Қорытынды
Алдымен оқушылардың танысатын мәселесі санға 1-ді қосу және саннан 1-ді алу. Бұл есептеу тәсілінің теориялық негізі натурал сандар қатарының негізгі қасиеті. Егер n кез-келген натурал сан болса, онда алдыңғы n-1 саны шығады. Әрине осы қасиеттің жалпы түріндегі тұжырымдамасын балалардың келтіруі және оны жатқа айтуы міндетті емес.Оны балалардан талап етуге болмайды. Осы жерде оны мұғалімдердің есіне салу үшін ғана келтіріліп отырғанын ескертеміз.
Дегенмен, ол тұжырымдаманың мән-мазмұнын оқушылар сезінуі тиіс және нақты мысалдарды қарастыру барысында біртіндеп қолдануға машықтануы керек. Сондықтан нақты мысалдар арқылы осы қасиеттің мән-мазмұнын аша түсуге 10 көлеміндегі сандарды нөмірлеуді оқып-үйрену кезінен-ақ ерекше көңіл бөлу қажет. Осы тұрғыда заттарды санау, яғни зат пен санды сәйкестендіру; санға 1-ді қосу 1-ді азайту арқылы шығарып алу; сандар қатарын тура және кері ретпен атау; кез-келген саннан бастап 1-ден қоса және 1-ден шегере санау;сандар қатарын бір санды атап отырып екі бағытта атау; қалдырып кеткен сандар қатарындағы санды, т.с.с. Жаттығуларды, сондай-ақ әр алуан көрнекіліктің түрлері мен дидактикалық материалды қажетінше және тиімді пайдалану керек болады. Сонда ғана осы қасиетке негізделген есептеу тәсілінің мәнін оқушылар саналы қабылдайды және игереді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Кененбаева М.А. «Бастауыш және негізгі мектепте математиканы дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері». Автореферат. - Астана, 2005 ж.
2. Оспанов Т.Қ. «Бастауыш кластарда математиканы оқыту» Алматы, 2005 ж.
3. Оспанов Т.Қ Кочеткова О.В.,. Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математика оқыту әдістемесі. - Алматы, 2005.
4. Жақыпбекова Г.Т. Математика сабағында математикалық сауаттылықты қалыптастыру. Автореферат: Алматы. 2001.
Достарыңызбен бөлісу: |