Астениялық синдром (бас жазу синдромы) дамиды, яғни организмнің спиртке тәуелділігі қалыптасады. Мұның негізгі белгілері босаңдық, әлсіздік, тез шаршау, зейіннің бұзылуы, парасаттық процестердің жұтаңдануы және бас ауруы болады. Осының бәрі аурудың жұмыс сапасының нашарлауына әкеледі. Онда ұйқының бұзылуы пайда болып, ол онан арман ұлғая түседі. Ол көп уақыт көз іліндіре алмайды, ұйқысы үстірт, үзік-үзік болады. Көбіне жиі-жиі корқынышты түс көреді. Ұйқыдан соң сергу сезімі байқалмайды.
Бас жазу синдромына көздің қызаруы, жүрек қағысы, қан қысымының артуы, тершеңдік, жүрек тұсының ауруы, әлсіздік, шаршау, дененің қалтырауы және аяқ-қолдың дірілдеуі тән. Науқастардың біразында іш ауруы, тәбеттің жоғалуы, жүректің айнуы, құсу, іш өту байқалады. Бас жазу синдромына ұшырағандар қандай да бір жұмысты сапалы атқара алмайды, себебі ол қай жерден және қалай бас жазуды ойлап отырады.
Бара - бара есін жоғалтып, әлеуметтік және интеллектуалдық тежелу басталады. Науқастар өтірікші, эгоист болып кетеді, өз отбасына қамқор болуды ұмытып, жұмыс орнын жиі ауыстырады, спиртті ішімдік сатып алу үшін заттарын сатып, суррогаттарды пайдаланады. Мас күйінде эмоционалдық тұрақсыздығы көрініп, бейғам күлкісі ашуға, қызбалыққа, бейәлеуметтік қылықтарға ұласады. Үрейге толы түстер көріп, жиі оянатын болады. Бас жазу күйінің ерте пайда болуы психикалық бұзылуларға әкеледі, психоздың даму мүмкіндігі туындайды.
Үшінші сатыға аз ғана спирт ішімдігін ішкеннен кейін бірден масаю күйі тән. Тұлғаның терең физикалық, психикалық, әлеуметтік тоқырауы басталады. Науқастар жұмыс істеу қабілетінен айырылады, жиі отбасын, жұмысын, пәтерін, достарын жоғалтады. Енжарлық, күйзеліс, жабырқаңқы көңіл-күй, өзін-өзі кінәлау және өзін-өзі кеміту үрейі байқалады. Әлсіздік, бас айналу, бас ауруы, аяқтың ауруы пайда болып, жүрек қызметі бұзылады, улы гастрит, ойық жара, бауыр циррозы, алкогольдік полиневриттер, гипертония дамиды, қолы қалтырап, ерте қартаяды.
Алкогольдік мінез қалыптасады. Бір жағынан, жалпы қозуының артуы есебінен барлық эмоциялық реакциялар (қайғы, қуаныш, қанағаттанбау, таңғалу...) шиеленісе түседі, науқастарға ынжықтық, жылауық қасиеттер тән, әсіресе олар мас күйінде қайғыдан немесе қуаныштан жылайды. Екінші жағынан, эмоционалдық дөрекілік пайда болады, тұлға бойынан эгоизм, жақындар мен туыстарына деген толық бейжай қатынас байқалады. Парыз, жауапкершілік сезімі жоғалып, тәртіптің этикалық нормалары бұзылады. Науқастың бар көңілі тек спиртті ішімдікті қайдан тапсам болады деген тілекке ауады. Маскүнемдік әрқашан құлдырап көрінгенімен, өзінің тұлғалық сапасы әрленеді. Арнайы алкогольдік юмор - ебедейсіз, татымсыз, ұятсыз әзілпайда болады. Жиі агрессия, өшпенділік, зорлық, ашықарсыздық байқалады. Науқастар кез келген құрамында спирті бар заттарды (денатурат, одеколон, дәрілік тұнбалар, тұрмыстық химия препараттары) пайдалануға құмар болады және ол олардың түбіне жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |