Реферат тақырыбы: «Қашықтықтан оқыту»



бет4/5
Дата17.10.2023
өлшемі31,63 Kb.
#117398
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Кусайнова Э

Қашықтан оқыту моделдері.

Авторлар өз еңбектерінде, қашықтан оқытудың қазіргі мезетте бар ашық желісінде қордаланған келесі моделдерді қарастырады:


Бірінші модель – экстарнат түрінде оқыту. Қандайда бір себеппен күндізгі оқу орнында оқи алмайтын оқушылар мен студенттерге арналған, мектептің және ЖОО-ның (емтихандық) талабына ыңғайластырылған оқыту.
Екінші модель – бір университет базасында оқыту. Тұрақты түрде оқытылмайтын, оқу орынан қашықта орналсқан, сырттай (ашық форма) немесе қашықтан оқытатын, яғни компьютерлік телекоммуникациялы мен ақпараттық технологияны қамытыған, студенттерге арналған бүтіндей оқу жүйесі. Мұндай бағдарламалар әртүрлі білім аттестаттарын алу үшін пайдаланылады.
Үшінші модель – бірнеше оқу орындарының бірігіп жұмыс істеуіне негізделген оқыту. Жетекші пәндерді (елдің немесе шет елдің кез-келеген аумағында) оқытуда бірнеше оқу орнының, сырттай қашықтан оқытудың бағадарламасын бірігіп дайындауына негізделген. Қашықтан оқытудың бағдарламасын дайындағанда осылай бірігіп қызмет ету, оның сапасын арттырады және біршама арзандатады. Бағдарламаның келешек мақсаты – достас елдердің кез-келген азаматына, өз елінен немесе үйінен алысқа ұзамай ақ, осы елдердегі колледждер мен университеттер базасында кез-келген білім алуына мүмкіндік беру.
Төртінші модель – Студеттер мен оқышулар әр бағытта білім алатын, ашық немесе қашықтан оқытуға арнайы құрылған, тәуелсіз білім беру мекемесі. Олар мультимедиялық курстар жасауға маманданады. Оқу ақысы студенттер жұмыс істейтін ұймдар мен фирмалар арқылы төленеді. Осындай ең ірі мекеме Лондондағы Ашық университет болып табылады. Оның базасы негізінде соңғы жылдары Ұлыбританияның ғана емес Достастық елдерінің де көптеген студенттері қашықтан оқытылып жатыр.
Бесінші модель – тәуелсіз оқыту жүйесімен оқыту. Бұған ұқсас жүйелерде оқыту толығымен теледидардағы бейнежазу немесе райдиобағдарлама, сонымен қатар баспа құралдары арқылы жүргізіледі. Қащықтан оқытудың бұндай түрінің мысалына америка – самоан тележобасын жатқызуға болады.
Мультимедиялық бағдарлама негізіндегі қалыпты тыс, интерактивті қашықтан оқыту. Мұндай бағдарламалар, өз уақытысында түрлі себептермен мектепте оқудын аяқтай алмай қалған үлкендерге арналған. Бұл жобалар арнаулы білім беру бағдарламаласының кірктірілген (мысалы, Колумбияда бар) бөлігі, немесе белгілі бір білім беру мақсатына икемделген (мысалы, Қазақстандағы Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту, Британияның халық ағарту бағдарламасы) болуы, немесе денсаулықтың профилактикалық бағдарламасы (мысалы СПИТтен сақтау бағдарламасы) болуы, даушы елдерге арналған бағдарлама болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет