РЕФЕРАТ Тақырыбы: Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті.
Орындаған: Әжібек М.С Тобы:В- ЖМКА -04-22 Қабылдаған: Абдухаимов Е Шымкент 2022 ж Көшпенділер (НомадКөшпенді халықтар) — көшіп-қонып тіршілік ететін, негізгі кәсібі – мал-шаруашылығы болып табылатын халықтар.
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең
Дәстүрлі мәдениет - әлеуметтік не этникалық ортада дәстүр негізінде қалыптасқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар жүйесі. Осы жүйе негізінде әлгі әлеуметтік не этникалық қоғамдардағы тарихи сабақтастық жүзеге асып, кез келген ұлттың өзіндік бітім-болмысы сақталып қалады
Өркениет (лат.сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған.
Материалдық мәдениет - біртұтас адамзаттың мәдениеттің бір бөлігі. Адамның заттық пішінге түскен руханилығы, табиғи объект пен оның материалы заттарға, қасиеттер мен сапаларға айналған және мұның бәрі адам арқылы ғана бола алатын, демек, мәдени мақсатқа сәйкес міндетті және өркениеттік рөлі бар шығармашылық қызметтің нәтижелері.
Шаруашылық - белгілі бір анықталған бағыты бар кәсіп.
Скифтер (көне грекше: Σκύθης, Σκύθαι), Скифтер патшалығы — Қара теңіздің солтүстік жағалауын мекендеген ежелгі тайпалар бірлестігі. Олар сарматтар мен сақтарға туыстас еді. Б.з.б. V ғасырда скифтер қоғамында алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, егіншілік пен мал шаруашылығы дами түсті.
Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).