Реферат Тақырыбы: Алкоголизм және оның салауатты тұлғаның дамуына әсері. Орындаған : Ұзақбай Назерке



бет3/5
Дата17.04.2023
өлшемі25,1 Kb.
#83418
түріРеферат
1   2   3   4   5
Жасөспірімдердің араққа салынуы әдетте 13-15 жаста дами бастайды, бірақ балалар алкоголизмі де болуы мүмкін. Жасөспірімдер спиртті ішімдіктерді өз құрдастары арасында пайдаланады,ересектердің арасында (жұмыста, ата-аналарымен бірге...) сирек қолданады. Шыдымдылықтары (тұрақтылық, төзімділік) тез өседі, әсіресе алкогольді жүйелі түрде пайдаланғанда. Тез бас жазу синдромы қалыптасады, соның құрылымында психикалық бұзылу пайда болады, мінезі де есалаңдық келбетке тез ауысады. Бұл не қозуының жоғарылығымен, агрессияға берілуімен, не белсенділігінің, бастамашылдығының, интеллектуалды мүмкіндіктерінің төмендігімен, енжарлығымен білінеді. Жастардың алкогольге деген жоғары құмарлығы жиі теріс түсінікпен байланысты, олар алкоголь жыныстық құмартуды күшейтеді және сексуалдық белсенділікті арттырады деп ойлайды. Бұл алданыш жарнаманың, кинофильмдердің, көркем әдебиеттің, достары мен таныстарының шынайы өмірден алшақ жатқан әңгімелерінің әсерінен қалыптасады және ұялшақ әрі жасқаншақ адамды қоқынышынан, үрейден құтылуға мүмкіндік беретін алкогольге тән «тежеу» әсеріне негізделген.
Бірінші кезеңде бұл көмектеседі, бірақ кейін спиртті ішімдіктің өтемі ретінде сексуалдық бұзылыс, эрекцияның бұзылуы, белсіздік пайда болады. Жастық шақта алкоголь мен есірткіні немесе дәрілік құралдарды қатар пайдалану оқиғасы да кездеседі, бұл да жас организмді ерте солдырады және соңы жиі қайғымен аяқталады.
Әйелдер маскүнемдігі емге тез көндіге қоймайды. Маскүнем әйелдерде әртүрлі психикалық бұзылыстар пайда болады, әдетте ол еркектерге қарағанда өте тереңде жатады. Оларда күйзеліс ауыр жүреді, ол жиі қайталанады және өте қысқа маскүнемдік тәжірибенің өзінде басталуы мүмкін. Мұндай әйелдер жабырқаңқы келеді, оларды қорқыныш, шарасыздық, өмірдің түкке тұрмайтындығы сезімі билейді. Осындай минуттар даөмір сүргісі келмейді, жиі ауыр әрі қайталанбайтын әркеттерге барады. Көптеген әйелдер «ештеңе етпейді» деген көпірме сөздерге еріп, жүкті кезінде алкоголь ішеді. Оның сазайын – ауыр ұрықтық алкоголь синдромы бар бала туылғанда көреді, ол мидың және бүкіл дененің өсуінің тежелуінен, нерв жүйесінің бұзылуынан, ақылының кемдігінен, көру, есте сақтау қабілетінің бұзылуынан, әртүрлі мүгедектігінен байқалады. Әйелдер көңіл-күйлерін көтеру үшін, шаршауды, үрейді, ұйқының бұзылуын жою мақсатында тыныштандыратын құрал ретінде алкогольді жиі пайдаланады. Созылмалы алкоголизм өлім себептері бойынша является третьей после жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулардан кейін үшінші орынды алады. Масаюдың ауыр формасы (алкогольдік улану) жастай өлімге апаратын себептердің бірі болып табылады. Спиртті ішімдіктерді көп ішудің салдарынан кенеттен жүрек тоқтауы немесе жүрек қызметінің қағысы бұзылып, оқысжүректенөлуқатері туындайды (мысалы, жыбырлақ аритмия). Ішімдік ішетін адамдарда жүрек-қан тамыры жүйесі жәнеасқазан-ішек жолдары аурулары 22 және 18 есе жиі кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет