Реферат Тақырыбы: Америка халықтары Орындаған: А. Т. Шамакова Тарих-111 ткб жоо тексерген: Ж. Т. Ерназаров профессор



бет4/4
Дата02.12.2023
өлшемі3,72 Mb.
#132021
түріРеферат
1   2   3   4
3.Қорытынды
20-жылдарда Американың дамуы берік және тұрақты болып көрінді. Тіпті 1929 жылы қазан-қараша айларында биржа дүрбелеңі «Ұлы депрессияның» басы ел басшыларының оптимистік болжамдар жасауын тоқтатпады. Алайда депрессия күшейе берді: миллиондаған ақша салушылар өздерінің өмір бойы жинаған қаржыларынан айрылды. 1932 жылға қарай жоғалтылған бағалы қағаздардың нарықтык бағасы 75 млрд. долларға жетті. Іскерлер кеңселері жабылды, фабрикалар жұмыстарын тоқтатты, банктер күйзеліске ұшырады, миллиондаған жұмысшылар көшелерде ақша табудың қамын ойлап босып жүрді. АҚШ тарихы баяғыда ұмыт қалған 1870 жылғы депрессиясын санамағанда мұндайды көрмеген еді.
Бірінші қолбалжулардан кейін есін жинаған адамдар болған жағдайдың себебін іздей бастағанда, елдің гүлдену барысында зиянды үрдістердің бары да анықталды. Мәселенің негізі өндіріс күштерінің өсу деңгейі мен тұтыну деңгейінің арасындағы үлкен айырмашылықта болды. Соғыс кезінде және онан соң өндірісті техникалық қайта жарақтандыру есебінен шығарылған өнімнің мөлшері американ фермерлерінің, жұмысшылары мен қызметкерлерінің сатып алушылық қабілетінен асық түсті. Байлар мен орташа топтың мол ақшасы ақылмен қолданылмады. Оларды акциялармен, қолғалмайтын мүліктермен алып-сатарлық жасауға жұмсады. Бағалы қағаздар нарығының құлдырауы, биржалық алып-сатарлықтың іргесі шайқалған мекемесін жермен-жексен еткен бірінші жарылыстардың бірі болды.
1932 жылы президент сайлауы «Ұлы депрессиядан» шығудың жолдары мен себептерін талқылау айтысьшда Герберг Гувердің жолы болмады — ол президент орнына биржалық күйзелістің алдында 8 ай бұрын келді де, индустрия дөңгелегін қайтадан айналдыру үшін бар күшін салды. Алайда Гувер экономикадағы федералды үкіметнің ролі туралы дәстүрлі тұжырымдардың ықпалында болып, шешуші дараларды қабылдай алмады. Оның демократиялық партиядан шығып, күйзелістің бірінші жылдары Нью-Йорк штатының губернаторы орнында атағы шыққан оппоненті Делано Рузвельт депрессия америка халық шаруашылығындағы ішкі процестердің салдарынан басталып, 20-жылдардағы республикашылардың саясатының арқасында күшейгенін дәлелдеумен болды.
Экономикалық дағдарыс елдің ішкі саяси жағдайына едәуір ықпал етті. 1930 жылдың өзінде-ақ демократиялық партия конгресстен көп орынды жеңіп алды және республикандықтармен сенімді күреске түсті. Республикандықтар бұл кезеңде жергілікті жерлердегі жергілікті баскару органдарға жауап беретін болса да, сайлаушылар оларды онша көп қолдамады. Биржаның күйреуінен туындаған қорқыныштан есін жинаған демократиялық партияның босстары қалыптасқан жағдайды пайдаланып республикадықтардан Ақ үйді жеңіп алуға тырысты. Демократиялық партияның маманданған насихатшылары Гуверге «жалқау-президент» деген ат тақты, сол тағылған аты оған көпке дейін сақталып қалды [7]. Елдегі жағдай және қоғамның республикандық әкімшілікке көзқарасы демократиялық партияның жоспары мен үмітін жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызды. Демократтардың Ұлттық комитетінің пресс — хатташысы Михелъсон мұны былай деп сипаттады: «Стол был накрыт, нам оставалось только есть»[8].
14 маусым 1932 жылы республикандық делегаттар Чикагоға жиналып, партия босстары жасап қойған таңдауды бекітті. Осы жылдың көктемінде басталған партияның ішінде Кулидждің кандидатурасын ұсыну қозғалысын Гувердің белсенді жақтастары ебер басып тастай алды. Сенаторлар Норрис, Лафоллет, Костиган бастаған республикавдық партияның «прогрессистері» партиялық аппаратқа да бақылау қоюды қолдан шығарып алды, Гуверді қайта ұсынуды тоқгата алмады. Чикаго жұмыссыздары делегаттардың лимузиндермен съездің бір залынан ек шні залына дейін қайта-қайта ағылғанын қынжыла бақылады. Қаланың атмосферасы өте шиеленісті тұрды. Съездің жұмысы әбден дайындалған жоспар бойынша өтті. Партияның саяси платформасы президент Гувердің ішкі және сыртқы саясатын барынша қорғады, американ халқының басына түскен экономикалық қиындықтарға Европадағы жағдай мен Европа үкіметтерінің экономикалық саясатын айыптады. Съезд жұмысының үшінші күні делегаттар кандидатураларды ұсынуға көшті. Төрағалық етуші трибунадан салтанатты түрде Гувердің кандидатурасын ұсынды. Гувердің саяси қарсыласының бірі съездің басқа делегатының кандидатурасын ұсынған кезде залдағы барлық микрофондар кенеттен өшіп қалды. Бұрынғы президент Калвин Кулидждің кандидатурасын ұсынған екінші бір делегатты полиция залдан қуып шықты. Партияның саяси босстары мен съезді ұйымдастырушылардың сақтық шаралары өз нәтижесін берді. Съезд делегаттарының басым көпшілігі өз дауыстарын Герберт Гуверге берді. Ешқандай қиындықсыз Гувердің «әріптесі» Чарльз Кертис кандидатурасы да бекіді. Республикандық партияның мүшелері 1932 жылғы партияның ұлттық съезі туралы өкінішпен еске алады. Чикагалық «Трибюн» газеті республикандық платформаны «дөрекі алаяқтық» деп көрсетті [9].
Белгілі американ журналисті Уилл Роджерс 1932 жылғы президенттік сайлау алдындағы республикандық партияның кездескен қиындықтарын былай сипаттайды: «Демократтар сайлауыларға жеңіске жеткен күнде істейтін жұмыстары туралы уәде бере алады. Ал республикадықтардан олар алдымен не істей алатындығы, содан соң неге істей алмағандығын түсіндірулері талап етіледі». Сайлау алдындағы жағдайдың осындай ерекшелігі демократиялық партияға көп көмектесті.
1932 жылғы сайлауға демократиялық партия республикадықтарды өкімет басынан кетіремін деген үлкен сеніммен келді. Партияның финанстық қайыршылық жағдайымен және елдегі кең танылуына байланысты, сенатор демократтардың бір былай деп айтты: «Біздің бақытсыздығымыз сонда, бізде дауыс бар да, ақша жоқ. Қазіргі туындаған жағдайда менің ойымша президент Гуверге партияға кажетті ақшаның жартысына миллион дауысты сату керек, біз дауыстарды жоғалтамыз, ал ақша бізге қажет болып табылады»[10].
Республикандық съезд аяқтала салысымен, Чикагаға демократиялық партияның делегаттары ағыла бастады. Журналистер республикадықтарға қарағанда демократтардың белсенді әрі жас екенін көрсетті. Съездін атмосферасының белсенді өтуіне республикадықтарды жеңуі жақын екендігіне сенім де әсер етті. Демократтардың кандидаттары аз болған жоқ. Сонда да, Нью-Йорк штатының губернаторы Франклин Делано Рузвельттің кандидатурасы ә дегеннен-ақ басым түсіп жатты.
Президенттік сайлаута дауыс берген кезде, «өз бетінше жүріп-тұра алмайтын мүгедектің президенттік креслоға» отыратындағы туралы американың қоғамдық пікірі ешқандай шешуші роль атқармауға тиіс болатындығы дайындалды. Қоғамдық пікірді дайындауға ерекше маңызды мән берідді, Рузвельттің жақын көмекшілері үш ірі медик-мамандардан консилиум ұйымдастырды. Рузвельтті медициналық тексерудің нәтижелері баспасөзде кеңінен жарияланды. Оның үстіне эксперттер Рузвельт барлық жағынан алып қарағанда да, қандай жауапты қызмет болса да атқара алады деген тұжырым жасады. Дәрігерлер өз бетінше жүре алмайтындығы туралы, бұл нақты жағдайда ешқандай кедергі келтірмейді, ол бір көзі жоқтықтай ғана әсер береді, деген қорытындыға келді.
Басқа кандидаттарға қарағанда 49 жасар Рузвельттің көп артықшылығы бар еді — бүкіл елге әйгілі фамилия, оның дара тұлға ретінде және саяси танымалдығы, республикандықтарды басымдылықпен жеңгендігі және ауыр сырқатты жеңе білгендігі, елдегі атақты адамдар арасында туыстық-семьялық байланыстар.
1931-1932 жылдары белгілі американ газеттері қоғамдық пікірді сұрағаңда, көптеген америкаңдықтар Рузвельт пайдасына өз симпатияларын білдірді. 1932 жылы Скриппс-Говард газет концерні жүргізген сұрау бойынша саяси топтар мен АҚШ-тың қалың көпшілігі алдыңғы нәтижені толық дәлелдеді.
Съезде Рузвельттің басты қарсыласы бұрынғы оның одақтасы және қамқоршысы Альфред Смит болды. Оны елдің Шығыс штаттарының делегаттары жөне АҚШ-тың Оңтүстік штаттары қолдаған өкілдер палатасының спикері оңтүстіктік Джон Гарнер қолдады. Дауыс берудің үш турынан кейін претенденттердің ешқайсысы көпшілік дауысқа ие болмады. Сондықтан Гарнер өзіне ұсынған вице-президенттік постқа келісіп, өз жақтастарының дауысын Рузьвельтке берді. Бұл съездегі күрес барысын шешті. Франклин Рузвельт АҚШ президенті қызметіне кандидат болып бекітілді. Съезде қабылданған саяси платформа «құрғақ заңды» алып тастады, экономикалық сипаттағы көп проблемаларды шешу жөніндегі шараларды қарастырды. Оның ішінде жұмыссыздар мәселесі, антитрестік зандарды күшейту, және монополия қызметіне бақылау қою, мемлекеттік шығындарды қысқарту сияқты мәселелер бар. Демократиялық партияның платформасы мәні жағынан республикандық әрекеттің программасына қарама-қарсы болып көрінеді. Республикандық платформасында бұрынғысынша Гувердің американдық индивидуализмі жатты. Чикагодағы съездің соңғы күнінде қалыптасқан традицияға қарамастан Рузвельт Чикагоға ұшып келіп, өз кандидатурасын бекітуге тікелей катысты. Съезд залындағы трибунаға шығып, ол; «Мен, кандидаттың оған ресми мәлімделгенге дейін бірнеше апта бойы бар жайдан хабарсыз қалуға тиіс, деп көрсетілген қалыптасқан традицияны бұзып, біздің алдымызда тұрған міндеттерді шешу бойынша жұмысқа кірістім. Сіздер менің кандидатурамды бекіттіңіздер, мен мұны білемін, сондықтан маған білдірген сенімдеріңіз үшін, алғыс айтқалы сіздердің алдарыңызда тұрмын. Мейлі менің тардицияны бұзғаным да символистік болып табылсын. Осы кезден бастап ақымақтықпен жасалған традицияларды бұзу біздің партияның міндеті болып табылады». Оның микрофон алдындағы жағымды қоңыр даусы бүкіл елге жайылды, Рузвельт алғаш рет американ халқына «жаңа бағыт» уәдесін берді [11].
Демократтар съезді аяқталысымен Рузвелът бүкіл елді аралауға шықты, президенттік сайлау күнге дейін 36 штатты шығыс жағалаудан батысқа дейін аралап, 27 программалық баяңдама және көптеген қыска хабарламалар жасады. Саясат және экономиканың әртүрлі салаларында маманданған қабілетті және ширақ кеңесшілер тобының аркасында демократтық кандидаттың сөздері мен баяндамалары өте мәнді болды жөне американ қоғамын толғандырған көптеген сұрақтарға жауап берді. Рузвелът таңдаған «ми трестінің» жоғары интеллектуалды және кәсіби қабілетін атап көрсете отырып, демократ кандидатының өзінің жеке кабілеті мен саяси төжірибесін бағаламауға болмайды. Өйткені ол кез-келген жағдайда қажетті ойды айта алды. Сайлау алдындағы компания кезінде адамның іс үшін, жігерін, қабілетін, денсаулығын кажет еткен жұмыстарды атқарған Рузвельт, өзі туралы АҚШ президентінің жауапты және күрделі міндеттерін атқаруға денсаулығы жетпейді деген алып-қашпа сөздерді жоққа шығарды.
Йеллоустон ұлттық саябағы — дүние жүзіндегі ең алғашқы ұйымдастырылған ұлттық саябақ (1872). Аумағы 9 мың км2.
Йеллоустон ұттық саябағының жері қалың қылқан жапырақты орман болып келеді. Оның территориясында сазбалшықты жанартаулар, ыстық қайнарлар, көлдер және 3 мыңнан астам гейзерлер кездеседі. Олардың ішіндегі ең ірісі – «Алып» гейзері, ол атқылаған кезде ыстық су 91 м-ге дейін, ал «Олд-Фейтфул» гейзерінің суы – 50 м биіктікке дейін көтеріледі.
Жер шарындағы ең үлкен және белгілі Үлкен Каньон АҚШ-тағы Колорадо өзенінде (ұзындығы 320 км-ден астам, тереңдігі 1800 м-ге дейін) орналасқан.
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы жедел дамуы, халық санының артуы табиғи ортаға үлкен нұқсан келтіруде. Сондықтан АҚШ табиғптты қорғау мақсатында дүние жүзінде алғаш рет 1872ж Йеллоустон Ұлттық паркін ұйымдастырды. Бүгінгі таңда АҚШ жерінде 50-ден аса ұлттық парк бар
4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Оқулықтар: З.Ахметов. 84 бет. А.Бейсенова.169 бет.
https://itest.kz/kz/attestation/geografiya-3136/11-synyp/lecture/amerika-elderi-latyn-amerikasy
https://kazaksha.info/%D0%B3%D0%B5%D0%BE%D0%B3%D1%80%D0%B0%D1%84%D0%B8%D1%8F/%D0%B0%D2%9B%D1%88-%D0%B1%D2%AF%D0%BA%D1%96%D0%BB-%D0%B4%D2%AF%D0%BD%D0%B8%D0%B5%D0%B6%D2%AF%D0%B7%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BA-%D1%8D%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B/

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет