Реферат Тақырыбы: Қазақ хандығындағы заңдар


Тәуке хан тұсындағы биліктің нығаюы. «Жеті жарғы»



бет3/4
Дата17.10.2023
өлшемі82,5 Kb.
#117159
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Қазақст тарих 1 дәріс реферат

Тәуке хан тұсындағы биліктің нығаюы. «Жеті жарғы»
Қазақ хандығының билігі 1680 жылы Жәнгірдің ұлы Тәукеге көшті. Жаңа билеуші көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіретті хан болды. Тәуке ханның өзіне дейінгілерден айырмашылығы - хандықтағы ерекше әлеуметтік топты құрайтын, дала аксүйектерінің өкілі билердің көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты. Дәстүрлі қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берілді. Билердің шаруашылық әдетті-құқық, әскери және идеологиялық міндеттерді атқаруда ерекше рөлі болды.
Алайда, олар Шыңғыс ұрпақтарына жатпайтын еді. Төңірегіне беделді билерді топтастырған Тәуке «билер кеңесінің» қолдауына сүйене отырып, хан билігіне ашық түрде қарсы шығушы Шыңғыс ұрпақтарына қарсы күрес жүргізді. Билер кеңесі халықтың айтуынша Тәуке ханға дейін, аңызға айналған Майқы би заманында-ақ белгілі болған. Билер мәжілісі ерекше жағдайларда, аса маңызды мәселелерді шешуге ғана шақырылған. Билер кеңесінің кызметін ретке келтіруде Тәуке бірқатар шаралар қабылдады. Ол билер съезінің өтетін жері мен уақытын белгіледі. Ханның маңызды билік жүйесі болып табылатын билер кеңесі әрдайым Тәуке ханның белгілі бір ордасында: Түркістан қаласы жанындағы Битөбеде, Сайрам қаласының маңындағы Мартөбеде және Сырдария облысының Ангрен қаласына жақын жердегі Күлтөбеде өткізшген.
Тәуке хан даулы істерді шешуде билер сотының беделін арттырып, билер кеңесін кесімді үкім шығаруда ерекше органға айналдырды. Осыдан бастап билер кеңесі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды мәселелерді шешетін тұрақты жүйеге айналды. Билер кеңесінің шешімі міндетті түрде жүзеге асырылды. Оның бірде-бір шешімін немесе үкімін келесі билер кеңесінің мәжілісіне дейін ешкім де өзгерте алмайтын еді.
Тәуке хан билігінің бір бөлігін беру жолымен ықпалды билерді мемлекеттік істерге таратуға бағытталған саясат ұстанды. Ол Қазақтың үш жүзінін ең беделді билерінің катысуымен билер кеңесін сәтті ұйымдастырып отырды. Ұлы жүзде Төле бидің, Орта жүзде Қазыбек бидің, Кіші жүзде Әйтеке бидің беделі ерекше болды. Олардың даналығы мен кеменгерлігі ойрат жаулап алушыларына қарсы қазақ халқының күшін біріктіруге, сондай-ақ хандықты ауыр сындардан аман алып өтуге бағытталды.
Үш жүздің басын құраудағы саяси окиғада билер кенесі үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар Тәуке хан өзінің билігі мен саясатында «би-батырлар тірегін» кеңейтуге тырысты. Кеңеске барлық рулардың қатардағы билері мен әскербасылары және батырлары көптеп шақырыла бастады.
Билердің мүддесін көздей отырып, Тәуке өз билігін нығайтты. Мұның барлығы қазақ тайпалары мен көшпелілер арасыңда жоғарғы билікті күшейтуге мүмкіндік берді. Сонымен, қазақ қоғамын ішкі саяси қайта кұрулар хандық өкімет билігін орталықтандыруға тырысқан әрекет болды.
Қазақ ақсүйектерінің Тәуке хан бастаған белгілі бір тобы Орта Азиямен сауданы дамытуға мүдделі болды. Шамамен 1687—1688 жылдары Тәуке Ташкент жайлы Бұхара ханы Субханкулимен келіссөздер жүргізді. Сырдария өңіріндегі Тәукенің хандық билігі берік болды, оның астанасы Түркістан қаласы еді. Тәуке хан орыс-қазақ қатынастарының жақындасуына табандылықпен қол жеткізді. Ол 1686—1693 жылдары Сібірге бес елшілік жіберді. Мұнда Тәуке орыс-қазақ қатынастарының өзара тең дәрежеде дамуын нығайтуға айқын мүдделілігін танытты. Бейбіт халықты өлтіру, тонау, мал-мүлкін тартып алу, жұздеген адамдарды тұтқынға алу, өзара шапқыншылықтарға байланысты туған қиындықтарға карамастан, Ресей мен Қазақ хаңдығы арасындағы бейбіт қарым-қатынастар сақтала берді.
Әз Тәуке ханды осы кезде қалың әскердің басында қытай-қыпшақтармен, жалпы өзбекпен жаугершілік ішінен көреміз. Осыған байланысты 1687-1688 жылдары Бұқар ханы Субханқули ханмен келіссөз жүргізіліп, Бұқар ханының сенімді адамы Хошеке -ағалық Түркістанға келді. Бұл оқиғалардың бәрі де мемлекет билігін күшейту қажегтілігін аса өзекті тақырыпқа айналдырды. Бейбіт уақытта өз бетімен кететін көшпелі елдің басшыларының «Күл Төбеде күнде кеңес жасап», Әз Тәуке ханны «Жеті жарғысында» билік айтып, ханның дәрегейіне бағынып тұруын осылай түсіндіреміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет