Реферат Тақырыбы: Антика Философиясы Орындаған:Қаратай. А.Қ Қабылдаған: Абуханов. Ш. А алматы 2019 жыл


Пифагор мектебі (Пифагор, Филолай, Архит және т.б.)



бет7/25
Дата06.01.2022
өлшемі59,26 Kb.
#12095
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Байланысты:
Реферат Фило 2

Пифагор мектебі (Пифагор, Филолай, Архит және т.б.).Мінез-құлық ережелеріне қатаң бағынған әлдеқандай туысқандық немесе діни орден ретінде әрекет етті. Пифагор (б.з.д. 580- б.з.д. 500 жж.) Самос аралында дүниеге келген. Ол алғашқыда өзін философ деп атады. Оның бастамасы - сан. Барлығы саннан тұрады. Сан – дүниедегі құдырет бастауы, барлық заттардың принципі. Ғарыш, оның тәртібі санмен белгіленеді. Сандарды құдайландыру сандардың, сандық қатынастардың мистификациясына әкеп соқтырды.. Пифагорлықтар шектің дыбысталу тонының жоғары болуы оның ұзындығына байланысты деп тұжырымдады, яғни бұл музыканың математикалық негіздері болып табылады. Өмірдің мақсаты, мәні – жанды денеден оны тазарту арқылы босату. Тазарту – бұл “сырттай қарайтын өмірдің жетістіктері”. Жан – санмен есептелетін дене элементтерінің үйлесімі.

ГераклитЭфестен (б.з.д. 544- б.з.д. 483 жж.). Оның еңбегі “Табиғат туралы” деп аталады. Барлық дүниенің бастауы – от. Дүниеде бардың бәрін ешкім жаратқан жоқ, ол әрқашан болған, бірде жанатын, бірде сөнетін мәңгілік нағыз от бола да береді. Оттың өзгеріске түсуі жүзеге асады: ол суға айналады, ал су дүниені жаратушының ұрығы. Су, өз кезегінде, Жерге және Ауаға айналып өзгереді. Аталған үдеріс циклді болады.Гераклит гносеологияның негізін қалаушы болып есептеледі. Ол бірінші болып сезімдік және рационалды танымды бөліп қарады, бұл орайда ақиқатқа ақыл-оймен жетуге болады деп есептеді. Таным сезулерден басталады. Одан әрі сезімдік мәліметтер адамның ақыл-ойымен өңделеді. Дүниеде біртұтастық бар, және ол қарама-қайшылықтардың үйлесуінің нәтижесі. Қарама-қайшылық күресі заңды құбылыс және ол керек, бұл дүниенің құрылуының қайнаркөзі. Қарама-қайшылық бір-бірімен күреседі және бірігеді. “Бәрі де ағады, бәрі де өзгереді, бір өзеннің өзіне екінші қайтара түсуге болмайды”.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет