Реферат Тақырыбы: Бактериялардың өсуі, дамуы және культурасы. Орындаған: Бердияр Аяулым Тексерген: Абдигалиева Т. Б алматы 2023



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата15.12.2023
өлшемі231,2 Kb.
#137968
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Микробиология реферат

Бактериялардың жіктелуі 
Тiрi 
дүние 
жүйесiнде 
бактериялар Жасушалылар 
империясына, Прокариоттар дүние тармағынанемесе Бытыраңқылылар 
(Монера) дүниесiне жатады.
1991 жылы Серавинның жіктелу жұйесі бойынша молекулалы-
биологиялық зерттеулерге байланысты бактерияларда екi дүние тармағын:
1.
Архебактериялар 
2.
Эубактериялар 
1992 жылғы Мамоновтың жіктеуі бойынша үш дүние тармағын:


1.
Архебактериялар 
2.
Эубактериялар 
3.
Оксифотобактериялар қарастырады. 
Бактерияларды микроскопиялық ядросы жоқ организмдердiң тобы 
ретiнде және ескi оқулықтардағы бактерияны бiр бактериялар дүние 
деңгейiнде қарастыру, қазiргi кезде де ескiрген. Л.Н. Серавиннiң (1991) 
пiкiрiнше, бактериялар — бұл ерекше клеткаға дейiнгi (прокариотты) 
бактериоидты деңгейлi құрылысы бар организмдер, оның құрылысы: 

процитке, 

процит отарына, 

полипроциттерге бөлiнедi. 
Бактериялар бiздiң планетаның қарапайым организмдерi болып 
табылады, олар құрылысы және тiршiлiк ету процестерi бойынша әртүрлi 
болып келедi: 
Цианобактериялар (көк-жасыл балдырлар)өңдеу 
Цианобактериялар - 2 мың түрге жуық 54 бактериялар тiршiлiк етедi. 
Бұл үш млрд жыл бұрын пайда болған өте көне организмдер. Жасушасының 
пiшiнi доғалы, цилиндрлi таяқша тәрiздi. Ционобактериялар бiржасушалы 
болуы мүмкiн немесе көпжасушалы жiпше құрайды клетканың жарғақшасы 
целлюлоза, нуклеин және пектин заттарынан тұрады. Сыртынан Жасушалар 
тығыз қапшық тәрiздi сiлемеймен қапталған. Барлық прокариоттар сияқты 
оларда ядро болмайды. Цианобактериялар жасушаларының түсi әр түрлi – 
көкжасылдан күлгiн қызыл және қараға дейiн. Мұндай спектр ерекше 
пигменттер жинағымен анықталады олар – хлорофилдер, ксантофилдер және 
фикобилиндер Цианобактериялар жасушаның екiге бөлiну арқылы көбейедi. 
Тiршiлiк ету ерекшелiгi фотосинтезбен атмосфералық азотты 
азотфиксациялау қабiлетi болып табылады. Көне дәуiрде Архей заманында 
атмосферасы оттегiмен цианобактериялардың фотосинтезi қызметiнiң 
арасында байыған. 
Цианобактериялардың негiзгi бөлiгi тұщы суларда, ал кейбiр аздау 
түрлерi теңiздерде мекен етедi. Шалшық сулардың қарқынды гүлдеуi 
цианобактериалардың 
көбеюiмен 
байланысты. 
Азотфиксациялайтын 
цианобактериялар ауа азотын меңгерiп оны басқа организмдер пайдалана 


алатын қолайлы қосылыстарға айналдырады. Цианобактериялардың маңызы: 
зат және энергия айналымында үлкен рөл атқарады. 
Архебактерияларөңдеу 
Архебактериялар («Archaios» — көне) физиологиялы-биохимиялық 
қасиеттерi бойынша нағыз бактериялар-эубактериядан ерекше, жасушаның 
құрылысы 
прокариотты 
болып 
келетiн 
микроорганизмдер 
тобы. 
Архебактерияның 
мембрана 
липидiнiң 
құрамы, 
эубактерияда 
да, 
эукариоттарда да кездеспейтiн глицерин мен изопреноидты спирттiң эфирi 
кiредi. Архебактерия клетка қабықшасы эубактериядағы муреиннен емес, 
қышқыл полисахаридтен, ақуыз немесе псевдомуреиннен тұрады. РНК-
полимеразасы 9-12 субьбiрлiктен тұрады (эубактерияларда 4-8). 
Рибосомаларға оған кiретiн ақуыздың күштi қышқылды болуы тән. 
Эукариот хромосомына тән, архебактериялардың генетикалық материалында 
жүздеп қайталанатын нуклеотидтi тiзбектермен интрондар қатысады. 
Архебактериялар рибосомды және тасымалдаушы РНК-дағы нуклеотидтер 
тiзбегiнiң құрамы бойынша, басқа микроорганизмдерден ерекшеленедi. 
Архебактериялар зат алмасу типi бойынша, физиологиялық және экологиялық 
ерекшелiгi бойынша әртүрлi болады, оның iшiне: аэробтар мен анаэробтар, 
хемогетеротрофтар мен хемоавтотрофтар, нейтрофилдер мен ацидофилдер 
кездеседi. Кейбiр архебактериялар (галлобактериялар) фотосинтездiң, 
жарықты хлорофил емес, бактериородоксин сiңiретiн ерекше типiне ие. 
Архебактериялардың бес топқа жататын (25 тұқым) 40 тан астам түрi 
бар. Кейбiр зерттеушiлер Архебактерияларды жеке дүниеге, ал басқалары 
(Mendosicutes) және (Archaebacteria) прокариттар дүние үстi мен бөлiмiне 
жатқызады. 
Архебактерияларды 1977 жылы Л.Маргун мен Д.Ненни (АҚШ) солай 
атап дүние деңгейiне бөлiп шығарды. Бұл микроплазмаға тән, метантүзушi, 
аэробты күкiрт қышқылдаушы, анаэробты күкiрттi қайта түзушi, 
термоацидофильдi күкiрттi аэробтар мен галафилдер. Архебактериялардың 
клетка пiшiнi шар, цилиндр, спираль, сәуле, төртбұрыш, қорап тәрiздi және т.б. 
болып келедi. Олар, прокариоттар сияқты нуклеидтен, эукариоттарға тән 
мембранды органелла: митохондрия, лизосома, Гольджи аппараты, 
эндоплазмалық тордан тұрады. Барлығында клеткалы қабықша, кейтүрлерiнде 
талшық пен фибриллдер болады. Кейбiр түрлерi моноқабатты липидтi 
мембрана түзедi. Көбiсiнде гликоген кездеседi. 


Клеткалы қабықша құрамында муреин орнын басқа биополимерлер 
қышқыл МПС, ақуыз немесе псевдонуклеин құрайды. Оның нуклеиннен 
айырмашылығы, оның құрамында мурамды қышқыл болмайды. 100 градустан 
жоғарғы температурада дамуы мүмкiн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет