Реферат тақырыбы: Ауыр атлетика Орындаған: Аллиярова: М. А топ: 1101-12 Қабылдаған: Усаев. У. Ж шымкент, 2022



Дата11.12.2023
өлшемі12,15 Kb.
#137183
түріРеферат
Байланысты:
Реферат тақырыбы Ауыр атлетика Орындаған Аллиярова М. А топ -emirsaba.org


Реферат тақырыбы: Ауыр атлетика Орындаған: Аллиярова: М. А топ: 1101-12 Қабылдаған: Усаев. У. Ж

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ауыр атлетика
Орындаған:Аллиярова:М.А
Топ:1101-12
Қабылдаған:Усаев.У.Ж
ШЫМКЕНТ, 2022

АУЫР АТЛЕТИКА


Ауыр атлетика Олимпиада ойындарына кірген әлемдегі танымал спорттардың бірі. Бұл спорт алғашында АҚШ мемлекетінде пайда болып бірте-бірте бүкіл әлемге жайылып кетті. Қазіргі таңда ауыр атлетика біздің мемлекетімізде беделі мықты спорттардың біріне айналған. 2014 жылы ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты Астанада өтеді. Бұл жарыста 2016 жылы РиоДе-Жанейрода өтетін Олимпиадаға жолдама сарапқа салынатын болады. Бұл туралы ҚР Ауыр атлетика Федерациясының төрағасы Қайрат Тұрлыханов мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай шешім Парижде өткен ауыр атлетика Халықаралық федерацияның атқарушы комитетінің отырысында қабылданған. Мұндай шешім жайдан-жай қабылданған жоқ: Қазақстан мемлекеттік аренада саяси беделі артумен қатар экономикасы да қарқынды түрде дамып келеді. Сонымен қатар қазақстандық ауыр атлетшілер соңғы олимпиададан өзге де ең жоғары дәрежедегі жарыстарда да жақсы табыстарға қол жеткізді.
Ауыр атлетика – зіл темір көтеру әдістерін жинақтаған спорт түрі. Алғашында күш жұмсап орындалатын бокс, күрес, гір көтеру сияқты спорт түрлері де ауыр атлетиканың қатарына жатқызылған, содан ХХ ғасырдың 30-шы жылдары ауыр атлетика атауы зіл темір көтеруге біржола бекіді. 1946 жылы зіл темір үш тәсілмен сығымдай, жұлқи және серпи көтеру болып классикалық үшсайыстың бағдарламасынан сығымдай көтеру алынып тасталды. Салмақ көтеру көптеген халықтарға ерте заманнан белгілі бола тұрса да, ауыр атлетикадан алғашқы жарыстар ХІ ғасырдың 60-жылдары АҚШ-та пайда болды. Алғашқыда бір қолмен салмақ көтеру де жарыс бағдарламасына енген екен. Зіл темір көтеруге үйрететін мектептер ХІХ ғасырдың 70-ші жылдары Париж және Брюссель қалаларында ашылды. 1985 жылы әуесқой атлеттердің Санкт-Петербургте ашылған алғашқы үйірмесі арқылы кейін аур атлетика Қазақстанға тарады. 1912 жылы ұйымдастырылған ауыр атлеттердің дүниежүзілік одағы 1920 жылы бірлестік болып қайта құрылады. 1898 жылдан әлем, 1947 жылдан Еуропа чемпионаты өтіп, 1900, 1908 және 1912 жылдан басқа уақыттың бәрінде Олимпиядалық ойындардың бағдарламасына енгізіліп келеді. 1920 жылдан бастап атлеттер әр уақытта шегі өзгеріп отырған салмақ түсуде.
Қазір ауыр атлеттер қоссайыстан зіл темірді еш тоқтаусыз жұлқи және кеудеге қондырып барып, жоғары қарай серпи көтеру сияқты екі жаттығуды орындайды. Осы қоссайыстың қорытындысы бойынша чемпион анықталады. Олимпиада ойындарында әр елдің командасы құрамындағы спортшылардың саны салмақ дәрежелерінің санынан аспауға тиіс. Бірақ халықаралық бірлестіктің рұқсаты бойынша ойындарға халықаралық талаптарын орындаған спортшыдан басқа салмақ дәрежелерінің есебінен бір салмақта екі атлетті қосақтап шығаруға болады. Чемпионаттар мен Олимпиада ойындарында бірнеше атлет бірдей салмақ көтерген жағдайда спортшылар қайтадан өлшеніп, басымдылық өз салмағы жеңіл атлетке беріледі.
Қазір әйелдер арасында Әлем чемпионаты өткізіліп, 2000 жылдан әйелдер арасында ауыр атлетика Олимпиада ойындардың бағдарламасына енгізілді.
Салмақ категориялары
Ереже бойынша салмақ өлшеу рәсімі жарыс бір немесе екі сағат алдында өткізіледі. 2008 жылдың желтоқсан айына қара ауыр атлетикадан келесі салмақ категорияларда жарыстар өткізіледі:

ЖҰЛҚИ КӨТЕРУ


Жұлқи көтеру ауыр атлетикадағы қоссайыстың алғашқы түрі. Атлеттін екі табаны екі иықтың деңгейінде орналасады, екі қолдын арасын белтемірден алшаңтау, саусақтар «кілттеп», бел қайқайып, бас тік ұсталады. Осы қалыптан салмақ жоғары қарай тартылып, шапшандығын бірте – бірте үдетіп, тізеден аса бере түзілген шапшандықтың қарқыны еркін қозғалысқа ауысып, спортшы зілтемірдін астына сүңгіп кіріп кетіп, салмақты екі қолмен демей отырып қол ұшына шығарады.Қолдар шыңтақ буынынан бүгілгенде, талтая отырады. Осы қалыптан түрегеліп көтерген салмағын жоғарыда төрешілер белгі бергенше секунд ұстайды. Ғасырдын басында 1900-1928 жылдары бір қолмен жұлқи көтеру ауыр атлетикалық бессайыстың бағдарламасына енқоссайыстың екінші түрі. Бұл жаттығу екі қимылда орындалады: Зілтемірді кеудеге қондыру және кеудеден серпи көтеру. Атлеттің екі табаны, қолдары екі иықтың деңгейінде орналасады, содан сон зілтемір жоғры тартылып бұғанаға қондырылады. Ғасырдың алпысыншы жылдарына дейін зілтемір көтерудің бірінші фазасы екі аяқты қайшылап тастау әдісі арқлы орындалатын болса, кейін салмақты отыра қалып көтеру әдісі қолданылады. Атлет бойын тіктеп, салмақты бұғанасына қондырып тыныс алуын қалпына келтіргеннен кейін зілтемірді жоғары қарай серпиді. Бұл тізелерін бүгіп барып, оның жазылған серпуді, дененің итерген күшімен, екі қолдын демеуімен ауыр салмақ жоғары қол ұшына шығады. Осы сәтте атлет аяқтарын қайшылайды немесе тізелерін сәл-сәл бүгіп отыра қалады. Осыдан кейін көтерген салмағын қол ұшында ұстап, қалпына келіп тік тұрады. Белгі берілгеннен кейін көтерген салмағын төсенішке тастайды. Ғасырдың басында бір қолмен серпи көтеру ауыр атлетика бессайстың 1920-1924 жылдары Олимпиада ойындардын бағдарламасына да енді.
Ауыр атлетиканың Қазақстандағы жагдайы.
1935 жылдан бастап дами бастады. 1935 жылы алғашқы Республика чемпионаты өтті. 1954 жылдан бастап Республиканың ауыр атлеттері бүкілодақтық, дүниежүзілік рекордтарды жанартып, көзге түсіп келеді С. Ульянов екі рет 1958 және 1960 жылдары КСРО-ның чемпины атанып, дүниежүзілік рекордтарды сан мәрте жаңартты. Сол сияақты П. Ким, В. Дрекслер, А. Колодков, Ю. Зайцев, В. Мазин, А. Храпатый, С. Филимонов, И. Ильиндер өз уақытында бірнеше мәрте Әлемнің рекордшысы атанды. 1975 жылы В. Можайков Джакартада Әлем чемпионының күміс жүлдегері, Ю. Зайцев (1976, Монреаль), В. Мазин (1980, Мәскеу), А. Храпатый (1988, Сеул), И. Ильин (2008, Пекин) Олимпияда ойындардын чемпионы, С. Филимонов (2004, Афина) күміс жүлдегері, С. Копытов КСРО-ның және КСРО халықтары спартакиадасының (1986), Е. Сыпко спартакиаданың (1986) чемпионы және Еуропа чемпионатының (1987) күміс жүлдегері атанды.

Сонымен қорытындылай келе, Ауыр атлетика – зілтемір көтеру әдістерін жинақтаған спорт түрі. Алғашында күш жұмсап орындалатын бокс, күрес, гір көтеру сияқты спорт түрлері де ауыр атлетиканың қатарына жатқызылған, содан ХХ ғасырдың 30-шы жылдары ауыр атлетика атауы зілтемір көтеруге біржола бекіді. Біз еліміздің аталмыш салада жүрген спортшыларына барлық жарыстарда сәттілік тілейміз. Еліміздің ауыр атлетика саласында бұдан да биік белестерді бағындыра алатындығына толықтай сенеміз.



https://articlekz.com/kk/article/31327
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет