Реферат Тақырыбы: Агрохимия ғылымының мақсаты мен міндеттері Орындаған: ан-31 топ студенті Кәдіржан. Г тексерген: Куаналиева. М. К



бет1/2
Дата27.10.2022
өлшемі43,22 Kb.
#45883
түріРеферат
  1   2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Реферат
Тақырыбы: Агрохимия ғылымының мақсаты мен міндеттері


Орындаған: АН-31 топ студенті Кәдіржан.Г


Тексерген: Куаналиева.М.К

2022-жыл
Мазмұны


Мазмұны...........................................................................................................2
Кіріспе...............................................................................................................3
1. Агрохимия ғылымының қалыптасуы мен даму тарихы....................................4
Қорытынды.......................................................................................................6
Қолданылған әдебиеттер.................................................................................7

Кіріспе
Агрохимия өсімдіктің, топрақтардың және тыңайтқыштардың өзара қатынасын,ауыл шарруашылығы дақылдарының өнімін арттырып,сапасын жақсарту үшін,топырақ құнарлығын ұдайы жоғарылатуды зерттейтін ғылым.Агрохимия әрі биологиялық,әрі химиялық ілім болып саналады.Өсімдік шаруашылығын дамытуда және жетілдіруде тыңайтқыш қолдану ең тиімді әдістің бірі болып есептелетіндіктен,агрохимияның агрономия ілімдерінің ішіндегі алатын орны үлкен.Агрономиялық химияның мақсаты-өсімдіктің қоректенуіне қолайлы жағдай жасау,тыңайтұыштардың жеке түрлері мен формаларының топырақпен әрекеттесуін зерттеу және оларды қолданудың тиімді әдістерін анықтау.
«Егігшілік агрохимия мен өсімдіктер физиологиясы арасында ғана қалыптасты,-деп К.А.Тимирязев жазған.-Аталған екі ғылым саласының арқасында соңғы ғасырда ғылыми жетістіктерге қол жеткізген,егіншілікке әсер еткен,оның сипаттамасын түбегейлі өзгерткен,оның байланыссыз рецептерден және сан алуан төмен немесе жоғары саналы әрекеттерге көз жұма еліктеуі болып табылады.»


Агрохимия ғылымының қалыптасуы мен даму тарихы
Агрономиялык химияның дамуы егіншілік мүддесімен тікелей байланысты. Ол адамзаттың қажетін қамтамасыз ету мақсатына орай, теориялық жағынан нақты тұжырымдалмастан,бірден практикада қолданыла бастады. Мысалы, ертедегі римдіктер мал көңінің, күл,гипс,әк сияқты заттардың топыраққа әсер ететін қасиетін біліп, оларды пайдалану арқылы жердің құнарлылығын арттырған.Римдіктер сол сияқты, бірдей мөлшерде тыңайтқыштарды қолдана отырып, бір дақылды алмастырып еккен кезде мол өнім алатынын да ескерген.
Француз және неміс агрохимиясның керекті өкілдерінің алшақ көзқарасына байланысты, 1843 жылы Англияда Лооз жургізген тәжірибенің маңызы зор болды. Лооз Ротамстед тәжірибе стансаның негізін қалады, кейіннен стансаның атағы бүкіл әлемге жайылды. Ю.Либих пікірін тексеру үшін Лооздың жасаған тәжірибесі, күлдің өзі көңді алмастыра алмайтынын, ал азотты күл заттармен бірге тыңайткыш құрамына енгізу қажет екенін дәлелдеді.
Агрохимия ғылымының дамуына Д.Н.Прянишников оқушылары В.М.Клечковский,П.Г.Найдин,Ф.В.Чириков,А.Н.Лебедянцев,Ф.В.Турчин, И.И.Синягин, Н.С.Авдонин, А.В.Петербургский тағы басқалары үлкен үлес қосты. Бұл ғалымдар өз еңбектерінде тыңайтқыштар әсерінің географиялық заңдылығын, минералдық жене органикалық тыңайтқыштарды қолдану деңгейіне байланысты ауыспалы егіс дақылдарының өнімінің жоғарылауын, тыңайтқыш әсерінен топырақтың агрохимиялық, агрофизикалық және биоло-риялық қасеттерінің өзгеруін, тыңайтқыштың өнім сапасына әсерін зерттеді.
1926 жылы Қазақстанда жер шаруашылығы комиссиараты жанынан топырақты зерттеу бюросы ұйымдастырылды. Бұл бюро одан соң 1935 жылдан бастап В.Р. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік институты болып аталды. Осы уақыттан бастап біздің республикамызда ауыл шаруашыльғы дақылдарына тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми жүйелері қалыптаса бастады. Ауыл шаруашылығы дақылдарына минералдық тыңайтқыштардың тиімділігін зерттеу жөніндегі алғашқы тәжірибелер Қазақстанда 1929 жылы жүргізіле бастады. Бұл тәжірибелердің нәтижелері Н.П. Корбут, И.И. Синягин, Н.Е.Крутиков, Г.М.Лобанов, К.И.Иманғазиев еңбектерінде жинақталып, қорытынды жасалды.
И.И.Синягин Оңтүстік Қазақстанның топырағындағы фосфордың органикалық жене минералдық түрлеріне сипаттама беріп, түрлі фосфор тыңайтқыштарының ауыл шаруашылығы дақылдарына әсерін тексерген.
Оның жетекшілік етуімен Қазақстанда түңғыш рет 1934 жылы тыңайтқыштарды қолдану жөнінде анықтамалық жарық көрді.
Қазақстан агрохимиктері өткен ғасырдың екінші жартысында агроценоздарда минералдық қоректену элементтерінің биоциклдер заңдылықтарын білуге, тыңайтқыштарды ұтымды пайдалану және топырақтардың құнарлығын сақтау мәселелерін ғылыми тұрғыда негіздеуге, регионда тараған негізгі топырақтарға агрохимиялық сипаттама беруге, негізгі ауылшаруашылық дақылдардың қоректенуі жөнінде қолайландыру және гидротермиялық қолайсыз жағдайларда тұрақты жоғары өнімдер алу тәсілдерін анықтауға мүмкіндік беретін айтарлықтай іргелі жене қолдаңбалы зерттеулер жүргізді.
Қазақтың В.Р.Вильямс атындары егіншілік ғылыми-зерттеу институтның агрохимия бөлімін 30 жылдан астам уақыт басқарды. Оның көп жылдар бойы жүргізген ғылыми жұмыстары, Қазақстанның оңтүстік аймағында минералдық жене органикалық тыңайтқыштары дұрыс қолданылса, суармалы боз жане қара қоңыр топырақтардың құнарлылығын жақсартатынын, одан қант қызылшасы, күздік бидай, жоңышқа, мақта, күріш сияқты дақылдардың түсімінің күрт артатынын дәлелдеді. Оньң"Қазақстанда тыңайтқыш қолдану жүйесі" атты еңбегі қазірде тыңайтқыш қолдануда бірден- бір құнды нұсқау болып саналады. Ол Қазақстанда тұңғыш рет агрохимияның ғылыми мектебін құрды. К.И.Иманғазиев нақты топырақ-климатттық жағдайларда әртүрлі дақылдар үшін минералдық және органикалық тыңайтқыштарды тиімді қолданудың негізін қалады.
Кейінгі жылдары агрохимия саласында Д.К.Мәденов, А.Т.Пономарева, Б.С.Бәсібеков, тағы басқа көптеген ғалымдар өсіп жетілді.
Д.К.Мәденовтің жетекшілік етуімен Алматы және Қызылорда облыстарында қант қызылшасы, жүгері, күріш, қарбыз, жүзім, күздік бидай дақылдарына сұйық азот тыңайтқыштары мен карбамиформ, мочевина сыналды.
Қазақстанда 60-шы жылдардың екінші жартысында Д.К.Маденов басқаруымен минералдық тыңайтқыштардың жаңа түрлерінің (Қаратау отандық фосфориттерінен алынатын аммофос, метафосфаттар, полифосфаттар, фторсыз фосфаттар), сондай- ақ азот және күрделі тыңайтқыштарды химиялық және салыстырмалы тиімділігі бойынша қомақты зерттеулер жүргізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет