Реферат тақырыбы: «Академиялық жазу -зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастырудың негізгі құралы»



бет3/5
Дата07.01.2022
өлшемі75 Kb.
#18274
түріРеферат
1   2   3   4   5
Академиялық жазылым және оқылым

«Академиялық жазылым» термині әлемдік білім беру жүйесінде, әсіресе, академиялық қызметке дайындық дәрежесін, яғни университетте немесе колледжде оқуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға, сондай-ақ ақпараттық дереккөздермен байланысты кез келген кәсіби қызметпен шұғылдануға және қандай да бір құжаттарды жазуға қажетті дайындығын анықтау үшін кең қолданылады. Осыған байланысты академиялық сауаттылық деңгейі абитуриенттің университетке дайындығын, сонымен бірге маманның басшы болуға әзірлігін айқындауға меже болып табылады [5, 81]. Академиялық білімді академиялық оқылым, академиялық жазылым сияқты компоненттер құрайды. Академиялық жазылым – бұл әлемдік білім беру салаларында және ғылыми ортада кең таралған ақпараттық үдерістерді, академиялық қарым-қатынастарды, халықаралық тәжірибе алмасуларды жаңаша дамытуға бағытталған құзыреттердің дәстүрлі түрі. Академиялық жазылым – эссе, курстық жұмыс, диплом жұмысы, магистрлік және докторлық диссертациялар, ғылыми мақалалар мен монографиялар сияқты ғылыми мәтін жазудың әдіснамасы. Академиялық жазылым – жеке ойлары мен идеяларын білдірудің және оны негіздей білудің әрі оларды мақсатты аудиторияға жеткізе білу дағдысы. Академиялық жазылым – бұл ғылыми мәтіндер жазу, олардың жазу тілі мен стилін таңдап, қолдана білу дағдысы. Академиялық жазылым дағдысын білу – бұл академиялық ортада табысты болудың негізі [5,82].

Қазақстанның жоғары оқу орындарында академиялық оқылым және жазылым дағдыларын қалыптастыратын пәндер оқытылмайды. Біздегі жоғары мектептердің оқу бағдарламаларында студенттің 1-курстан бастап академиялық сауаттылықтарын арттыруға бағытталған курс өз деңгейінде қамтылмаған. Жекелеген оқу орындарының филологтар, педагогтер дайындайтын мамандықтарында академиялық жазылымның кейбір элементтері әдеби тілдің стильдерін, ғылыми стильді оқытқан кезде ішінара үйретіледі. Мысалы, конспект, реферат, тезис, курстық жұмыс, диплом жұмысын жазу дағдылары оқытылады [2; 64]. Ал жалпы ғылыми мәтінді құрастыру, эссе жазу, пікір беру, ғылыми жоба жазу, зерттеудің мақсат, міндеттерін айқындауды үйрететін арнаулы курстар немесе пәндер жоқ. Академиялық сауаттылық, академиялық оқылым және жазылым дегенімізді студенттеріміз түсіне бермейді. Өз ой-пікірін анық жеткізе алмайтын, аудиторияда еркін сөйлей алмайтын, сауатты жаза алмайтын студенттер көптеп кездеседі. Авторлар оның себебін орта мектепті бітірушілер емтиханды ауызша немесе жазбаша тапсырмайтындығымен түсіндіреді. Республикада мектеп бітіру және жоғары оқу орнына түсу емтиханын бес сабақтан Ұлттық бірыңғай тестілеу түрінде тапсыру формасы қолданылады, жоғары оқу орындарында да қорытынды емтихандардың басым көпшілігі тест түрінде өткізіледі. Қазіргі жастар тестіден бас алмай жаттап, емтиханға дайындалады, оған қоса кітап оқымайтын жастар қатары да көбейіп келе жатқаны жасырын емес. Ал кітап оқымаған адам ой ойлаудан да қалатыны белгілі.

Академиялық оқылым мен жазылым дағдыларын дамыту (ғылыми-кәсіби мәтіндердің тілі мен құрылымын зерттеу, конспектілеу, рефераттар, пікірлер, тезистер жазу, ғылыми талдау нәтижелерімен таныстыру, ғылыми-кәсіби мәтіндерді оқу, ғылыми мәтіннің стилін меңгеру, зерттеу жұмысының жоспарын құру, тақырып таңдау, жұмыстың құрылымын дұрыс құру); сілтеме мен дәйектемелерді дұрыс қолдану, теориялық әдебиетпен, анықтамалықпен жұмыс істеуді үйрету, зерттеу нысанын талдау мен әдісін таңдай білуге үйрету, студенттердің сөздік қорын академиялық лексикада қолданылатын ғылыми-кәсіби ортаға тән тілдік оралымдармен арттыру; ғылыми-кәсіби пікірталастарға түсу дағдыларын дамыту және кәсіби бағдарланған жобаларды таныстыру; өз ойын ауызша дәлелдеп айтуға үйрету, студенттің танымы мен тіл мәдениетінің деңгейін көтеру, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту жатады [2; 65].

Академиялық оқылым және жазылымды игеру нәтижесінде студентте төмендегідей құзыреттер қалыптасады:


  • ғылыми-кәсіби мәтіндердің құрылымы мен пішімін, аңдатпаның, конспектінің, рефераттың, дербес ғылыми шығарманың мәтінін біледі;

  • пәнді оқып біткеннен кейін студент конспект, реферат, мақала аңдатпасын, пікір, ғылыми мақала тезисін жаза алады;

  • кәсіби бағдарланған қатысым салаларында ғылыми-кәсіби сипаттағы мәтіндерді оқып, түсініп және талқылай алады;

  • өзі жазған ғылыми зерттеуінің нәтижелерін ауызша және жазбаша сауатты түрде таныстыра алады;

Аталған құзыреттерді терең дамытудың тағы бір қиындығы академиялық сауаттылықтың барлық аспектілерін, атап айтқанда, академиялық оқылымды, пікірсайыстарға түсе білу мен таныстырылым (презентация) жасай алуды, сөйлеушіні тыңдай білу, сұрақ қоя білу, қойылған сұраққа жауап бере білу дағдыларын дамытуды, кез келген ақпаратты сыни тұрғыда бағалап, оны түсіндіре білуді оқытқанда ғана жүзеге асатынында болып отыр. Академиялық сауаттылық – әртүрлі ақпаратпен жұмыс істей білу, өзгелердің идеяларын түсініп, оны қабылдай білу, өз идеясын айтып, оны негіздей білу. Академиялық сауаттылық жаңаша сауаттылықтың басым компоненті болып табылады, цифрлық сауаттылықтан айырмашылығы тек білім беру жүйесінде дамиды [1].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет