Реферат тақырыбы: «Академиялық жазу -зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастырудың негізгі құралы»



бет4/5
Дата07.01.2022
өлшемі75 Kb.
#18274
түріРеферат
1   2   3   4   5
ІІІ. Қорытынды
Академиялық сауаттылық – әртүрлі ақпаратпен жұмыс істей білу, өзгелердің идеяларын түсініп, оны қабылдай білу, өз идеясын айтып, оны негіздей білу. Академиялық сауаттылық жаңаша сауаттылықтың басым компоненті болып табылады. Цифрлық сауаттылықтан айырмашылығы тек білім беру жүйесінде дамиды. Сөзіміздің соңында елімізде академиялық жазылымды мектеп партасынан бастап жоғары оқу орындарының студенттеріне дейін (бірінші курстан бастап соңғы бітіруші курсқа дейін) меңгертіп, тіпті мамандарды қайта даярлауға қатысты да жүзеге асыру қажет деген ұсыныс айтқымыз келеді. Қазіргі студент – болашақ маман академиялық сауаттылық дағдыларын терең меңгермейінше, әлеуметтік кеңістікке шығуы мүмкін еместігін, кәсіби және ғылыми ортада оның бәсекеге қабілеттілігінің шектеулі болатындығын жоғары оқу орнына түскен кезінен бастап түсіне білу керек.

Академиялық жазылым дағдылары академиялық сауаттылықты дамытуға бағытталған жалпы академиялық білім қатарынан өз орнын алу керек. Бұл айтылғандардан қандай шешім шығаруға болады? Біріншіден, ағылшын тілінің академиялық жазылымының тәжірибесін тиімді пайдалану керек. Бұл үшін әдіс-тәсілдер емес, қажетті материалдар, оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу қажет. Екіншіден, академиялық жазылым академиялық сауаттылықтың өзге де дағдылары жүйесінде ғана дамитынын естен шығармау керек. Бұл дегеніңіз пәннің академиялық оқылымды, пікірсайысқа түсу мен презентация жасауды, сөз сөйлеушіні тыңдап әрі түсіне білу дағдыларын дамытуды, ақпаратты сыни ойлау тұрғысынан бағалап, оның мазмұнын интерпретациялай білуді қамтитынын көрсетеді [2; 68]. Мемлекетімізде академиялық сауаттылық мәселесінің орын алуына байланысты «Академиялық оқылым және жазылым» пәні болашақта қазақстандық жоғары білім беру жүйесінде пәнаралық байланыстарды дамытатын пәндер қатарынан орын алып, біздің жоғары оқу орындарымыз жаһандық саяси, мәдени, экономикалық өзгерістерге бейім академиялық сауатты мамандар даярлап шығаруы тиіс. Үшіншіден, бұл пән барлық мамандықтың студенттерін оқытуға бағытталған: әрбір пәннің өз ерекшеліктері бар, оларды меңгеру өте қажет. Осыған байланысты мамандыққа байланысты ғылыми мәтіндермен жұмыс істеу өз нәтижесін береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет