Қорытынды Агрохимия өсімдіктің, топырактың және тыңайткыштардың өзара қатынасын, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттырып, сапасын жақсарту үшін, топырақ құнарлылығын ұдайы жоғарылатуды зерттейтін ғылым. Агрохимия биологиялық және химиялық ілім болып саналады. Өсімдік шаруашылығын дамытуда және жетілдіруде, тыңайткыш қолдану ең тиімді әдістің бірі болып есептелетіндіктен, агрохимияның агрономия ілімдерінің ішіндегі алатын орны ерекше. Агрономиялық химияның мақсаты - өсімдіктің қоректенуіне қолайлы жағдай жасау, тынайтқыштардың жеке түрлері мен формаларының топырақпен әрекеттесуін зерттеу және оларды қолданудың тиімді әдістерін анықтау. Қорытындылай келе агрохимия ілімі егіншіліктің ғылыми негізі болып саналады. Көне римдік дәуірден бастау алган бул ғылымның маңыздылығы бүгінгі уақытта да өшпеген.
Қолданылған әдебиеттер • «Агрохимия және тыңайтқыш қолдану» Елешенов Р,Сапаров А,Балғабаев Ә,Туктугулов Е.
• «Агрохимия негіздері» М.К. Қуаналиева