Реферат Тақырыбы: Қабілет және оның түрлері. Тексерген: Жексенова Б. О. Орындаған:Қабыкен. М.Қ. Қарағанды 2021 жыл



Дата04.06.2023
өлшемі23,6 Kb.
#98574
түріРеферат
Байланысты:
реферат қабілет,,,,,


Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі
Қарағанды жоғарғы ‘'Bolashaq” колледжі.
Реферат
Тақырыбы: Қабілет және оның түрлері.

Тексерген: Жексенова Б.О.


Орындаған:Қабыкен.М.Қ.

Қарағанды 2021 жыл.


Кіріспе
II. Негізгі бөлім:


1. Қабілет туралы түсініктер, оның түрлері.
2. Қабілет және нышан
II. Қорытынды
Қабілеттің негізгі белгілері.

Қабілет туралы жалпы ұғым.



Қандайда болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді дегенде теңдік деп адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттіктерінің бірдейлігін түсінеді.
Бұл мағынада алғанда адамдардың тең емес екендігін түсінікті. Қабілеттіктің өлшемі – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс - әрекетінің белгілі – бір түріне,, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің ( музыкалық саңылау, түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі т.б.) қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.
Оқу - тәрбие процесінде қабілет, білім, дағды, ептілік сияқты психологиялық ұғымдарды өз мәнінде түсіне алмау мұғалімдерді педагогикалық қателерге ұшыратуы да мүмкін. Мұны дәлелдейтін мысалдар көп. Сурет академиясына оқуға келген Суриковтың арнаулы қабілеті ерте көрінгенмен де, сурет салуға қажетті дағды білімі болмаған. Сондықтан да ол академияға қабылданбаған. Академияның мұғалімдері Суриковтың сурет өнеріне тиісті білімі мен дағдысының жоқтығына қарап,оның зор қабілеттілігін көре алмай,үлкен қате жіберген.Кейін ол өзінің зор қабілетінің арқасында сурет өнеріне қажетті білім мен дағдының екі-үш ай ішінде меңгереді де, академияға түсуге право алады. Бұл жайт академиялардың Суриков жөніндегі пікірлері жаңсақ болғандығын, аңғартады. Бұл мысал адамның қабілеттілігі білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатынын, сондай-ақ балардың қабілеттерін дұрыс байқай алып,онымен санасып отырудың қажеттілігіне мұғалімдердің зер салуын керек етеді.
Қабілет негізінен екіге бөлінеді.Адамның ақыл- ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады.Ақылдың орамдылығымен сыншылдығы,материалды еске тез қалдыра алу, зейінділікпен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б.осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.
Іс-әрекеттің салаларында ғана көрініп,оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының, математик-ғалымның ақын жазушының қабілеттерін жатқызуға болады.
Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр.Бұған ұйымдастырғыштық ,педагогтық конструктивті-техникалық қабілеттерді жатқызады. Қабілеттердің осы түрлері іс - әрекеттің басты салаларына орайлас бөлінеді.
Адам қабілетінің дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына ғылыми техникалық прогрес байланысты болып отырады. Мәселен, капитализм қалыптасып келе жатқан дәуірде, ғылымның сан алуан салаларының дамуына буржуазиялық қоғам кең өріс беріп отырады. Өйткені қауырт дамып келе жатқан капиталистік өндіріс барған сайын жаңа ғылыми білімдерді талап ете бастады. Мұның өзі білімді адамдардың көбейе түсуіне қолайлы жағдай туғызды. Сол кездері жан – жақты қабілетті, аса дарынды адамдар көп болды. өйткені бұл қоғамның қажетінен туған құбылыс еді. Ф. Энгельс «Қайта гүлдену дәуірінде» берген сипаттамасында сол дәуірді: «күшті ой өрісі, құштарлығымен сипаты, сан қырлылығымен, ғылымдағы жағынан алыптарды туғызған заман болды.» ол кезде алысқа сапар шекпеген, төрт бес тілде сөйлемеген, творчестволық бірнеше саласында жарқырап көзге түспеген бірде – бір адам болған жоқ дерлік еді. Леонардо да Вичи ұлы суретші болып қана қойған жоқ, сонымен қатар ұлы математик, механик және инженер болды, физиканың сан алуан тарауларында табылған маңызды жаңалықтар соның арқасы. Альберт Дюрер сүйретші, гравер, скульптор, архитектор болды, оның үстіне өзінің кейбір идеялары бар фортификация системасын ойлап тапты. Бұл идеяларды көп заман өткеннен кейін барып Монталамбер және фортификация жайындағы ең жаңа неміс ілімі қайтадан көтеріліп кетті. Макиавелли мемлекет қайраткері, тарихшы, ақын болды, оның үстіне жаңа замандағы ауызға алуға лайықты бірінші әскери жазушы болды. Ол замандағы кісінің өрісін тарылтатын, сыңар жақтық туғызатын, олардың із-басарларының бойынан ықпалы бізге сондай жиі байқалып жүрген еңбек бөлінісінің құлдары бола қойған жоқ . Ф. Энгельс айтып отырған орта ғасырдағы «қайта гүлдену» ХХ –ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында да белеңі алған еді. Осы кездегі тарихи аренаға жан – жақты қабілетті адамдар Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамбетов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Шоқаев, М. Жұмабаев, т,б, шыққаны белгілі.
Адам қабілеттерінің жан – жақты жетілуі еңбектің ескі бөлінісін яғни ой еңбегі мен дене еңбегі болып бөлінуін, сөйтіп адамның белгілі бір кәсіпке немесе мамандыққа танылып қоюын бірте – бірте жоюды көздейді. Әрине бұдан еңбектің түрлі салалары жойылып кетеді деген мағына тумайды. Еңбектің сан алуан түрлерінің ұштасуы адамның дене күшінің де, рухани күшінің де дамуына себепші болады, адамның білімі, шеберлігі, іс - әрекетінің түрлі саласындағы айрықша дамыған тәжірибе мен білім икемі дұрыс ұштасқанда ғана білім, техника, әдебиет пен өнер саласында адамның қабілеті мен дарыны, таланты дамып оның ойдағыдай өрістей түсуіне кең мүмкіндіктер жасалады.
Қабілет негізінен екіге бөлінеді.
Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.

Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті, арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының ақын-жазушының т.б. қабілеттерін жатқызуға болады.


Адам қабілеттінің дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына ғылыми-техникалық прогреске байланысты болып отырады.
Мәселен капитализм қалыптасып келе жатқан дәуірде, ғылымның сан алуан салаларының дамуына буржуазия қоғамы кең өріс беріп отырды. Өйткені қауырт дамып келе жатқан капиталистік өндіріс барған сайын жаңа ғылыми білімдерді талап ете бастады. Мұның өзі білімді адамдардың көбейе түсуіне қолайлы жағдай туғызды.
Қабілет және нышан. Адамның кейбір өзгешеліктері ана құрсағында жатқанда-ақ дамиды. Мәселен, баланың ата-анасы мен туысқандарына ұқсап тууы. Мұны анатомиялық нышан дейді. Нерв жүйесінің анализаторлардың ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан дейді. Нышанның енді бір түрі қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Мәселен, баланың есту анализаторының жетім дамуы музыкалық қабілет үшін көру анализаторының өзгешелігі сурет қабілетінің көрінуіне себін тигізеді. Бірақ нышан қабілет дамуының бірден-бір шорты бола алмайды.

Ол -адамның ішкі мүмкіндігінің көрсеткіші. Егер адамның туысынан нышаны болса да, дұрыс тәрбие көрмесе, яғни белгілі әрекетпен айналыспаса, оның қабілеті айтарлықтай дамымайды. Әрбір қабілетке арнаулы нышан сәйкес келеді деп ойлау да қате. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық дейді. Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса ол ерте көзге түсетін болады. Дарынды баланың қабілеті әдетте ерте ашылатынын біз зерттеу жұмыстарынан байқап жүрміз. Дарынды балалар мектептің оқу бағдарламасын ерте меңгереді. Бес-алты жаста ондай балалардың білгенінен, өзінен екі есе үлкен балалардың білгенінен артық болады. Кейде олар тіпті мектептегі оқуға көңіл бөлмейтін кездері де кездеседі.

Қабілеттің ең жоғарғы дәрежесін — талант деген сөзбен белгілейді.
Талант — бір әрекетті творчестволықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі. Адамның таланты музыкада, әдебиетте, ғылымда, техникада т.б. әрекеттерде көрінеді. Таланттың дамуы еңбек ете білумен, еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты.

Қабілет адамның әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайда бірге болады. Өйткені адамның белгілі әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар бейімділік әрекеттің бір саласына, әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады. Балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктер оның келешек қабілетінің көрсеткіші болып та табылады. Мәселен, екі-үш жасар баланың музыка үніне құлағының елеңдеуі, онда музыкалық қабілетке байланыстан табиғи негіздің бар екендігін көрсетеді.

Қорытынды

Бастауыш кластарда мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы олардың қабілетінің дамуына кең жол ашады. Мұғалім алғашқы күннен бастап оқушының бейімділігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу процесін осы негізге орайластыра жүргізгені дұрыс.


Кейбір мұғалімдер баланың қабілеттігін оның оқу материалдарын тез ұға алушылармен ғана байланыстырады. Бұл жерде мұғалімнің аса сезімталдығы қажет. өйткені нерв жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты табиғатынан баяу болып келетін балаларда аз емес. Осындай баяу ойланып жауап беретін балалар қабілетсіздер қатарына қосылатын болса, бұл педагогикалық тұрғыдан өрескел қате болып есептеледі.
Баланың қабілетін тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен түрлері сан алуан. Бұлардың нақты жағдайларға байланысты жүргізе білу әрбір мұғалімнің жеке творчестволық ісі. Мәселен, мұғалім жүргізетін осындай жұмыстардың бірі – оқушылардың оқу әрекетін тартымды, мазмұнды, қызықты етіп ұйымдастыру. әсіресе төменгі клас оқушыларының бейімділіктерін, қызығуларын көре білумен қатар, оларды барынша көтермелеп, белсенділігін үнемі арттырып отырған жөн. Мәселен, мұғалім жақсы үлгеретін оқушыларға талапты көбірек қойып, қосымша тапсырмалар беретін болса, «орташа» қабілеті бар балаларды да бақылаудан тыс қалдырмау керек. Кей жағдайда осындай балалардың табиғи мүмкіндіктері жеткілікті болғанмен, мұғалімнің назарынан тыс қалып қояды да ол «орташа» оқушы болып кете береді. Сондықтан да оқушылардың келешегіне зор үмітпен қарау керек. Мұғалім оқушылардың практикалық қабілеттерін дамытып отыруды да ұмытпауы керек. Бұл үшін оқушыларға қоғамдық тапсырма береді, оның орындалу сапасын тексереді, сондай – ақ баланың ыждағаттылығы, ұқыптылығын қадағалап, оның қабілетінің дами түсуіне бағыт көрсетіп отырады. Баланың практикалық қабілеттерін дамытуда мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмысы, еңбек, дене шынықтыру, айтыс, диспут, ән – күй сабақтары таптырмайтын шаралар болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер: https://referattar.kazaksha.info.


Қабілет | Malimetter.kzhttps://malimetter.kz ›

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет