Реферат Тақырыбы: Қазақ хандығындағы заңдар



бет2/4
Дата17.10.2023
өлшемі82,5 Kb.
#117159
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Қазақст тарих 1 дәріс реферат

Қазақ хандығының заңдары
Қазақ хандығында «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деп аталатын заңдар болды. Бұл заңдар сол заманда ислам дінін тұтынатын Күншығыс пен Орта Азияның бір сыпыра елдерден феодалдық мемлекеттер мен хандықтарда жаппай қолданылып отырған ислам дінінің «шариғат» заңынан мүлдем басқаша болатын. Бұл қазақ хандығының ерекше тарихи әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайының туындысы еді.
Қазақ хандығының заңдары «жарғы» деп аталды. «Негізі орта ғасырларда қыпшақ, шағатай ұлыстарында қолданған ярғұ заңынан алынған. Қазақша «жарғы» әділдік деген ұғымды білдіреді. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудырмай, дәл, әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық бұқарасы ардақтап «қара, қылды қар жарған» деп мадақтаған. Оның екі жағының біреуіне артық жібермей, дәл айыру әділдіктің мезгеуі болған. Жарғы заңының негізі, міне, осында. Өзінің мазмұны бойынша бұл заңның түбегейлі идеясы ежелгі әскерін арнасына барып тіреледі».
«Қасқа жол» мен «Ескі жол» заңдары 17-ғасырдың аяқ көзі мен 18-ғасырдың басында қайта толықтырылып, елеу-енгізіліп дамытылды. Тәуке хан (1680 – 1718) тұсында «Күл төбенің басында күнде кеңес» өткізіліп «Қасқа жолдың» бұрынғы бес тарауына тағы да екі тарау қосылып, «жеті жарғы» (жеті заң») деп аталды. Бұл жаңадан қосылған екі тарау: жер дауы туралы заң мен құн дауы туралы заң еді. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының шығыс жағындағы жайылымдарды ойрат-жоңғар феодалдарының басып алуына байланысты жердің тарылулы» мал жайлылымдарына таласқан жанжалдардан адам өлімінің жиі болуы себепті жер дауын мүлік заңынан, құн дауын жалпы қылмыс заңынан бөліп алып, жеке-жеке тарау енгізуге тура келді, «Жеті жарғы» заңы ұш жүздің ойшыл саңлақ билері — Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің қатысуымен, хан қасындағы билер кеңесінен өтті. «Орыс деректемелерінде» бұл заңдар «Тәуке ханның заңдары» деп аталды. Мұның өзі бұрыннан болған заңдың нормаларды жинақтау ғана емес, сонымен қатар оларға мәнді өзгеріс кіргізіп толықтау болды» «Кеңінен алғанда Тәуке хан заңдарының құрамына: 1) байырғы әдет-ғұрып нормаларының Тәуке хан тұсында «жаңартылған» феодалдық кодексі — «жеті жарғы»; 2) билер сотының тәжірибесі, түйінді биліктер, шежірелер, 3) ұсақ хандықтардың өзара ынтымақтастығын нығайтып, сыртқы жауларға қарсы тұруға жұмылдыруға, ру-тайпа басшыларының (би-батырлардың) саяси-экономикалық рөлін аттыруға, көршілес елдермен дипломатиялық және сауда қатынасын нығайтуға арналған заңдары мен жазба актілері жатады. Тәуке хан кезіндегі құқық ережелерінің жеке салаларына (қылмыстық заң, отбасы, неке) шариғат ережелері ықпалын тигізді». «Жеті жарғы» заңындағы: «бір еркектің төрт әйел алуына болады», «ұрғашының жарым басы кем, екі әйелдің куәліп бір еркекке тең», «еркекке толық құн, әйелге жарты құң» дейтіндер Тәуке хан тұсында ислам шариғатынан қазақ заңына енген ережелер. Осы сияқты жекелеген қағидалардың әсерінен басқа Қазақ заңы Тәуке хан тұсында да ежелгі ерекшелігін сақтап қалды.
Қазақ хандығы заңдары тілі тұжырымды, есте сақтауға ыңғайлы, ұйқасты, ершімді, шешен сөздермен құрастырылды. Мысалы, «әділ билік - алтын таразы», «қара қылды қақ жару», «тура биде туған жок», «жетпеген билік жеті ұлықтың есігін ашады» «батыр айғақ, балуан куәі», «сорғалаған қан, сойдақтаған із, «ер өлтіріп, өріс бұзу», « ел шауып, мал талау, «табандап ұрып, тап шығу», «бата тимесе, қата тию», «қысасқа қан, оқысқа құн», «жазыққа жаза, айыпқа әнжі», «ханға хандық биге билік», «мойнына қосақ, артына тіркеу», «семсер астында серт жүрмейді», «иілген басты қылыш кеспейді», «алдыңа келсе атаңның құнын кеш», «жан алып жат болма», «ашыққан ұры - ашынған долы», «мал ашуы, жан ашуы», «алдырған албырт, анасының қойнын ашады», «қойманы не көрген алады, не көмген алады, «ердің құны екі жүз жылқы», «ат тұяғын тай басады», «әке өлсе, мұлкі мұра», «аға өлсе, жеңге мұра», «ерден кетсе дет елден қетпейді» дау-айтыс, барымта-қайтыс», «судың түбін шым бөгейді, даудың түбін қыз бөгейді» т.т б, Бұлар мақал-мәтел, түрінде ел арасында сақталып келді.
«Жеті жарғы» заңы жарыққа шыққаннан кейін еңбекші халыққа түсетін ауыртпалықтары бұрынғыдан бетер кұшейе түсті. Бұрынғы салықтар көбейтіліп, түрліше алымдар енгізілді; сұлтан мен хандардың аманат ретінде көршілес мемлекеттерге баратын балаларын сұлтандардың, ірі билердің тағы басқалардың борыштарын өтеуге жаңа алымдар енгізілді.
Қазақ хандығы заңдарының қылмыс заңынан оның таптық мәні айқын көрінеді: «Жеті жарғы» заңында қысас пен әдейілеп кісі өлтірушілерге бұрыңғыдай «қанға қан, жанға жан алу» ережесі сақталды. Алайда, бұл көбінесе құн тарттырумен алмастырылып отырылды. Құнның мөлшері мынадай болды еркекті өлтіргені үшін толық құн - «ердің құны екі жүз жылқы» (жүз түйе, немесе мың қой), ал әйелді өлтіргені үшін жарты құн — «жүз жылқы» (елу түйе, бес жүз қой), кісінің бір көзін шығарса жарты құн, екі көзін бірдей шығарса — толық құн тартатын болды; бір қолынан немесе бір аяғынан айырса жарты құң, екі колы-немесе екі аяғынан бірдей айырса толық құн тартатын болды.
Қазақ шежірелері мен халық аңыздарының деректері бойынша, шайқас Жоңғар Алатауында, Орбұлақ деген жерде болған. Бұл неғұрлым кейінгі кездегі карталарда да расталады. Ірі оқиғалармең катар Орбұлақ шайқасы да қазақ халқының тарихына енді. Жәнгір Салқам («Айбатты») деп аталып кетті. Бұл жөнінде Шоқан Уәлиханов былай деп жазды: «XVII ғасырдың екінші ширегінде, нақ сол Есім хан тұсында, қырғыз-қазақтардың күшейіп алған қалмақ (жоңғар) әміршілеріне қарсы күресі басталды. Есімнің ұлы Жаһангердің 1643 жылғы Батырхан тайшымен соғысы туралы Фишер баяндаған». Шынында да, қазақ хандығының Жәнгір бастаған күресі туралы мәселе тарихнамада XVIII ғасырдан бастап қозғалған.
Батыр қонтайшы Қазақ хандығына карсы күресу үшін тағы да бар күш-жігерін салып, қазақ даласына жорық жасауға дайындық бастады. Одан кейінгі жылдарда соғыс кайта жалғастырылды. 1646 жылы Батыр өзінің бұрынғы женілісі үшін жаңа жорық жасады. Бұл жөнінде тобыл бояры Данила Аршинский былай деген: «Ал олар жолдастарымен бірге Данила келгенге дейін қонтайшы Қазақ ордасына Жәнгір ханзадаға қарсы соғысып, көптеген адамдарды қырыпты, оның үстіне Жәнгірдің інісін әйелімен, балаларымен және көп адамдарымен бірге тұтқынға алыпты». 1647 жылы Жонғар елшісі Хорохай Далдин Томскінің өкімет орындарына былай деп хабарлаған: «Қонтайшының қара қалмақтармен Күнделен-Убашымен соғыстары болды. Иә ол Қазақ ордасымен де шайқасты және кейін олармен солар жағынан бұзықтық болғанға дейін бітісті». Осымен соғыс қимылдары тынды, соғыс аяқталды. Бейбітшілік орнады. «Жәңгірмен достық байланыстары бар Күнделен тайшы Батырға белгілі бір қысым жасаған болуы мүмкін», - дегенде, сірә, В. А. Моисеев дұрыс жорамалдаған болса керек. 1643—1647 жылдардағы қазақ-жоңғар соғысының казақ коғамы үшін зор маңызы болды. Қоғамдық санада жоңғар жаулап алушыларына қарсы ұзакқа созылған күресте жасақтарды дұрыс ұйымдастыру, бір орталықтан басшылық жасау, өзара кол ұшын беру қажет деген идея орнықты. Алайда бұл соғыстың ойрат коғамы үшін де өз зардаптары болды. Онда өзара қырқысқан күрестің жақа дүмпуі басталды. Бұрыннан келе жатқан ішкі феодаларалық қайшылықтар айқын көрінді.
Сөйтіп, жоңғарлардың XVII ғасырдың бірінші жартысында қазақ қоныстары аумағына басып кіруі қазақтардың, қырғыздардың, башкүрттардың, ноғайлардың, қарақалпақтардың қалыптасқан шаруашылық аудандарын бұзды. Қазақтың Есім ханы жонғар тайшыларымен өзара қатынастарды шешуге көп күш жұмсады. XVII ғасырдың екінші ширегінде қазақ халқының жоңғар жаулап алушыларына қарсы күресін Жәңгір хан баскарды. Ол ортақ жауға күресте әр түрлі қазақ руларының бірлігіне қол жеткізе алды. Ханның дипломатиялық қызметі Шығыс Түркістанның, Бұхараның, Тянь-Шань қырғыздарының билеушілерімен одақ жасасуға бағытталды. 1643-1644 жылдардағы соғыс қимылдары Жәңгірдің әскери өнерін, жағдайға қарай дұрыс бағдар алуға, шешуші сәтте жауынгерлерді жігерлендіруге, соғыс қимылдарына жеке өзінің катысуы арқылы жәрдемдесуге шеберлігін керсетті. Осы касиеттің бәрі Орбұлақ маңындағы шайқаста айқын көрінді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет