Ақыл-ой кемдігінің жеңіл дәрежесіндегі бaлaлaрды әлеуметтік бейімдеуде керек болатын кеңестер:
Балаларды бөліп жармау.
Ақыл-ой кемдігі бар бабаларды науқас деп қабылдамау және сырт көзге солай көрінетіндей әрекеттер жасамау.Себебі,бала бұндай жағдайда сыртқы тараптан аяушылық сезімін сезеді және өз қатарластарының өзіне ондай көзқарас танытқанын ұнатпайды.Керсісінше,ортасынан алыстап,оларды жақын тарта алмай тұрады.
Әр балаға жеке тұлға екенін,ешкім ешкімнен артық не кем емес екенін сөзбен де іспен де түсіндіру.
Балалардың жақсы қасиеттеріне көңіл бөліп,мадақтаулар айту.
Адамды шартсыз,кемшілігімен қоса жақсы көруге болатынын түсіндіру.
Жақсылық жасау әр адамға парыз екенін,жақындарына жанашыр болу керек екенін саналарына сіңдіру.
Балаларға сенім арта білу.Қандай жағдай болмасын оны қолдайтынын сезіндіру.Балаға өзінің жақсы көрілетінін сезіндіру.
Бір зерттеу бойынша ақыл-ойының дамуында жеңіл дәрежедегі тежелістегі балалардың өз сыныптастарына тигізетін әсерін зерттеген. Әдіс Квази-эксперименттік зерттеу сабақтарында 202 оқушыдан тұратын эксперименталды топпен қамтылды, оның ішінде ID-і жеңіл және орташа дәрежесі бар бала бар, ал 202 оқушылардан тұратын ерекше білімге мұқтаж балалары жоқ аудиториядан (жұптардың сәйкес үлгісі). Бұл екі топтың оқу үлгерімі 1 оқу жылына салыстырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |