Реферат Тақырыбы: Бактериялардың өсуі, дамуы және культурасы. Орындаған: Бердияр Аяулым Тексерген: Абдигалиева Т. Б алматы 2023



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата15.12.2023
өлшемі231,2 Kb.
#137968
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Микробиология реферат



Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлілі 
Алматы Технологиялық Университеті 
Реферат 
Тақырыбы: Бактериялардың өсуі, дамуы және культурасы. 
Орындаған: Бердияр Аяулым 
Тексерген: Абдигалиева Т.Б 
Алматы 2023 
 
 


Жоспар: 
1.
Бактериялар 
2.
Бактериялардың жіктелуі
3.
Бактериялардың құрылысы және тіршілік процестері
4.
Бактериялардың көбеюі
5.
Бактериялардың экологиясы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Кіріспе

Бактериялар 
Бактериялар (
көне 
грекше
: βακτηρία - 
«таяқша») 
— 
тек 
микроскопта
 ғана көрінетін аса ұсақ 
жасушалар
 және олар көптеген әр 
алуан аурулар туғызады бірақ көбінесе нейтралды қызметті атқарады. 
Бактерия - 
бір жасушалы организм
, көбісі таяқша пішінді болып келеді. 
Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар 
кездеседі. 
Фотосинтез
 құбылысы 
жүретін 
көк-жасыл 
қызыл 
түсті 
өкілдерін 
цианобактериялар
 деп атайды; ядросы, митахондриясы, пластидтері 
қалыптаспаған өте кішкентай біржасушалы организмдер
[2]

Бактериялар – 
табиғатта
 ең көп тараған, негізінен бір жасушадан 
тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, қарапайымдылар. Алғаш рет 
бактерияларды 17 ғасырда голланд ғалымы, 
микроскопты
 жасаған – 
Антони 
ван Левенгук
 байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен 
табиғаттағы рөлін француз ғалымы 
Луи Пастер

неміс
 ғалымы 
Роберт 
Кох
 және ағылшын ғалымы 
Джозеф Листер
зерттеді. Бактериялардың жасуша 
құрамында 
тұрақты 
жасуша 
қабаты, 
цитоплазмалық 
мембрана, 
цитоплазма

нуклеоид

рибосома
болады. 
Ядроның 
қызметін 
дезоксирибонуклеин қышқылы
 (
ДНҚ
) атқарады. Бактериялар 
ядросы 
мембрана
 қабығымен оқшауланбаған және онда 
хромотин
 жіптері 
түзілмейді. Бактериялар қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Мысалы, 1 г қара 
топырақта 2 – 3 млрд. бактериялар, 1 г құмды топырақта 150 мың бактериялар, 
адам көп жиналған бөлме ауасының 1 м3-інде он мыңдай бактериялар тіршілік 
етеді. Олардың пішіндері әртүрлі: шар тәрізділерін – кокк, қосарланғандарын 
– диплококк, таяқша тәрізділерін – бациллалар, үтір тәрізділерін – вибриондар, 
таға 
тәрізділерін 
терроидтар, 
жүзім 
тәрізді 
шоғырланғандарын 
– 
стафилококтар
 деп атайды. Бактериялардың ұзындығы 1 – 20 мкм, ені 0,1 – 
10 мкм, ал жіп тәрізділерінің ұзындығы 50 – 100 мкм-ге жетеді. Қолайсыз 
жағдай туғанда сырты қалың қабықпен қапталып спора түзеді. Бактериялар 
өте төменгі температурада (–190
0
С-та, ал споралары –253
0
С-та) тіршілік ете 
береді. Оларды өте жоғары температурада (+100
0
С-та) кептіргенде, кейбір 
түрлері (мысалы, гонококтар) тіршілігін тез жойса, дизентерия таяқшалары 
жеті тәулік, дифтериянікі отыз тәулік, туберкулездікі тоқсан тәулік, ал 
түйнеменің бациллалары он жылға дейін тіршілігін жоймайды. Бактерияларды 
ультракүлгін сәулелері ерітіп жібереді. Қышқылды, қантты, тұзды ортада 
тіршілік ете алмайды. Бактериялардың көпшілігі зиянсыз, ал зиянды түрлері 
көптеген жұқпалы аурулар (
туберкулез, тырысқақ, көкжөтел
, т.б.) тудырады. 


Бактериялар жасушасында өсімдіктер мен жануарлардың жасушасында 
болатын элементтердің барлығы кездеседі. Бактериялардың тіршілігінде 
ферменттердің атқаратын рөлі зор. Олардың бір бөлігі (эндоферменттер) 
бактерияларда синтез, тыныс алу процесін реттесе, ал екіншілері 
(экзоферменттер) бактериялар арқылы қоршаған ортаға бөлініп шығады. 
Сондай-ақ олардың тіршілік етуі үшін көміртек пен азот өте қажет. 
Бактериялар азотты 
белоктан, амин қышқылдарынан, аммоний тұздарынан, 
нитраттардан
 алады, кейбіреулері атмосфера азотын сіңіреді. Бактериялар 
көміртекті 
көптеген 
көмірсулардан, 
спирттерден, 
органикалық 
қышқылдардан, т.б. алады. Органикалық қосылыстардағы көміртекті сіңіретін 
бактерияларды гетеротрофты, ал атмосферадағы көміртекті сіңіретіндерді 
автотрофты бактериялар деп атайды. Бактериялар ауа бар жерде де (аэробты 
бактериялар), жоқ жерде де (анаэробты бактериялар) өсіп-өнуге 
бейімделген. 
Өсімдіктер
мен 
жануарлар
 қалдықтарын 
минералдандыру 
арқылы бактериялар табиғаттағы зат айналымына қатысады. 
Мысалы, бактериялар өсімдік қалдығына әсер еткенде, оның 
құрамындағы крахмал, пентозандар, целлюлоза, пектин заттары су мен көмір 
қышқылына ыдырайды. Тірі организмдерге шіріту бактериялары әсер етсе, 
ондағы азот қосылыстары аммиакқа айналады. Ал топырақтағы 
нитрификациялаушы бактериялар аммиакты азот қышқылы тұздарына дейін 
тотықтырады. Бактериялар топырақ құнарлылығын қалыптастыруға, 
химиялық элементтердің геохимиялық жолмен алмасуына қатысады, 
антибиотиктерді, амин қышқылдарын, витаминдер мен ферменттерді, т.б. 
қосылыстарды түзеді. Бактериялар тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінде (сүт 
тағамдарын әзірлеу, зығырды жібіту, т.б.) кеңінен пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет