Сұрапыл дауылдар санаты: 1-санат ● Жел жылдамдығы сағатына 118-ден 153 километрге дейін жетеді.
● Зардабы аз, көбіне ағаштар, өсімдіктер, толық бекітілмеген үйлер зардап шегуі мүмкін.
● Толқындар қалыпты ұзындықтан 1.32–1,65 метр жоғары.
● Жағалаудағы кей заттар зақымдануы мүмкін.
2-санат ● Жел жылдамдығы сағатына 154-тен 177 километрге дейін жетеді.
● Ағаштар мен өсімдіктерге зиянын тигізеді. Қорғалмаған электржеткізуші құрылғыларға әсерін тигізеді.
● Ғимараттардың шатырлары, есіктері мен терезелеріне айтарлықтай зиян келуі мүмкін.
● Толқындар қалыпты ұзындықтан 1.98-2,68 метр жоғары.
● Жағалауға жақын жолдарды су басып қалады.
● Жағалауға жақын аймақты мекендейтіндерге эвакуация жұмыстары жүргізеді.
3-санат ● Жел жылдамдығы сағатына 178-ден 209 километрге дейін жетеді.
● Желдің әсерінен ағаштар құлап, кейбір ғимараттар зардап шегеді. Дұрыс бекімеген не жылжымалы үйлер бұзылады.
● Толқындар қалыпты ұзындықтан 2,97–3,96 метр жоғары. Аймақтарды су басады, жағалау жанындағы үйлер су астында қалады.
● Теңіз деңгейінен 1,65 метр биіктіктегі немесе одан төмен жазықтар 13 км-ден астам ішкі аумақты су астында қалады.
● Жағалау маңындағы аймақтарда эвакуация жұмыстары жүргізеді.
4-санат ● Жел жылдамдығы сағатына 210-нан 250 километрге дейін жетеді.
● Ағаштар құлап, аймақтағы белгілер желмен ұшады. Шатырлар, есіктер мен терезелер зақымданады.
● Кішкентай үйлердің шатыры толық опырылады.
● Толқындар қалыпты ұзындықтан 4,29-5,94 метр жоғары.
● Теңіз деңгейінен 3,30 метр биіктіктегі немесе одан төмен жазықтар 10 км-ден астам ішкі аумақты су астында қалады.
5-санат ● Желдің жылдамдығы сағатына 250 километр болады.
● Шығын өте жоғары: ағаштар құлап, тамырымен жұлынады. Ғимарат құлайды, жарнама тақталарынан жел әсерімен ұшып кетеді.
● Толқындар қалыпты ұзындықтан 4,29 - 5,94 метр жоғары.
ҚОРЫТЫНДЫ Қорытындылай келе, дауыл, боран не құйын келе жатқаны туралы ақпарат түссе, сіз үйіңіздің беріктігіне күмәндансаңыз, жерасты бөлмеде немесе жерқоймада өмір сүретіндей жағдай (жерге төсейтін кілем, жылы киім, су, азық-түлік, жарық құрылғылары және күрек пен балта) жасап қою қажет.
Қар жоқ кезде дауыл тұрғанда ескі үйді тастап, аулада тез арада қазылған окоп-траншеяда болған дұрыс. Ол жел кезінде құлауы мүмкін бағана, қабырға сияқты нысандардан аулақ жерден қазылуы керек.
Қатты жел кезінде есік-терезе жанында тұруға болмайды, ал егер үйдің қабырғасында жарық пайда болса не үй шайқала бастаса, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шараларын жасау керек. Мысалы, есік ойығына немесе бұрышқа тұру.
Дауыл кезінде далалық алқапта болсаңыз, ағаштардан аулақ тұрып, шұңқыр немесе жыра тауып алып, сол жерге басыңызды қолмен жауып жатыңыз. Кең киімнің түймелерін түгел тағып, оны сыртынан дененің бірнеше жерінен орап тастаған жөн.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 1. Бродский А.К. жалпы экологияның қысқаша курсы. Алматы: Ғлым, 1998.
2. Жумадалиева С., Баешов А., ЖарменовА. Қоршаған орта химиясы. Алматы,1998.
3. Баимбетов Н.С. Правовые основы экологической экспертизы в РК. Алматы: Қазақ университеті, 2001.
4. Сағынбаев Г.К. Экология негіздері. Алматы, 1995.