Реферат тақырыбы: «Қазақстандағы әлеуметтану»


Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы



бет3/4
Дата30.10.2022
өлшемі30,62 Kb.
#46246
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
2 5382009366700367859

Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы


Отандық әлеуметтанудың қалыптасуы едәуір дәрежеде бұл ғылымның кеңестік қоғам дәуірінде дамуымен байланысты. Әлеуметтану ғылымының осы кезеңдегі қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін атап өтейік.
ХХ ғасырдың басында Ресейдегі әлеуметтанудың дамуы өрлеу үстінде болды. 1917 жылғы революцияға дейін мұнда айтарлықтай жоғары интеллектуалдық әлеует қалыптасты. Ол мыналардан көрінді:
а) академиялық әлеуметтанудың теориялық зерттеулері басым маркстік емес дәстүрінен -
Н.И. Кареев, П.А. Сорокин, К.М. Тахтарев және басқалар;
б) саяси күресте әлеуметтануды радикалдандыру басым марксистік дәстүрден - А.А. Богданов, В.И. Ленин, Е.А. Энгель және басқалар.
Ресейде ХХ ғасырдың басында басталған әлеуметтанудың институттану процесі 1922 жылы В.Лениннің “Жауынгер материализмнің маңызы туралы” (“О значении воинствующего материализма”) мақаласы жарық көргеннен кейін тоқтап қалды, онда оқыту процесіне коммунистік бақылау туралы мәселе қойылған еді. 1918-20 жылдары құрылған әлеуметтану кафедралары қудалауға ұшырады. Нәтижесінде П.А.Сорокин, Г.Д.Гурвич сияқты және т.б. қоғамтанушы көрнекті ғалымдар елден көшіп кетті, бұл әлеуметтанудың ғылым ретінде дамуы мемлекеттік жүйенің қадағалауында өмір сүру және ғылыми дәстүрлерін үзіп алу қаупін төндірді. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы әлеуметтану белгілі бір дәрежеде жемісті болды. Саяси өкіметтің жаңа түрі орнағаннан кейін өтпелі кезеңдегі революциялық түрленулер нәтижесінде тапсыз социалистік қоғам - коммунизмнің алғышартын жасау үшін қажет нәрсенің бәрі деп есептелді. Бұл тұрғыдан да кеңестік әлеуметтану жаңашыл сипатқа ие болды: оның объектісі қоғамдық меншік негізінде құрылатын қоғам болды.
Әлеуметтік еңбектер мен әлеуметтанушылық зерттеулерді қатаң ұстау, ал кейіннен тыйым салу сталиндік саясат тарапынан іс жүзінде ғана емес, теориялық жағынан да жүріп жатты. “Бүкілодақтық коммунистік партиясы тарихының” қысқаша курсына (1938) арнап
И.В.Сталин жазған “Диалектикалық және тарихи материализм туралы” бөлімінде әлеуметтік білімнің тұтас бір саласы - тарихи материализм - философиялық білімнің аясына “қайтарылды”. Н.Н.Бухариннің тарихи материализм теориясына сәйкес, қоғамдық ғылымдар арасында қоғамдық өмірдің жеке саласын емес, барлық күрделілігімен бірге жалпы қоғамдық өмірді қарастыратын екі аса маңызды ғылым бар. Ондай ғылым, бірінші жағынан, тарих болып табылады, екінші жағынан - әлеуметтану... Тарих белгілі бір орында белгілі бір уақытта қоғамдық өмір ағыны қалай өтетінін баяндайды... Әлеуметтану жалпы мәселелер қояды: Қоғам деген не? Оның дамуы немесе күйреуі неден болады? Қоғамдық құбылыстардың әр түрлі салалары (шаруашылық, құқық, ғылым,т.б.) бір-біріне қандай қатынаста болады? Олардың дамуын немен түсіндіруге болады? Қоғамның тарихи нысандары қандай? Олардың алмасуын немен түсіндіруге болады? және т.с.с. Тарих әлеуметтанушылық қорытындылар мен жалпылаулар үшін материал береді, ал әлеуметтану өз кезегінде тарих үшін зерттеу тәсілдерін немесе әдісін көрсетеді”.
Осы теориялық тұжырымдар негізінде әлеуметтанудың маңызды құрамдас бөліктері - оның теориясы мен ұғымдық аппараты - тек қана философиялық деңгейде қарастырылатын болды. Қоғамды нақты зерттеудің әлеуметтанушылық әдістері айналымнан шығарылып тасталды. Әлеуметтік өмір процестерін, құбылыстарын нақтылай зерттеуге қатаң тыйым салынды. Әлеуметтану көп жылдар бойы қоғамдық таным нысаны ретінде өмір сүруін тоқтатты.
Әлеуметтанудың біршама бой көтеруі ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында “хрущевтік жылымық” дейтін кезеңде ғана атап өтілді. 1962 жылы Кеңестік әлеуметтанушылар қауымдастығы құрылды, ол әлеуметтанудың ресми институттануын білдіретін еді. Мәскеу және Ленинград университеттерінің философия факультеттерінде әлеуметтану лабораториялары құрыла бастады (Ю.В.Арутюнян және В.А.Ядов), 1960 жылы КСРО ҒА Философия институтында әлеуметтану бөлімі ашылды, оны Г.В.Осипов басқарды. 1968 жылы Нақты әлеуметтік зерттеулер институты және оның басқа қалалардағы бөлімдері жұмысын бастады [21, 336-б.]. Қазақстанда 1964 жылы ҚазКСР ҒА Құқық философиясы институтының жанындағы қылмыстың әлеуметтікпсихологиялық проблемаларын зерделеу жөніндегі топ ұйымдастырылды, оны заң ғылымдарының кандидаты У.Жекенбаев басқарды. Топ қылмыс әлеуметтануы саласындағы проблемалармен шұғылданды. Ғылыми өмірдегі маңызды оқиға КСРО-ға Батыстың көрнекті ғалымдары Р.Аронның, Р.Мертонның, Т.Парсонстың келуі болды (1958-64).
1970-ші жылдары Қазақстанда мына бағыттар бойынша бірнеше әлеуметтанулық топтары құрылып, жұмыс істеді:
1. ұлттық қатынастардың дамуын басқару проблемаларын зерделеу жөніндегі топ (1970), жетекшісі - М.М.Сужиков;
1. ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) рухани-идеологиялық салдарларын зерделеу жөніндегі топ (1974), жетекшісі - В.А.Черняк;
1. Қазақ политехникалық институты жанындағы өнеркәсіптік әлеуметтану лабораториясы (1975), жетекшісі – М.Б. Батырбеков.
Осы даму кезеңінде әлеуметтану маркстік әдістеме шеңберінде белгілі бір тәжірибе жинақтады. Осы жылдарда қазақстандық авторлардың -
С.Н.Соскин, А.А.Рогачев, У.М.Ысқақов, А.Ш.Алтаев, Н.А.Аитов сияқты ғалымдардың әлеуметтанулық зерттеулерінің нәтижелері бойынша алғашқы ғылыми еңбектері, социалистік қоғамның, еңбек ұжымының, қала мен ауылдың әлеуметтік құрылымы проблемаларын зерделеуге әлеуметтанушылық зерттеулер әдістерін қолдану жөніндегі әр түрлі әдістемелік ұсынымдары жарыққа шықты. Л.А.Байдельдиновтің, Ө.К.Шеденовтің, Д.А.Дорждың және т.б. еңбектерінде әлеуметтану ғылымының қолданбалы жақтары қарастырылды. Әлеуметтанудағы жеке тұлғаның проблемалары Ғ.Ғ.Ақмамбетовтің, Т.М.Дәуітовтің және т.б. еңбектерінде қаралған.
Қаз КСР Ғылым академиясының жанындағы әлеуметтану секциясы жұмыс істеген қысқа мерзім ішінде әлеуметтануға арналған зерттеулердің тұтас сериялары жүргізілді, олардың нәтижелері В.А.Сапрыкиннің, В.А.Черняктің, Т.С.Сәрсенбаевтің және т.б. монографияларында көрсетілген. Бұл жұмыстардың құндылығы әлеуметтану зерттеулерін жасағанында. Зерттеушілер бір мезгілде әлеуметтануға арналған зерттеулердің бірнеше әдістерін қолданған. В.А.Черняк өзінің әлеуметтанулық зерттеулерінің материалдары негізінде атеизм әлеуметтануының негізін салушы болды, оның зерттеулерінің әдістемесі мыналарды қамтыды: 1) халықтың мәдениеті мен тұрмысын іріктеп тексеру; 2) құдайға мінәжат ету орындарына еніп бақылау; 3) әлеуметтік ақпаратты айқындау, белгілеу жөніндегі іс-шаралар кешені, оның ішінде, біздің көзқарасымызша, фокус топтық зерттеу; 4) құжаттарды - қолжазба материалдарды, мұрағат көздерін, мерзімді баспасөзді зерделеу; 5) қоғамдық пікірді зерделеу. Аталмыш зерттеулер көпфакторлы сапалық және сандық сипаттамаларымен ерекшеленді, бұл қазіргі заманғы жаппай қолданылатын сауалнама жүргізу әдістерімен салыстырғанда өзіне назар аудартады. Алайда әлемдік әлеуметтану практикасынан, атап айтқанда, американдық зерттеу әдістерінен бойды аулақ ұстау ғалымдарды зерттеулерге өте сақтықпен қарауға және жүргізетін зерттеулеріне маркстік дәйектеме келтіруге мәжбүр етті, бұл зерттеулердің сандық әдістерін, олардың инструментарийлерін жасауға және мәліметтерді өңдеуге қиындық туғызды.
Бұл кезеңде Қазақстан ғылымында қоғамның әлеуметтік құрылымын зерделеудің әдіснамалық негіздері қаланды, ол 90-шы жылдары әлеуметтану ғылымы шеңберінде одан әрі дами түсті.
ХХ ғасырдың 80-ші жылдары әлеуметтану қоғамға саяси және экономикалық дағдарыстан шығуға көмектесетін ғылымға айналды. Партия ұйымы кәсіпорындар мен ұйымдарға әлеуметтанушыларды тарту, әлеуметтану зерттеулерін қолдану жөнінде нұсқаулар берді және т.с.с. 1988 жылы “Қоғамдағы түйінді әлеуметтік проблемаларды шешудегі маркстіклениндік әлеуметтанудың рөлін көтеру туралы” қаулы шығып, ол әлеуметтанушыларды практикаға кеңінен тартудың ресми бастамасы болды. 1988-89 жылдары Одақ бойынша 13 жоғары оқу орнында халық шаруашылығы мамандарын даярлайтын, қайта даярлайтын және біліктілігін көтеретін әлеуметтану факультеттері мен бөлімшелері ұйымдастырылды. 1988-89 оқу жылында әлеуметтану мамандықтары бойынша елімізде барлығы 1000 шақты студент пен 85 аспирант білім алды.
1987 жылдың жазында Кеңес әлеуметтану қауымдастығының Қазақ бөлімшесі құрылды. С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың философиялықэкономикалық факультеті базасында әлеуметтану бөлімшесінің ашылуы Қазақстан әлеуметтану ғылымының қалыптасуында шешуші рөл атқарды және мамандар даярлаудың базасына айналды. 1988 жылдың екінші жартысында екі ғылыми орталық ашылды: Қоғамдық пікірді зерделеудің республикалық орталығы (ҚПЗРО) - Бүкілодақтық орталықтың филиалы және ҚазКСР ҒА Экономика институтының жанындағы әлеуметтану орталығы. 1988 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың БКИ жанында Ю.Дуберманның төрағалығымен “Әлеуметтанушы” кооперативі ұйымдастырылып, ол екі бағыт бойынша қызмет көрсетті: жеке ұйымдардың тапсырыстары бойынша әлеуметтану зерттеулерін жүргізу және халық шаруашылығы мамандарының әлеуметтанушылық біліктілігін көтеру.
Қазақстандағы әлеуметтанудың институттану мәртебесін ҚР Ғылым академиясының департаментінің шешімі бойынша ғылыми кадрлар даярлауға, докторлық және кандидаттық ғылыми дәрежелер алу үшін ізденуге болатын ғылым ретінде бекітті. 1991 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың жанында әлеуметтану ғылымдарының кандидаты және докторы ғылыми дәрежесін алуға іздену үшін диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Аспирантура мен докторантурада мамандарды даярлау әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар мен процестер мамандықтары бойынша жүреді. Қорғауға шығарылатын диссертациялардың ғылыми тақырыптары әр алуан, жалпы алғанда қазіргі заманғы қазақстандық әлеуметтің проблемалары көрініс тапқан. Диссертациялық кеңес жұмыс істеген кезеңде қырықтан аса ғылыми зерттеулер қорғауға ұсынылған.
Жоғары оқу орындарындағы әлеуметтанудың қалыптасуы мен дамуында 1996 жылы әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор К.Ғабдуллинаның жетекшілігімен құрылған “Әлеуметтанушылар академиясы” әлеуметтану орталығы үлкен рөл атқарды.
Қазақстандық әлеуметтанудың дамуы мен қалыптасуына Нариман Әбдірахманұлы Аитов ерекше үлес қосты. Ол ондаған ғылыми еңбектер, алғашқы жаңа буын оқулықтарын жазған. А.Ә.Аитовтың жаңа еңбектерінің бірі – “Тең емес адамдардың теңдігі” маркстік және қазіргі заманғы әдіснаманың өзіндік ара жігін ашушы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет