Реферат тақырыбы: «Академиялық жазу -зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастырудың негізгі құралы»



бет2/5
Дата07.01.2022
өлшемі75 Kb.
#18274
түріРеферат
1   2   3   4   5
ІІ. Негізгі бөлім

2.1Академиялық сауаттылықтың зерттелуі
Академиялық сауаттылық терминінің мәнін ашатын алғашқы еңбек 1985 жылы Б.С. Мучниктің «Адам және мәтін: Жазбаша сөз мәдениетінің негіздері» теориясымен тығыз байланысты [6, 252]. Бұл зерттеуде ғалым академиялық жазуды жетілдірудің міндетті қажеттілігін анықтаған мәселелерді алғаш рет құрастырады:

  • сөздік қателердің елеулі санының әйгілі баспаларға енуі;

  • ғылыми-негізделген, нақты критерийлерінің жоқтығынан қолжазбаларды редакциялау практикасындағы қиындықтар;

  • педагогтардың ЖОО практикалық стилистиканы оқытудың мазмұндық аспектісіне қанағаттанбауы;

  • жазу дағдыларын жоспарлы қалыптастыруға қажетті тапсырмалардың болмауы;

  • мәтінді жетілдіру саласында нұсқау дайындайтын зерттеушілерде зерттеу әдіснамасы мен әдістемесінің жасалмағанына байланысты қиындықтар.

1980-ші жылдардың соңына қарай ғылыми мәтінді талдаудың функционалды-стилистикалық тұғыры атты практикалық стилистиканың тағы бір бағыты қалыптасты (Е.А.Баженова, А.Г.Баранов,И.С.Бедрина, М.Н.Кожина, М.П.Котюрова, Е.С.Кубрякова және т.б.). Оның негізіне келесі негізгі принциптер қаланды:

- білім өнімі ретінде мәтіннің біртұтастығы,

- мәтіндік іс-әрекет үдерісінің динамикалы сипаты,

- мәтіндік іс-әрекеттің лингвистикалық және экстралингвистикалық бірлігі.

Кәсіби мәнмәтінде мәтіндік іс-әрекет біртұтас мәтіндер арқылы қарым- қатынас жасауды қарастыратындықтан, Т.М.Дридзе мәтіннің макроқұрылымы мен микроқұрылымын ажыратып алға қарай маңызды қадам жасайды. Макроқұрылым иерархиялы әртүрлі реттегі мағыналық блоктар ретінде түсіндірілсе, микроқұрылым – мәтіннің тірек мағыналық түйіндері көрінетін мәтінішілік байланыстардың толық жинағы ретінде қарастырылды [3, 269]. Мәтінді екі әртүрлі деңгейдегі құрылым ретінде қарастыру және иерархиялық мағыналық блоктарды ажырату Т.М.Дридзенің жұмысын теориялық аспектіде мәтінді шетелдік зерттеулерге жақындатады. Мәтінді біртұтас ретінде қарастыру қажеттілігін пәнаралық қана емес, сонымен қатар халықаралық зерттеулер де көрсетеді. Кәсіби, ғылыми және академиялық жазу мәселелерімен айналысып жүрген шетелдік зерттеушілердің көзқарасы бойынша (Р.Р.Джордан, К.Кэндлин, М.Ли, С.Митчелл, Дж.Морли, Г.Плам, Б.Стрит, К.Хайлэнд, Л.Хэмп-Лайонс және т.б.), мәтін автор іс- әрекетінің өнімі ретінде өзін авторлық тілдік сауаттылығы мен ана тілінде жазу білігі және пән саласының ерекшелігін түсіну, өзінің идеяларын реттей және ұйымдастыра алу мен оларды нақты әлеуметтік мәдени жағдайлардың, әлеуетті оқырманның қызығушылығын сенімді мазмұндауды қамтитын күрделі бірегей жүйе ретінде көрсетеді. Шетелдік ғылыми әдебиеттерде «академиялық сауаттылық» термині әртүрлі түсіндірілетініне қарамастан, зерттеушілер белгілі бір дағдылар мен біліктердің кешені екенін бірден қабылдайды. И. Леки академиялық сауаттылықтың кілттік атрибуттары сыни және рефлексиялық ойлау, жеке өзіндік оқуға қабілеттілік және өзін әлемдік академиялық қоғамның бөлігі ретінде қабылдауды жатқызады. Дж. Брэйн бұл тізімге университеттің академиялық мәдениетін, студент зерттеушілік дағдыларды оқитын елдегі тілдік және әлеуметтік ортаны қосады. Б. Грин құзыреттілік түсінігін қолданып, академиялық сауаттылықтың негізгі үш аспектісін ажыратады: тілдік жазбаша (операционалдық компонент), дискурсивті және мәдени (мәдени) және сыни, оның астарында білімді түсіну мен өңдеуден көрінеді. Академиялық сауаттылықтың маңыздылығын атай келе, К. Хайланд пен Л. Хэмп-Лайонс оны академиялық ортада сәтті болудың кілттік шарты санайды. Американдық білім беру жүйесінде, АС анықтаудың кең таралған тұғырына сәйкес, сауатты студент оқуға және жазуға, тыңдауға және өзінің пікірін білдіруге, сыни ойлауға, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға, үлгілі оқу дағдылары мен академиялық прогрессті көрсетуге қабілетті. Бұл құзыреттіліктер жоғары оқу орнында студент оқитын барлық пәндер шегінде дамитыны ұйғарылады, яғни АС қалыптасуы мен оның барлық құрауыштарының дамуы білім беру мақсаттарының бірі ретінде қарастырылады. Мұнда кілттік құзыреттілік академиялық жазу болып табылады [4, 76] .

Қазақстандық білім беру жүйесінде тек функционалдық сауаттылық тұжырымдамасы қолданылып келеді. Оған сәйкес «кәсіби білім алуға дайындық мәселелерін, құндылық жүйесіндегі бағдарлар мәселесін, стандартты өмірлік мәселелерді, оқу іс-әрекетінің мәселелерін шешуге» қабілетті адам функционалды сауатты саналады. Функционалдық сауаттылық мәселесін Мурзалинова А.Ж. (оқушылардың функционалды сауаттылығы) өзінің дисертациясында кеңінен қарастырған. Біздің білуімізше, Қазақстанда жоғары білім беру мәнмәтініндегі акдемиялық сауаттылықтың баламалы теориялары қалыптаспаған. Ресейде академиялық сауаттылық сұрағы соңғы 10 жылда қарастырылуда және бірқатар талқылаулар бар. Осылай Н.В. Смирнова мен И.Ю.Щемелеваның зерттеуінде «Академиялық сауаттылық» термині алғаш рет қолданылады және коммуникативтік құзыреттіліктерді дамытудың негізі ретінде қарастырылады.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет