет атқарады, ұйымдасқан топты ұжымға айналдыру, демек, әлеуметтік-психологиялық қоғамдастық, онда оқушылардың қарым-қатынасы олардың бірлескен қызметінің мазмұнымен, оның мақсаттарымен, міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады.Ұжымды ұйымдастырушы – педагог, одан барлық талаптар тарайды. Бірінші саты сол уақытта аяқталған деп есептеледі, егер ұжымда актив қалыптасып, жұмыс істесе, тәрбиеленушілер жалпы мақсаттың, жалпы іс-әрекеттің және жалпы ұйымдастырудың негізінде топтасқан.
Екінші кезеңде активтің ықпалы күшейеді. Актив педагогтың талаптарын тек ғана қолдап қоймайды, сонымен қатар өзі ұжым мүшелеріне талап қояды. Екінші кезеңге тән ерекшелік ұжымның құрылымының тұрақтауы. Ұжым бұл кезеңде тұтас жүйе ретінде жұмыс жасайды, онда өзін-өзі ұйымдастырудың және өзін-өзі реттеудің механизмдері әрекет ете бастайды. Ұжым өз мүшелерінен белгілі мінез-құлық нормаларын талап етуге қабілетті, соған байланысты талаптарының көлемі бірте-бірте ұлғаяды. Сонымен, ұжымның дамуының екінші кезеңінде жеке тұлғаның белгілі сапаларын мақсатты тәрбиелеудің құралы ретінде жұмыс істеді. Бұл кезеңде педагогтың негізгі мақсаты ұжымның мүмкіншіліктерін ұжымның алдындағы міндеттерді шешу үшін барынша пайдалану. Практикалық тұрғыдан ұжым тәрбие субъектісі ретінде өз дамуының белгілі деңгейіне жетеді. Бұл кезеңде ұжымның дамуы қарама-қайшылықтарды жеңумен байланысты: ұжым мен жеке оқушылардың арасында; ұжымның алдағы талаптарының дамуы; жалпы және дара перспективалардың ара-қатынасы;Сондықтан да ұжымның дамуында серпіліс, тоқтау, кері кету болуы мүмкін Үшінші және одан кейінгі кезеңдер ұжымның көркерімен, шарықтауымен сипатталады. Бұл кезеңдерде одан бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда айрықша сапаларымен ерекшеленеді. Бұл кезеңнің даму деңгейін көрсету үшін ұжым мүшелерінің бір-біріне қойылатын талаптарының деңгейі мен сипатын көрсетсек те жеткілікті. Егер ұжым дамудың осы сатысына жеткен болса, онда ол тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастырады. Сондықтан да кейбір педагогтар төртінші және одан кейінгі кезеңдерді қарастырады. Бұл кезеңде әрбір мектеп оқушысы өзіне-өзі белгілі талаптарды қоя алады, адамгершілік нормаларды орындау оның қажеттілігі болып табылады, тәрбие үрдісі өзін-өзі тәрбиелеу үрдісіне ауысады. А.С.Макаренконың педагогикалық және әдеби мұрасынан бұрынғы кеңестер одағында 40 тан астам кандидаттық диссертациялар қорғалды, көптеген монографиялық еңбектер жазылды. Әсіресе, оның педагогикалық мұрасын жан-жақты зерттеуде шәкірттері ерекше роль атқарды.
Атап айтқанда, Н.Э.Фере, В.Н.Терский, С.А.Калабалин, В.И.Клюшник, Ройтенберг және т.б. Қазіргі мектептерде, мектеп-интернаттарда және басқа да оқу-тәрбие мекемелерінде оның идеяларын басшылыққа алып отырады. Оның “Педагогикалық дастаны” көптеген шет тілдерге аударылды. Көп жылдар А.С.Макаренконың беделі берік болды. Бірақ соңғы жылдары жағдай өзгерді. Тәрбиені демократияландыру және ізгіліктендіру үрдістері педагогтарды бұрынғы құндылықтарды қайта бағалауға, қайта пайымдауға итермеледі. А.С.Макаренконың тәрбие жүйесіне сындар айтылып, баламалы көзқарастар пайда болды. Шет елдерде жарық көрген педагогикалық әдебиеттер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарында көрнекті кеңес педагогы А.С.Макаренко, оның ішінде балалар коллективі бағытталған көзқарастар кең өріс алды.
А.С.Макаренконың идеялары,мысалы, Польша мектептерінде 1946 жылдан қолданыла бастады, ал Германия педагогтары А.С.Макаренконың шығармаларын 1962 жылы неміс тілінде 8 томдық етіп баспадан шығарды.
А.С.Макаренко педагогиканың үздік шыққан жаңашыл қайраткері,оның идеяларын меңгеру-педагогикалық ғылымды дамытудың маңызды факторы. Сонымен жаңа өмірге сәйкес прогресшіл педагогтардың мұраларын шығармашылық тұрғыдан пайдалану-тәрбиені дамытудың және оның ғылыми негізін жасаудың басты жолы. Қазіргі жағдайда педагогика ғылымының жетістіктері жан-жақты пайдаланылмайынша, жастарды барлық жағынан бірдей үйлесімді етіп дамыту мүмкін емес. Өйткені, жас ұрпақ халқымыздың мұраттарын сөз жүзінде біліп қоймай, оларды күнделікті істермен тығыз байланыстыра білуі қажет. Міне, осы тұрғыдан педагогика ғылым мен техниканың өскелең дәрежесіне сай тәрбие мен оқытудың ғылыми негізін жасайды.
Педагогика ғылымы философия, социология, психология ғылымдарына сүйеніп, жастарға тәрбие және білім берудің мақсаты мен міндеттерін, мазмұны мен принциптерін, формалары мен әдістерін анықтап жетілдіреді, политехникалық және кәсіптік білім берудің практикасы мен байланысын зерттейді, тәрбиесінде мектептің, үйелменнің және жұртшылықтың рөлі мен бірлігін анықтайды, адамды дамыту мен қалыптастырудағы еңбектің рөлін жан-жақты зерттейді, озат педагогикалық теориялар мен тәжірбиелерді таратып, оларды оқу-тәрбие барысында шығармашылықпен пайдаланудың тиімді жолдарын іздестіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет