Реферат тақырыбы : XV-XVII әдет-ғұрып заңындағы жаза түрлерін жіктеу.(толық сипаттама). Тобы: 1801-19



бет2/3
Дата03.11.2022
өлшемі26,62 Kb.
#47298
түріРеферат
1   2   3
Ереже заңдары өзгеріссіз XVІІ ғасырға жетіп, Есімнің кезінде (1598-1645) «Есім салған ескі жол» («Есім ханның ескі жолы») деп аталды.
Әрине, қазақы далалық демократияның құқықтық негізіне айналған «Жеті жарғы» дәл қазіргі кездегі Конституция сияқты жалпы мемлекеттік кешенді сипатта болған жоқ, ол өзінің дәуіріндегі көшпелі қоғамның жалпы және ерекше құрылысына толық сәйкес келетін құқықтық норма еді.
Әсіресе, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қазақ хандығының саяси, әлеуметтік-экономикалық, идеологиялық қағидаларының конституциялық негізіне айналып, өзінің тәжірибелік икемділігі мен қолданыстағы өміршеңдігін көрсетті. Басқаларын айтпағанның өзінде, «Жеті жарғы» қазақтарда демократияның далалық үлгісі болды деген тұжырымды нақты дәлелдейді.
«Жеті жарғы» бір жағынан Қасым ханның «Қасқа жолы» мен Есім ханның «Ескі жолы» заңдарының замана талабына сай қайта толықтырылған, елеулі өзгерістер енгізіліп, дамытылған туындысы іспетті. Ал жаңадан қосылған екі тарау жесір дауы мен құн дауына қатысты болды. Бұл кезде Қазақ хандығының шығыс жағындағы жайылымдарды ойрат-жоңғар феодалдарының басып алуына байланысты жердің тарылуы, мал жайлылымдарына таласқан жанжалдардан адам өлімінің жиі болуы себепті жер дауын мүлік заңынан, құн дауын жалпы қылмыс заңынан бөліп алып, жеке-жеке тарау енгізуге тура келді. Жаңа мемлекеттің құқықтық негізіне айналған.
«Жеті жарғы» далалық демократияның рухына сай Ата заң болды. Бұл қазақ халқына тән дәстүр сабақтастығын басшылыққа алған, елдің саяси өмірі мен бұқара халықтың тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктеріне сай бейімделген салиқалы заңнама ғана емес, ел ынтымағы мен бірлігін көздейтін саяси идеологияның құқықтық негізі еді. Қазақ хандығы үшін зор маңызы бар осы тарихи құжаттың астына ұлттың барлық игі жақсылары топтасты, барша халық мойындап, бірауыздан басшылыққа алынды. Бұл тұрғыда «Жеті жарғыны» бүкіл ел болып мойындап, күнделікті өмірде кеңінен қолдануын демократияның алтын заңына айналған легитимділіктің жарқын көрінісі десек те болады.
С. Созақбаевтың зерттеуіне сүйенсек, «Жеті Жарғы» өзінің баптарында «қылмыс» деген ұғымды ешқандай мазмұнда түсіндіріп, мәнін ашып көрсетпейді. Негізінде «Жеті Жарғыда» мынандай қылмыстардың құрамдары беріледі: кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бүлік шығару, әйелдің ерінің көзіне шөп салуы, денеге, мүшеге зақым келтіру, әйелді зорлау, әйелді алып қашу, тәңірге тіл тигізу, христиан дініне өту, сияқты әрекеттерді жауапқа тартуды көздейді. «Жеті Жарғының» негізгі талаптарының бірі – жасаған қылмыстық әрекетіне сай жаза тарту, яғни талион принципі (қанға қан, жанға жан). Бірақ талион принципі «Жеті Жарғыда» бекітілгенімен, онша дамыған жоқ, керісінше жаза қолданудың негізгі формасы ретінде мүліктік композиция – құн төлеу қалыптасты.
Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы терең және оның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Онда туындаған әдет-ғұрып нормалары ұлттық сана-сезімнің көрінісі әрі құқықтық мәдениеттің іргетасы. Қазақтарға ар-ождан қашанда қымбат, «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген сөзге бас иген. Қазақтың әдет-ғұрып нормалары адамгершілік қасиеттерге тұнып тұруы да сондықтан.
Сан ғасырлар бойына қазақ халқының қоғамдық өмірінде әділеттілікті сақтау мен құқықтық қатынастарды дамытуда, әдет-ғұрып нормаларының тағы бір артықшылығы, қолданылатын жазалардың тым қатал емес, яғни ізгіленгенінен айқын көрінеді. Сондықтан да болар, қазақ даласында түрме, абақты, бас бостандығынан айыру деген жазалау шаралары болмаған. Оның есесіне «қанға қан» ұстанымының орнына билердің ықпалымен құн төлеу институты кеңінен қолданылған. Құн төлеу негізінде кісі өлтіргені үшін немесе адамның дене мүшесіне жарақат түсірге-ні үшін белгілі бір мөлшерде моральдық-материалдық төлем ақы төлеу ұстанымы жатыр.
«Жеті Жарғыға» сай қазақ билері құқық бұзушыларға жаза белгілеуді жасаған қылмыстың ауырлығы мен қауіптілігіне байланысты жан жазасы, мал жазасы, ар жазасы деп белгілеген. Даулы істің қаралуы екі сатыға бөлінген: біріншісі, екі дауласқан жақ билердің істі қарауына дейін, өзара келісім дауды шешуге іс-әрекет жасайды.
Қазақ халқы үшін әділдіктің тең таразысы бола білген билер қоғам өмірінің саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әскери-дипломатиялық салаларына тығыз араласып, ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуға үлестерін қосты. Бүгінгідей ғаламдану мен батыстық сарындағы арзанқол бұқаралық мәдениетке еліктеу заманында өзіміздің осындай асыл мұраларымызды жас ұрпаққа жеткізу, түсіндіру мен насихаттау күн тәртібінен түспейтін мәселе болып қала бермек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет