III.Қорытынды:
Ежелгі түркілер шешендігін алдымен аңызға айналған әңгімелерден іздеуіміз керек. Аңыз дегеннің өзі бір кездегі ақиқат, араға бірнеше мындаған жылдар түскенде, оқиға иесін көзімен көріп, сөзін өз құлағымен естімегендіктен де естіген әңгімесін халық аңыз сияқты қабыддаған. Өмірде болып, кейін аңызға айналып кеткен тарихи тұлғалар скифтерде көп. Зерттеушілердің айтуынша, скифтердің арасында аңыз бен жыр өте кең тараған. Халық арасында аңызға айналатындар алдымен елін қорғаған ерлер. Елді біріктіріп, жері үшін, ұрпағының амандығы үшін келген жауға қарсы тұрған алып ерлерін халық көсемдер ретінде аңыз әңгімелерде бейнелеген. Сондай аңыздардың қатарында Афрасиаб туралы әдемі аңыздар да бар. Афрасиабты М.Кашкари сөздігінде Тоңа алып ер деп атаған. «Тоңа»-жолбарыс тектес бір аң. Ол пілден күшті деген түсінік берілген.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.М.Жолдасбекұлы, Қ.Салғаралұлы, А.Сейдімбек Елтұтқа. Алматы 2001ж.
2.Қыраубайқызы Ежелгі дәуір әдебиеті Алматы: Мектеп 2002ж. 85 бет. (63-65б.)
http://emirsaba.org