Реферат тақырыбы : Мемлекет және саяси даму мен модернизация Орындаған: Санатовна н тексерген Аманиязова б а



бет1/4
Дата16.12.2023
өлшемі78,08 Kb.
#140096
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Мемлекет және саяси даму мен модернизация (копия)


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті




РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Мемлекет және саяси даму мен модернизация
Орындаған: Санатовна Н
Тексерген Аманиязова Б А

Ақтөбе 2023


Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Саяси модернизация
2.2 Саяси даму түсінігі
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Саяси даму − саяси құрылымдар, қалыптар, институттардың жаңа әлеуметтiк, экономикалық және т.б. мәселелердi тез арада қабылдау қабiлетi мен сезiну икемдiлiгiне, әрi қоғамдық пiкiрдi қабылдау мүмкiндiгiне тәуелдi. Демек, керi байланыстың тұрақты механизмi қалыптасуы тиiс, бұл дегенiмiз басқарудың тиiмдi буындары тұрғындар пiкiрлерiн есепке алуға қабiлеттi, шешiмдi тиiмдi таратушы, саяси жүйе шиеленiстi реттеудiң икемдi механизмiне айналған және билiктi қолданудың тиiмдi жолдарын таңдаған деген сөз. Мұнда бұл мемлекет қандай нақты ұлттық-мемлекеттiк форманың өзгерiсiн иеленетiндiгi ешқандай мәнге ие болмайды, қандай партия, қандай идеология саясатты анықтайтындығы ешбiр рөл атқармайды. Ең негiзгiсi, саяси институттардың жаңа проблемелерды шеше бiлу қабiлетiнде, оның қоғаммен ашық сипаттағы қатынасы билiк жүйесiнiң жағымды динамикасын, өмiр сүрудiң жаңа сапасына өткендiгiн бейнелейдi. Бұл пiкiрдi Д. Истон, Г. Алмонд және Г. Пауэлдiң саяси жүйедегi ең бастысы оның құрылымында емес, iс-әрекетiнде деген тұжырымдары да растайды.


Саяси даму дегенiмiз саяси жүйенiң өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiнiң дамуы және талап-қолдау және саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi механизмiнiң қалыптасуы.
Саяси дамудың мақсаты қандай да бiр тиянақты саяси қатынас пен қалыпты қалыптастыру немесе өзгерту емес, саяси институттар мен ашық түрдегi саяси жүйе арқылы бiрте-бiрте күрделенiп келе жатқан әлеуметтiк және экономикалық мәселелердi шешу. Саяси даму процесi саяси жүйенiң iшiнде оның мақсатының мынадай факторлармен − әлеуметтiк-экономикалық даму тұрақтылық, теңдiк, қатысу т.б. өзара байланысы болуын талап етедi. Табысты бөлудегi теңсiздiк пен саяси қатысуды күштеп шектеуге талпынған даму жағдайында әлеуметтiк қиналыс, саяси тұрақсыздық күшейедi, сөйтiп саяси даму процесi бұзылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет