Реферат Тақырыбы: Қазақ хандығындағы заңдар



бет4/4
Дата17.10.2023
өлшемі82,5 Kb.
#117159
түріРеферат
1   2   3   4
Отбасы-неке құқығы.
Мұра алу. Жеті жарғыда азаматтық қатынастар жеткілікті дәрежеде талданбаған. Бәлкім, бұлай болған себебі, Жеті жарғының қолда бар мәтіндерінің үзік-үзік болып келетіндігінен ғана емес, тіпті одан да гөрі азаматтар арасындағы кептеген қатынастардың әдеттегі құқық бойынша реттеліп, барша жұртқа белгілі болғандығынан, сондықтан да Тәуке хан «Ережесінің» бұл қатынастарға ішінара ғана тоқталғанынан болса керек.
Отбасы-неке қатынастары саласында ата-анасының өз балаларының өміріне құкығы орнықтырылып, әйелдің тең құқықсыздық жағдайы нығайтыла түскен. «Ата-анасы өз балаларын өлтіргені үшін ешқандай жазаға тартылмайды», делінген заңда. Күйеуінің немесе әкесінің қылмысын біле тұра айтпаған әйелі немесе баласы жазаға тартылмаған, «өйткені отбасындағы ұлкеннің сыртынан сөз айтуға болмайды», Мұрагерлік құқық мәселелерінде Жеті жарғы, сірә, әдеттегі құқық нормаларын баянды еткен сияқты. Баласы жоқ бөлек тұрған ұлы қайтыс болса, оның мал-мүлкі әкесіне берілетін болды. Ата-анасы қайтыс болса, жас балалары ең жақын туыстарының, ал ондай туыстары болмаған жағдайда «бөгде сенімді адамдардың» қамқоршылығына берілетін болған.


Қорытынды
Уақытша болса да, бар қазақтың бірігуіне әсер еткен, атақты заңы – Жеті Жарғының өмірге келуіне мүмкіндік жасаған Ұлы Тәуке хан еді. (1680-1715) Тәуке хан кезіндегі жетістік деп – қазақтардың 1695жылға дейінгі жоңғарлардан 32 қаланы азат еткенін мысалға келтіре аламыз.
Есімнің немересі - Жәңгірдің бел баласы – Тәуке хандық құрған XVIIғасырдың аяғы мен XVIIIғасырдың басы-қазақ елінің абыройы асып, көсегесі көгерген ерекше бір кезең болды. Бұл жайында белгілі тарихшы А.И.Левшин былай деп жазды:”Тәукенің атын атаса-ақ ,бар қазақтың жүрегін алғыс кернеп ,мақтаныш билейді. Қазақ ордасының Ликургы , Драконты-сол адам. Тәуке алауыз болып , қырғынға бөккен елді бабына түсіріп , ру мен ру арасындағы жұрттың бәрін өзіне мойын ұсындыра білді , әлсіз рулардың басын қосып , әулетті дұшпанға қарсы қоя алды, күштілерді тізеге салып, тәубесіне келтірді, баршаға ортақ заң жасап, сол бойынша билік айтты. ”
XVII ғасырдың аяғында қабылданған Тәке ханның “Жеті Жарғы”атты заңы, шынында да, қазақ елінің бірігуіне жағдай жасады. Ру арасындағы келіспеушілік, бір жүз бен екінші жүз арасындағы қырғи-қабақ салқындық әлсіреді. Ел бірлігін сақтауда хандық биліктің заң негізінде кұшеюі аз үлесін қосты. (1,366-қор, 1-т., 327-іс, 47п.) Тәуке ханның “Жеті Жарғысы”бойынша ханның құқықтары мен міндеті мынандай болатын:
Біріншіден, хан – барлық рулардың бірлестігінің бірден-бір басшысы; жерді бөлісу, қайта қарап рулар арасындағы жерді бөліп беруде, ханның шешімі ақырғы шешім болды. Хан – өзіне қарасты жердің күшімен елді қорғауға міндетті.
Екіншіден, хан басқа елдермен бітім, келісім жасауға немесе бөтен елге соғыс жариялауға хұқы бар, ол барлық әскердің бас қолбасшысы (сардары)болып есептеледі.
Үшіншіден, хан басқа мемлекеттермен дипломатиялық байланыс жасауға, хандықтың барлық сыртқысаясатын белгілеуге хұқы бар.
Төртіншіден, хан өзіне қарасты ел ішіндегі тәртіпсіздік болдыриау үшін,қылмысы ауыр адамға өлім жазасын беруге хұқы бар. Яғни елдері жоғарғы соттың міндетін қоса атқарды.
Бесіншіден, халық хан билігін мойындап отырып, жүзегеасыруға тиіс еді. Сөйтіп, Тәуке ханның “Жеті Жарғысы” бір орталыққа бағынған мемлекетті құруға көмектесті. Елдің алауыздығына тиым салынып, бұра тартқан адам әділ жазаланды. Өзінің ортақ тілі бар, белгілі шекаралық арқылы анықталған хандығының жері бар, саяси мақсаты ортақ, қазақ елі тәуелсіз, таза ұлттық мемлекетке айналды. Қазақ елінің ұлт болып қалыптасуы да осы кезең – XVIII ғасырдың басы болатын.
Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Қазақстан тарихы / Алматы: (Дайындаған М.Қани) – Алматы: Жалын, 1993. - 400б (317-322 бб).

  2. Қазақтың тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. ІІ том. – Алматы: «Атамұра», 1998. – 640б (435-444 бб).

  3. Артықбаев Ж.О. «Жеті жарғы» - мемлекет және құқық ескерткіші (зерттелуі, деректер, тарихы, мәтіні). Оқу құралы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2006. 150б (51-58бб).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет