Алкогольдік ішімдіктердіңсоның ішінде сыра, тониктер) құрамында этил спирті бар, ол организм үшін у болып табылады және өлімге апаратындай етіп ағзаны улайды
Алкогольдік ішімдіктердіңсоның ішінде сыра, тониктер) құрамында этил спирті бар, ол организм үшін у болып табылады және өлімге апаратындай етіп ағзаны улайды. Алкогольдік масаю–бұл жіті алкогольдікулану.
Масаюдың жеңіл дәрежесі - қандағыалкоголь құрамы 1-2%. Көңіл-күйінің көтерілуімен, өзіне деген сынның төмендеуімен, қимыл-қозғалысының сенімсіздігімен, аузынан шығатын сасық иіспен сипатталады. Адам өзіне риза, барлығымен достық қарым-қатынаста, өз-өзіне сенімді, сөзшең болып кетеді.
Масаюдың орташа дәрежесі - қандағы алкоголь құрамы 3-4% артады. Қимыл-қозғалыстары сенімсіз, қарапайым уординациялық қимылдар жасауда құлайды, тілі күрмеліп сөйлейді.Риясыз көңіл-күйі ашуланшақтыққа, агрессияға ұласады (сен мені сыйламайсың ба). Өзіне, айналасындағыларға сыни көзқарасы төмендейді, өрескел қылықтар жасайды. Ауырсыну және температуралық сезімталдығы төмендейді. Алкоголь қабылдауды тоқтатқаннан кейін бірнеше сағаттан соң шөлдеу сезімі, ауыз құрғау, асқазан, бауыр, жүрек аймағындағы жағымсыз сезімдер, жалпы жайсыздық, әлсіздік пайда болады. Мастану кезеңінің жеке эпизодтары ғана есте сақталады.
Масаюдың ауыр дәрежесі (5-6%) естің ауыр бұзылыстарымен, тіпті комаға түсуімен сипатталады. Кейде талмалы ұстамалары пайда болады, еркінен тыс зәр бөлінуі жиілейді және дефекация. Мұндай жағдайлар адамның есінде қалмайды. Кейде көңілі бұзылып, ашуланшақтық, агрессия, әумесерлік күйге түседі. Ауыр улану дәрежесіндегі адам көмекке зәру болады. Жедел жәрдем келгенше адамның құсығына тұншығуына жол бермеу керек, оны қырынан жатқызып, қажет болған жағдайда жасанды дем беру керек. Мамандандырылған психиатриялық көмекті алкогольдік деллирия (елесті ауру) талап етеді.
Қорытынды
Ағзаның токсинге улануына орай, тәжірибеден сәтті өткен халықтық ем – қарапайым сұлыны пайдалану. Оны қайнатып, ұдайы ішіп отыру керек. Ол үшін 5 стақан қайнаған су мен бір стақан сұлы түйіршіктері қажет болады. Қайнатпа кем дегенде үш сағат бойы жабық күйде тұрсын. Дайын болған соң, жарты стақандап, күніне бес рет, тамақ алдында қабылдайды.
Жебіршөп (чабрец) қайнатпасы – спирттік сусындарға деген жиіркеніш сезімін тудырады. Оны әзірлеу үшін 15 грамм жебіршөпті алып, екі стақан су құйып, 15 минут бойы қайнатады. Дайын болған қайнатпаны белгілі мөлшерде ғана қабылдайды. 15 мл. суға 50 мл. жебіршөп қайнатпасын пайдалану керек.
Алкогольді тәуелділіктен арылуға көмектесетін тағы бір халықтық ем – шайқурай қайнатпасы. Оны дайындау үшін 0,5 литр қайнаған су алып, оған 4 стақан шайқурай жапырағын қосамыз. Екеуін араластырып, жарты сағатқа жауып қоямыз. Дайын болған қайнатпаны екі жеті бойы күніне екі реттен қабылдау отыру қажет
Қолданылған әдебиеттер тізімі Ордабеков С. Медициналық валеология. Тараз, 2005.
Брехман И. И. Валеология — наука о здоровье — М.: ФиС, 1990.
Вайнер Э. Н. Валеология: Учебник для вузов. — 3-е изд.. — М.: Флинта: Наука, 2005.
Дорошкевич М. П., Нашкевич М. А., Муравьева Д. М. И др. Основы валеологии и школьной гигиены: Учебное пособие для вузов. 2003, 238 с.
Дыхан Л. Б., Кукушин В. С., Трушкин А. Г. Педагогическая валеология. Март, 2005, 527 с.
Мохнач Н. Н. Валеология. Конспект лекций: Учебное пособие для вузов. 2004.
Қожанов В.В. Гигиена школьника. Алматы. 1981.