Бактериялардың экологиясы
Адамға пайдалы бактерияларөңдеу
Микроорганизмдердiң адам үшiн маңызы зор: бiрiншiден, олар
биосферада үлкен рөл атқарады және екiншiден, оларды әртүрлi әдiстер
арқылы қажеттi мақсатта қолдануға болады.
Адам барған сайын бактерияларды кеңiнен қолдануда. Бұл қазiргi
өндiрiстiң қайта қурылуы және биотехнологияның пайда болуының алғы
шарттары. Осыған қарамастан, бiз күнделiктi қолданыс заттарының, соның
iшiнде қоректi заттар мен энергия көзiнiң алыну әдiсiнiң түбiрiмен
өзгертетiнiне сенiмдiмiз. Биотехнологияның өркендеуi көп жағынан
генетикамен байланысты. Генетикалық бiлiмнiң жиналуынан, кез-келген
организм генiмен, соның нәтижесiнде, айналымға қатысуға еркiн мүмкiндiк
алдық. Осылай гендiк инженерия пайда болды.
Биогеохимиялық циклдар (биогендi элементтер айналымы). Азот
айналымына келесi бактериялар қатысады:
1.
азоттүзушi бактериялар, еркiн тiршiлiк ететiн сапрофиттер,
мысалы Azotobacter, немесе симбионттар, мысалы Rhizobium;
2.
нитраттаушы
бактериялар,
органикалық
қосылыстарда
байланысқан азотты (мысалы, ақуызда) нитратқа, мысалы Mitmsomonos
Nitobactor: айналдырады;
3.
нитраттайтын бактериялар, мысалы Thiobacillus, яғни нитратты
бос азотқа айналдырады.
Ағын суларды тазартуөңдеу
Тазартушы құрылыстардағы бактериялардың рөлi, топырақтағымен
бiрдей-ақ. Екеуiнде де, олар органикалық заттарды ыдыратып, оларды еритiн
зиянсыз бейорганикалық қосылыстарға айналдырады. Күнделiктi ағын
суларды алдын ала арнайы қоймаларда сұйық бөлшек пен құмды тұнбаға
бөледi, және содан кейiн оны, аэробты және анаэробты бактерияларды қолдана
отырып бiрнеше кезеңмен қайта өңдейдi. Анаэробты бактериялар түзетiн
метан, кейде тазартушы құрылыстардың жұмыс iстеушi механизмдерiнде
жанармай ретiнде қолданылады.
Тазартудан кейiн, өзенге ағызатын тазартылған сұйықтық алады, және
зиянсыз органикалық және бейорганикалық заттар мен микроорганизмдерден
тұратын құмды (көбiне бактериялар мен қарапайымдылар), кептiрiп егер
арасында ауыр металмен ластанбаса, тыңайтқыш ретiнде қодануға болады.
Симбиотикалық бактерияларөңдеу
Сүтқоректiлер мен басқа жануарлар целлюлозаны қорыта алмайды,
себебi целлюлоза ферментi жоқ. Шөппен қоректенушi жануарлардың
қорегiнiң негiзгi массасы жасұнық құрайды. Бiрақ олардың iшектерiнде,
жасұнықтарды қорытатын симбиотикалық бактериялар мен қарапайымдылар
тiршiлiк етедi. Қояндарда ондай бактериялар соқыр iшекте және құрт тәрiздi
өсiндiде, ал сиыр мен қойда – месқарында тiршiлiк етедi. Жанама түрде бұл
бактериялар адамға да қызмет етедi, себебi адам үй жануарлар етiн қорек
ретiнде қолданады.
Адамға тiкелей қатысты, өзiнiң iшегiнде “микрофлорасы” бар. Iшекте
көптеген бактериялар тiршiлiк етедi, адамның терiсiнде тiршiлiк ететiн
бактериялар патогендi организмдерден қорғайды.
Ашудың өндiрiстiк процестерiөңдеу
Көптеген пайдалы органикалық заттар ашу нәтижесiнде пайда болады,
және адам оны мыңдағанжылдар бойы қолдануда. Ашу заттары келе-келе
қорек пен жанармайдың жаңа көзi ретiнде маңызды болып келуде. Бұл
сұрақпен көптеген ғалымдар мен техниктер айналысуда. Iрiмшiк жасау
өндiрiсiнде сүттi қант лактоза сүт қышқылына дейiн ашиды, ал қышқыл сүт
ақуызды казеиндi ұйытады. Ақуыз бен майдан тұратын қатты қоюларды сұйық
сарысудан бөлiп алып, бактериялар мен саңырауқұлақтарды инокулиырлайды,
iрiмшiктiң әр түрiн алу үшiн әртүрлi микроорганизмдердi қолданады, мысалы
Reggepgi Lactobacillus — тың түрлерiн қолдану арқылы алады. Сүтқышқылды
стрептококтар қаймақты ашытып, сары майға тән дәм мен иiс бередi.
Lactobacillus тұқымынан шыққан сүтқышқылды бактериаларды, орамжапырақ
ашытуда, әртүрлi тұздаулар мен маринадтарды алуда қолданады.
Адамға зиян бактерияларөңдеу
Бактериялар адамға екi жағдайда зиянды болуы мүмкiн. Бiрiншiден, егер
ерекше шаралар қолданбаса сапрофиттi бактериялар ас азық – түлiктердi
бұзады; осыдан азық – түлiктердi сақтаудың көптеген түрлi және
экономикалық жағынан пайдасыз тәсiлдерi. Екiншiден, бактериялар
аурулардың қоздырғышы болуы мүмкiн: бұл әсiресе жануарларға қатысты.
Адамдарда, үй жануарлары да (хайуандар) ауырады, ал кейбiр кездерде
егiстiктерде зардап шегедi. Аса тараған бактериалды және вирусты аурулар
инфекцияларының таралу тәсiлдерi ұқсас болғандықтан, бұл ауруларды бiрге
қарастыру ыңғайлы.
Жануарлардың аса қауiптi ауруларына сальмонеллез жатады.
Өсiмдiктердiң бактериалды ауруларынан жемiс өсiмдiктерiнiң галлдары және
алма ағашпен алмұрттардың бактериалды күйiгiн тудыратын Agrobacterium
tumefaciens және Erwinia amylovorum – мен ауруларды атап кетсе болады.
Инфекцияларды таратушыларөңдеу
Таратушы – бұл инфекцияны тарататын кез-келген тiрi организм. Ол
инфекциялық бастамасын тасымалдаушы немесе резервуар деп аталатын
организмнен алады. Мысалы, бүргелер тиф және оба (бубонды оба немесе
«қара өлiм») сияқты бактериалды аурулардың тасымалдаушысы, ал олардың
резервуарлары егеуқұйрықтар. Құтыру вирусы бiр жануарда сақталып
таратылады, мысалы итпен немесе жарғанатпен а) тасымалдаушы мен және б)
резервуармен. Бұл жағдайларда денесiнде патогендi микроорганизм көбейе
алатын тасымалдаушы екiншi қожайын ретiнде шыға алады. Насекомдар ауру
қоздырғыштарын денесiнiң сыртқы жабындарында тасымалдай алады.
Мысалы, шыбындар тырысқақ, дизентерия сияқты iшек ауруына шалдыққан
адамдардың нәтижесiнде жорғалап және қоректенiп жүрiп мiндеттi түрде бұл
аурулардың қоздырғыштарын денi сау адамдар пайдаланатын азық –
түлiктерге тасымалдауы мүмкiн.
Инфекциялардың таралу жолдарыөңдеу
Ас
қорыту
жолдары
инфекциялық
ауруларға
шалдыққанда
қоздырушылар нәжiстерге түседi. Осыған байланысты бұл аурудың ең
қарапайым үш таралу жолы қарастырылады: Су арқылы — Тырысқақ,
дизентерия сияқты аурулар жұғады. Егер гигиена мен санитарияның ең
қарапайым ережелерi үнемi орындалмаса, аурулардың нәжiстерi тiкелей ас
суларының көздерiне түседi немесе өзендерде жинақталады. Осындай жолмен
бұл аурулар халық арасында жылдам тарайды. Ас арқылы: Ас азық – түлiктерi
таза емес суда жуылса, кiр қолмен ұстаса немесе оған шыбындарды қондырса
ластанып ластанған қалады. Заттар арқылы: Кез – келген заттар тiкелей
кiрленудiң немесе дұрыс емес қолданудың нәтижесiнде жуынды –
шайындымен ластанады. Осындай заттарды қолдан қолға бергенде, ауру
астарлап айтқанда «қолдан ауызға» тасымалданады. Тiкелей ас арқылы
тасымалданатын қоздырғыштар толығымен пiсiрiлмеген немесе қуырылмаған
ет жиi астан уланудың себепшiсi болады. Бұл етке сальмонеллалардың
жұғуының тiкелей нәтижесi. Ботулизмдi қоздыратын бактерия – Clostridium
botilinum. Бұл аспен улану өлiмге алып келедi, Clostridium botilinum токсинi
белгiлi токсиндер iшiне улылығы ең жоғары (тышқанның өлiмiне 5-105 мкг
дозасы жеткiлiктi). Бұл бактерия ақуызға бай азық – түлiктерде, соның iшiнде
ет консерваларда жақсы дамиды.
Жаралардың ластануыөңдеу
Тасымалдаушы
–
жануарлардың
шағуымен
тасымалданатын
инфекциялардан тыс, жараларға аурушаң бактериялардың түсуiмен
байланысты бiрқатар ауруларды атауға болады. Ең алдымен бұл iрiңдеу және
сiреспе сияқты терең жарақаттардың инфекциялары. Екi ауруда әдетте жараға
топырақтан түсетiн Clostridium –ның әр түрлерiмен қозады. Көптеген үстiңгi
жарақаттар мен күйген жерлер стафилококктармен және стрептококктармен
инфекцияланады.
Сұттегі бактериялардың құрамыөңдеу
Сиырларды сау уақытында және одан кейiнгi өңдеуде сүтке даусыз
бактериялар түседi бұл қанша гигиена шарттарын сақтаса да болатын нәрсе.
Әдетте жаңа сауылған сүттегi бактериялардың дамуын тежеу үшiн бiрден
салқындатады, өңделмеген шикi сүттi пастерлейдi, яғни патогендi
бактерияларды жою үшiн ысытып жылытып алады. Соның өзiнде көптеген
патогендi емес бактериялар тiрi қалады. Бактериялардың сүттегi құрамы
мынадай +15 +30 С- де Streptococcus lactis грамоң микроорганизм және
көптеген басқа стрептококктар (грамоң) оған қоса Lactobacillus- қа ұқсас бiрақ
ұшында iсiнетiн таяқ тәрiздi клеткалары бар коринеморфты яғни шоқпар
тәрiздi коринеморфты бактериялар Мысалы, Microbacterium, Brevibacterium,
Streptococcus lactis 10 C-те жақсы дамиды, бiрақ 40 С жоғары температурада
оның дамуы тоқтайды, 30-40 С –те Lactobocillus, Streptococcus lactis грамоң әр
түрлерi және полиморфты iшектi бациллалары басымдылық танытады
Мысалы, Е coli, Streptococcus lactis және Lactobacillus сүтқышқылды
бактерияларға жатады. Ашыту үстiнде анаэробты тыныс бұл бактериялар
лактозадан сүт қанты жиналып сүттiң ашуына әкелетiн сүт қышқылын түзедi
Streptococcus lactis және Lactobacillus құрайтын колониялар аса үлкен емес
колонияның максималды диаметрi бiрнеше миллиметрден аспайды,
пигменттелмеген және өзiндiк бор түсi болады. Streptococcus lactis түзу
қырлары бар тегiс колонияларды құрайды. Егер қорек агарына майдаланған
кальций карбонатын салса колония маңында сүт қышқылы кальций
карбонатын ерiткен орнында ашық зоналар пайда болады. Стрептококктер
сүтқышқылды өнiмдердi алуға қажет Сыртқы түрiнен оларың басқа
стрептококктерден айырмашылығы жоқ, Lactobacillus клеткалары таяқша
тәрiздес болады, бiр-бiрiне қосылып колония түзедi. Колониялардың бетi
бұдыр текстуралы, ал шеттерi формат дұрыс емес болады. Сүтте басқа да
бактерияларды табуға болады, солардың iшiнде iшекте тiршiлiк ететiн
Alcaligenes (грамтерiс) туысына жататын таяқшаларды. Мак-Конки агарында
оларды колония айналасындағы сарғыш зоналар арқылы тануға болады.
Пайдаланылған мәліметтер:
1.
Bacteria (eubacteria)
. Taxonomy Browser, US National Institute of
Health. Тексерілді, 10 қыркүйек 2008.
2.
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын
басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028
б.
ISBN 9965-08-286-3
3.
Балалар Энциклопедиясы, II- том
Document Outline - 1. Бактериялар
- Цианобактериялар (көк-жасыл балдырлар)өңдеу
- Архебактерияларөңдеу
- Бактериялардың көбеюі
- Адамға пайдалы бактерияларөңдеу
- Ағын суларды тазартуөңдеу
- Симбиотикалық бактерияларөңдеу
- Ашудың өндiрiстiк процестерiөңдеу
- Адамға зиян бактерияларөңдеу
- Инфекцияларды таратушыларөңдеу
- Инфекциялардың таралу жолдарыөңдеу
- Жаралардың ластануыөңдеу
- Сұттегі бактериялардың құрамыөңдеу
Достарыңызбен бөлісу: |