ІІ Негізгі бөлім 2.1 Ежелгі дүниедегі саяи ойлар Кез келген ғылым сияқты саясаттанудың да өз тарихы бар. Саяси ғылымдық білімнің элементтері ұзак уакыт бойы жалпы философиялық, кейінірек әлеуметтанулық, құқықтық теориялар шеңберінде қалыптасып дамыды.Саясаттанудың тарихы болмайынша, саясаттанудың да болмайтынын айтуға толық негіз бар. Оның казіргі ілімдері мен теориялары өткен замандардағы саяси ойлардың жаңа тарихи жағдайлардағы жалғасы ретінде дамуда. Ол материалдар жинақталынбайынша жаңа саяси теориялардың пайда болуы мүмкін емес.
Әрбір дәуір адамзат өмірінде өзіндік ерекше саяси мәселелерді қойып, оларды өзінше шешті. Егерде ойша кейінге үңілетін болсак, онда XXI ғасырға бізбен бірге кірген көптүрлі шексіз саяси жүйелерді, ілімдерді, бағыттарды, көзқарастарды көруге болады. Оларды дұрыс бағдарлау мен олардың мәнін түсіну үшін төмендегідей белгілі бір методологиялық әдіс-тәсілдерді басшылыққа алу кажет: біріншіден, кез келген саяси ілім еріксіз "ойдан шығарылған", кімнің болса да, тіптен кемеңгердің болса да акыл-ойымен табылған нәрсе емес, керісінше ол тарихтың кайсыбір кезеңінде өмірлік жағдаймен қойылған қоғамдық практиканың қажеттілігінің сұрақтарына қайтарылған жауап сияқты. Адамдардың саяси практикасы саяси теориялардың, ілімдердің пайда болуы мен дамуының себепшісі болды және олардың шыншылдығының жәнс өміршеңдігінің басты өлшем бірліктері болды. Өмірдегі қайсы бір мәселелерге ғылыми негіздеме жасау үшін, теория немесе ілім жасау үшін, сөйтіп саяси практикаға "жарық" жол салу үшін ойшыл сол практиканы терең танып білуі кажет. Адамдарды ойландыратын сұрактарды алдын ала көре біліп, оларға теориялық негізделген жауаптар беруі тиіс. Тек осындай жағдайда ғана теория немесе ілім адамдарға, халыққа, қоғамға қызмет ететін болады.
2.2 Орта ғасырлардағы саяси ілімдердің қалыптасуы Орта ғасырлардағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік – католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйек феодалдардың арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін қиян – кескі күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керекпе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды.
Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген құдай. Сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұған ақсүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарында ұстағысы келді.
Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары «Құдай қаласы туралы» деген еңбегінде баяндалған. Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді.
Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах
Фома Аквинский (1225 – 1274) болды. Оның саяси көзқарастары «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның жиынтығы» деген еңбектерінде қаралды.
Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке – дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты – «ортақ игілікке» жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық – сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.
Фоманың ойынша, билік құдайдың құдыретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, онық түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс.
Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін басыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс.
Алғашқы исламның үйретуінше діни билік те, ақсүйек билік те пайғамбардың қолында болуы керек, ал ол қайтыс болған соң пайғамбардың орынбасары – халифтарға көшуге тиіс. Басында солай болды да. Тіпті, мемлекетмүлкі де құдайдікі деп есептеленді. Бірақ 945 жылдан бастап имамдар негізінен діни беделмен шектеліп, нағыз билік ақсүйек – сұлтандарға аысты.
ХХ ғасырда феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда бола бастады. Жас буржуазияны жақтаушылар католик шіркеуінің озбырлығына, оның діни қатқан қағидаларына қарсы шығып, адам құқығын, ар – намысын қорғауға шақырды. Бұл дүниедегі қызықтан бас тартуды уағыздайтын католик көзқарастарына ақыл мен тәжірибенің құдыретіне сенуді қарсы қойды. Адам мәселесі, оның мемлекет пен арақатынасы саяси ілімде маңызды орын алды. Қоғамдық санада бұл бағыт «гуманизм» деп аталады. Жаңа буржуазиялық идеологияны жасау үшін антикалық дәуірінің үлгілерін, идеалын пайдаланғандықтан, бұл бағытты Қайта өрлеу деп те атайды. Алдыңғы қатарлы оқымыстылар шіркеу мекемелерін сол кездегі феодализмге, католик дініне қарсы бағытталған әлеуметтік – саяси қозғалыс реформацияның тұрғысынан сынға алынды. Олардың талабы ертедегі христиан дініне сәйкес шіркеуді өзгерту және демократияландыру болды. Сонымен қатар гуманстердің көпшілігі халыққа сенбеді, бұқараның революцияшылдығынан қорықты. Осының бәрі гуманистер көзқарасына қарама – қайшылықтар тудырды. Мұнда біз олардың еңбектерінен де көреміз.
Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымының негізін салушы Никколо Макиавелли (1469 – 1527) болды. Оның атақты шығармалары «Патша», «Тит Ливийдің бірінші он күндігі жөнінде ойлар», «Флоренцияның тарихы».
Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымғы, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлектті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым – қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Патша рақымсыз, сараң, опасыз, қаһар болмай, қайырымды, адал, қамқоршыл, мырза болуға тырысуы керек. Бірақ елдің бірлігі мен қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде, Макиавелли әділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан қарады. Ол мақсатқа жету үшін амал, айланың қай түрін болса да қолдануға кеңес берді. Мемлекеттің басын қосып, жаңартуүшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздық пен күшті пайдалануға болады. Қаталдық өзіңе бағыныштылардың пайдасы үшін бір-ақ рет қолданылуы керек. Бірақ Макиавеллидің бұл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай, «мақсат әдіс, тәсілді ақтайды» деген қағида макиавеллизм деген атпен тарап кетті. Кейбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп, өздерінің қара ниеттерін ақтағылары келеді.