Реферат тақырыбы : Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері Орындаған: Талягизова н тексерген Аманиязова б а



бет1/4
Дата16.12.2023
өлшемі76,7 Kb.
#139992
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері (копия)


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті




РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері
Орындаған: Талягизова Н
Тексерген Аманиязова Б А

Ақтөбе 2023


Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Ежелгі дүниедегі саяи ойлар
2.2 Орта ғасырлардағы саяси ілімдердің қалыптасуы
2.3 Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ой
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Саяси ойлар тарихы адамзат өмірінде ерекше орын алатын сөзсіз қажетті ғылыми, мәдени мұра болып табылады. Ғасырлар бойы жинақталған зерттелген, қоғамның пайда болуы мен дамуы олардың саяси жүйелерінің қызметтері туралы мол мағлұматтар береді. Саяси ілімдер тарихынан хабардар болу, оны танып білу бүгінде жүріп жатқан тіршілік үшін, қоғам, мемлекет, үкіметтер үшін өте қажет. Әлемдік деңгейдегі ойшылдардың саяси ілімдер тарихына қосқан ғылыми зерттеулері адамзат баласы үшін маңызы өте зор.


Саяси ілімдердің аяғынан тік тұрып қалыптасу кезеңі адамзаттың діни-мифологиялық танымынан өтіп ақыл-ойға сүйенген мезгілімен қабаттас келді. Сондай-ақ, бұл кезең қоғамдық өндірістің даму сатысындағы таптар мен мемлекеттің шығуымен тұстас еді.
Әрбір дәуір адамзат өмірінде өзіндік ерекше саяси мәселелерді қойып, оларды өзінше шешті. Егерде ойша кейінге үңілетін болсак, онда XXI ғасырға бізбен бірге кірген көптүрлі шексіз саяси жүйелерді, ілімдерді, бағыттарды, көзқарастарды көруге болады. Оларды дұрыс бағдарлау мен олардың мәнін түсіну үшін төмендегідей белгілі бір методологиялық әдіс-тәсілдерді басшылыққа алу кажет: біріншіден, кез келген саяси ілім еріксіз "ойдан шығарылған", кімнің болса да, тіптен кемеңгердің болса да акыл-ойымен табылған нәрсе емес, керісінше ол тарихтың кайсыбір кезеңінде өмірлік жағдаймен қойылған қоғамдық практиканың қажеттілігінің сұрақтарына қайтарылған жауап сияқты. Адамдардың саяси практикасы саяси теориялардың, ілімдердің пайда болуы мен дамуының себепшісі болды және олардың шыншылдығының жәнс өміршеңдігінің басты өлшем бірліктері болды. Өмірдегі қайсы бір мәселелерге ғылыми негіздеме жасау үшін, теория немесе ілім жасау үшін, сөйтіп саяси практикаға "жарық" жол салу үшін ойшыл сол практиканы терең танып білуі кажет. Адамдарды ойландыратын сұрактарды алдын ала көре біліп, оларға теориялық негізделген жауаптар беруі тиіс. Тек осындай жағдайда ғана теория немесе ілім адамдарға, халыққа, қоғамға қызмет ететін болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет