Нарықта төлем жүйелерінің көптеген түрлері қызмет көрсетеді.Төлем жүйелерінің қолданысы жағынан банкаралық,карталық,есепшот ашпай аудару ,электронды ақша аудару болып бөлінеді.Бірінші жүйе-төлем жүйелерінің бір субьектісімен анықталса,екіншісі-төлеуші акцентісін жеңілдету арқылы, үшіншісі-технология арқылы анықталады. Әдетте ,төлем жүйелері төмендегідей болып сипатталады:көтерме,бөлшек,жалпы, клирингтік,күнбе-күн,рейстік,онлайн режиміндегі,кредиттік және дебеттік аударма.Ұлттық орталық,ірі отандық және халықаралық банкілердің банкаралық есеп айырысу жүйелері көтерме жүйе болып есептеледі.Ал пластикалық карта,есепшот ашпай ақша аудару,электронды ақша негізінде құрылған жүйе-бөлшек жүйеге жатады.Олардың арасындағы негізгі айырмашылық соманы тиімді төлеу факторы.