Реферат Тақырыбы: Бактериялардың өсуі, дамуы және культурасы. Орындаған: Бердияр Аяулым Тексерген: Абдигалиева Т. Б алматы 2023



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата15.12.2023
өлшемі231,2 Kb.
#137968
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Микробиология реферат

Бактериялардың көбеюі 
Бактериялардың көбеюi клетканың екiге бөлiнуi арқылы жүредi 
(жыныссыз көбею). Бөлiну жылдамдығыжоғары әр 20 мин. бiр бөлiнедi. 
Мұндай жылдамдықпен 6 сағат iшiнде бiр клеткадан 250 мың клетка түзiледi. 
Кейбiр кезде бактерияларда жынысты көбеюге ұқсас процесс (генетикалық 
ақпарат алмасу) байқалады. Қолайсыз жағдайда бактериялар спора түзедi. 
Спора күйiнде бактериялар жоғарғы және төменгi температураға төзiмдi және 
ұзақ уақыт бойы сақталуы мүмкiн. Осылай сiбiр жарасының таяқшасы спора 
түрiнде 30 жыл бойы өз тiршiлiк ету мүмкiндiгiн сақтайды. 
Бактерияның вегетативтi формасы 60 градус температурада 30-60 мин. 
iшiнде, 80-100 градуста 1-2 минуттан кейiн өледi. Споралар төзiмдi болады. 
Сiбiр жарасының бацилласының спорасы қайнатуға 10-20 мин., ал ботулизм 
клостридийдiң спорасы 6 сағатқа шыдайды. 
Қоректi заттағы бактерияның вегетативтi формасын 60 градус 
температурамен ұзақ уақыт бойы (30 мин) жоюды француз ғалымы Л.Пастер 
ойлап тапты. Бұл процестi “пастерлеу “деп атады. 
Микроорганизмдер мен олардың спораларын жоғарғы температура 
арқылы толық жою стерилизация деп аталады. Бұл бактериялар (сапрофиттер) 
өлi өсiмдiктер мен жануарлардан қоректi заттарды өндiредi, оларды 
редуценттерге жатқызады. Олар табиғатта зат айналымын қамтамасыз етедi. 
Бұл бактериялардың топырақты түзуде рөлi зор. Гумустың мөлшерiн көбейте 
отырып олар топырақтың құнарлығын арттыруға болады. 
Гетеротрофты бактериялар азық-түлiктерге түсiп, оларды бұза алады
мысалы ақуызды заттардың шiруiн тудыратын бактериялар. Көмiртегi 
субстратын ыдыратып сүтқышқылды өнiмдердi ашу процесiнiң биологиялық 
рөлiн француз ғалымы Луи Пастер анықтады. Сүтқышқылды бактериялар 


сүттi ашытып қаймақ, iрiмшiк, сары май, айран, кiлегей сүт сияқты сүттi-
қышқыл өнiмдердi жасауда қолданылады. Сүтқышқылды бактерияларға- 
сүтқышқылды стрептококк, кiлегейлi стрептококк ацидофилдi таяқша жатады. 
Сүтқышқылды ашыту пiшен (силос) дайындағанда, орамжапырақты 
ашытқанда, көкөнiстердi консервациялағанда пайдаланылады. 
Бұл бактериялар жануарлардың ас қорыту жолының түрлi 
бөлiмшелерiнде мекендейдi. Әсiресе бұл бактериялардың өте көп мөлшерi 
күйiс қайыратын малдардың қарнында орналасады. 1 мл қарын құраушыда 1-
ден 10 млрд бактерия табуға болады (Насенов Б.) Бұл бактериялардың қызметi 
целлюлозаны құраушы дөрекi қоректi (корм) ыдырату. Целлюлозаның 90% 
дейiнiн микробтармен ыдыратылады. Ыдыраудың өнiмдерi организммен 
игерiлетiн органикалық қышқылдарды түзейдi. Адамның iшегiнде көптеген 
симбионттар-лактобактериялар, бифидобактериялар орналасқан. Олардың 
тiршiлiк ету өнiмдерi кейбiр патогендi микробтардың дамуын тежейдi.Тоқ 
iшек бактерияларға аса бай болады. Бұл бөлiктiң тұрақты тұрғындары — 
эмерихиялар, энтерококктер, сүтқышқылды таяқшалар. 
Осыдан басқа, бактериялар өсiмдiктермен симбиозға түседi — 
бұршаққап өсiмдiктерiнiң түбiр түйнектерiнде тiршiлiк ететiн ризобиум 
бактериясы азоттан ауаны фиксациялау қабiлетiнне ие. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет