1.3.Дауылнемесе шторм Дауыл немесе шторм - стихиялық апаттардың қауіпті түрлерінің бірі, ол халық шаруашылығына орасан зор зиян келтіріп, кейде адамдар арасында құрбандықтар тудырады. Дауылдың көзі - 12 және одан да көп балға жетіп, жылдамдығы 29 м/с-тан асатын күшті жел. Мұндай күшті дауыл өз жолында кездескендердің бәрін жайпай кетеді.
Дауыл жиі болатын аудандарда үйлер мен ғимаратуарды, әсіресе желдің әсеріне күшті ұшырайтын үй шатырларын, құбырларды және сым тіректерін салу кезінде қорғаныс шараларын алдып ала қарастыру қажет. Дауылды әлсірету үшін мынадай шаралар жүргізіледі: дауыл қаупі туралы хабар алысымен азаматтық қорғаныс жасақтары мен халық құбырларды, шатырларды бекітеді, шатыр астындағы жел көздерді жабады, электр беру жүйесін тоқсыздандырады, адамдар қорғаныс ғимараттарына паналайды, жануарларды беріктігі нашар қоралардан шығарып, сай-сала, жыраларға айдап апарады. Дауыл зардаптарын азаматтық қорғаным жасақтары жояды.
Торнадо мен сұрапыл дауыл арасындағы айырмашылық пен олардың ерекшелігіне тоқталайық.
Ең бірінші айырмашылық олардың пайда болатын жерімен байланысты: Торнадо құрғақ немесе жағалауда пайда болады. Ал сұрапыл дауылдар мұхиттарда ғана туындайды. Сонымен қатар екі құбылыстың да жел жылдамдығында айырмашылық бар. Торнадоның жылдамдығы сағатына 500 километр болса, сұрапыл дауыл кезінде сағатына 250 километрден аспайды.
Көлемі бойынша үлкен айырмашылықтар бар. Өйткені қалыпты немесе орташа торнадоның диаметрі 400 метр. Ал сұрапыл дауылдар әлдеқайда үлкен болады, өйткені олардың диаметрі 1500 километрге дейін жетуі мүмкін.
Біреуі мен екіншісінің жалғасу ұзақтығына қатысты да үлкен айырмашылықтар бар. Торнадо әдетте қысқа мерзімді және олардың ұзақтығы бірнеше минутқа созылуы мүмкін. Сұрапыл дауылдар әлдеқайда ұзағырақ, бірнеше аптаға дейін тұруы мүмкін. Мысалы 22 күнге созылған Надин дауылы айтуға болады.
Одан бөлек, тағы бір айырмашылық оларды алдын-ала болжау мәселесімен байланысты. Торнадоны болжау сұрапыл дауылға қарағанда қиындау. Сұрапыл дауылдың траекториясы мен орнын болжау оңайырақ.