Реферат Тақырыбы: Қашықтан оқыту Орындаған: Әбубәкірова Ақмарал 2022 жыл Жоспар



бет2/3
Дата13.12.2022
өлшемі93,86 Kb.
#56913
түріРеферат
1   2   3
Қашықтан білім беру — жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиалық жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі жəне сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген түрі.
Қоғам арасында қашықтан оқыту жүйесіне байланысты əр түрлі пікірлер қалыптасқан. Көпшілік халықтың пікірінше, қашықтан оқыту жүйесі бойынша алған білімнің дəстүрлі жүйеде оқи отырып меңгерген білімнен сапа жағынан төмен болатындығын алға тартады. Классикалық жүйеде студент оқытушымен жүзбе жүз кездесе отырып, жеке сауалдарын қанағаттандыру үшін оқытушымен тəжірибе бөлісуге толықтай мүмкіндігі бар. Студенттің классикалық оқу жүйесінде зертханалық аудиторияларда химия, физика сияқты пəндерден жасалатын зертханалық жұмыстардан қашықтан оқу жүйесінде оқитын студенттің тыс қалатыны да белгілі. Классикалық оқу жүйесі, əрине, қолданылу аясы кең алдыңғы басымдылықтағы оқыту жүйесі. Алайда қашықтан оқыту жүйесі де қазіргі ақпараттандыру мен автоматтандыру кезеңінде заман ағынына сай жүйе болып табылады.
ТМД білім нарығында дəстүрлі түрде күндізгі, сырттай жəне кешкі білім алу формасын негіздеді. Алайда соңғы жылдары бұл білім формаларын қашықтықтан оқыту жүйесі қыспаққа алып келеді. Қашықтықтан оқыту барлық классикалық білім беру нұсқаларында технологиялар көмегімен оқыту түрінде енгізіліп жүр. Қашықтан білім беру жүйесіне өтуде бірінші жағдайда білім алушы мен оқытушының аумақтық орналасуына байланысты «өркениеттің ауысуы» деп атауға болады. Əлемде білім алушылардың қашықтан оқыту жүйесін таңдауда көбіне қақтығысатын негізгі себептер: аралас мамандықтырды меңгеру, еңбек нарығындағы жоғары бəсекелестік, кəсіптік өсудің үзіліссіздігі жəне еңбектің əсерлілігін арттыру қажетттілігі.
Қорыта айтқанда, қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыруға қажетті инновациялық құралдар қамтамасыз етілуі жағынан жоғары деңгейде болса, ұйымдастырылу сапасы да сəйкесінше жоғары болады: білім алушылар үшін оқу-əдістемелік жəне оқу-əкімшілік ақпараттарынан тұратын беттері бар білім беру Интернет-порталының; телекоммуникациялық желіге шығатын (Интернет, спутниктік теледидар) жабдықтардың; əр түрлі терминалдардың: мультимедиалық сыныптардың, электронды оқу залдарының; CD, DVD дискілеріне арналған оқу контентінің (жекеменшік немесе сатып алынған); желілік оқу мультимедиаконтентінің (жекеменшік жəне сатып алынған); тиісті дайындықтан өткен профессорлық-оқытушылық, оқу-көмекші жəне техникалық персоналдардың; жекеменшік контентін (локалдық жəне желілік) құру үшін мультимедиа зертханаларының; желілік тестілеу кешендерінің; оқытуды басқарудың желілік жүйелерінің (Learning Management Systems — LMS); оқыту контентін басқару жүйелерінің (Learning Content Management Systems — LCMS) бар болуы қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың қажетті шарттары болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет