12 Дәріс. Қазіргі мектептегі білім беру мазмұны.
11 лекция Содержание образования в современной школе
Мақсаты - білім беру мазмұны ұғымының мәні мен оның жасаудың принциптерін түсіндіру.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Білім беру мазмұны түсінігіне сипаттама.
2. Білім беру мазмұнын қалыптастыру теориялары.
3. Білім беру мазмұнын анықтайтын негізгі құжаттар.
4. Жалпы, политехникалық, кәсіби білім берудің өзара байланысы.
1. Халыққа білім беру ісін жетілдіру – мемлекеттің білім беру саясатының өзекті мәселелерінің бірі.
Білім беру мазмұны – оқыту процесінің компоненттерінің бірі. Білім беру мазмұны - жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, педагогикалық адаптацияланған білім, іскерлік, дағдылардың, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен эмоционалдық-жігерлік қатынас тәжірибесінің жиынтығы немесе жүйесі.
Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде «нені оқыту керек?» сұрағына жауап береді. Оқушыларды дамыту үшін оларға адамзат жинақтаған дер, іскерліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек.
Білім беру мазмұнын құрайтын компоненттер төмендегідей болып табылады:
Білім беру мазмұны тарихи сипатқа ие, өйткені адамзат дамуының әрбір кезеңінде, білім берудің мақсаты мен міндеттері қоғам талабына сай өзгеріп отырады, сәйкесінше білім беру мазмұны да өзгеріске ұшырайды.
Қазіргі дүние жүзі бойынша білім беру мазмұнын гуманизациялау, компьютерлендіру, интеграциялау (кіріктіру), тұлғаның даму ережелеріне негізделе отырып құрастырады.
Мектеп халық шаруашылығының әр түрлі саласында белсенді, қызметке қабілетті, саналы, жоғары білімді адамдарды тәрбиелеу үшін қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындайды. Білім беру мазмұнының деңгейін көтеруде төмендегідей принциптер қолданылады:
Білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптері
Білім беру мазмұнын фундаментализа-циялау
Білім беру мазмұнын гуманитариза-циялау
Білім беру мазмұнының қоғам дамуының талаптарына сай болуы
Оқытудың мазмұндық және процессуал-дық жақтарының тұтастығы
Білім беру мазмұнының қоғам дамуының талаптарына сай болу принципі:
Ол білім беру мазмұнына дәстүрлі қажетті білім, іскерлік, дағды мен қоғамның қазіргі дамуына, ғылымның, мәдениеттің даму деңгейіне сай білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруды талап етеді.
Оқытудың мазмұндық және процессуалдық жақтарының тұтастығы принципі:
Ол білім беру мазмұнын іріктеуде оны меңгерту технологиясын ескеруді талап етеді, яғни реалды педагогикалық жағдайда меңгертілетін білімдерді ғана таңдауды қажет екенін ескертеді.
Білім беру мазмұнын гуманитаризациялау принципі:
Ол оқушылардың барлық пәндерді оқу барысында шығармашылық және практикалық әрекет негізінде жалпыадамзаттық мәдениет құндылықтарын меңгертуді талап етеді.
Білім беру мазмұнын фундаментализациялау принципі:
Бұл принцип гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарын интеграциялауын, пәнаралық байланысты түзеуді талап етеді.
Білім беру мазмұны оқушыларды қоғам субъектісі ретінде қалыптастыруда маңызды орын алатындықтан, оны іріктеу, күрделі мәселе болып отыр. Сондықтан педагогикалық ғылым мен тәжірибесінде білім беру мазмұнын іріктеудің негізгі критерийлері анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |