Реферат тақырыбы: Балалар фольклоры Орындаған: Ибадуллаева Мөлдір



Дата06.12.2022
өлшемі19,67 Kb.
#55148
түріРеферат
Байланысты:
Реферат тақырыбы Балалар фольклоры Орындаған Ибадуллаева МөлдN 2


Реферат тақырыбы: Балалар фольклоры Орындаған: Ибадуллаева Мөлдір
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Балалар фольклоры
Орындаған: Ибадуллаева Мөлдір
Тобы: 1701-10
Қабылдаған: Әбдіғаппар Ақмарал
Шымкент, 2021 ж.
Жоспары:

  1. Балалар фольклоры туралы түсінік

  2. Фольклордың түрлері

  3. Жанрлық ерекшелігі

  4. Қорытынды

  5. Пайдалынған әдебиеттер

Балалар фольклоры – балалар психологиясын, көркемдік талғамын, шығармашылық мүмкіндіктерін танытатын халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл мұрасы. Ол өзінің бала қабілетіне лайықтылығымен, логикалық жүйелілігімен, тілінің нәрлілігімен, ақ пен қараның жігін айқын ажыратқан тәрбиелік маңыздылығымен бағалы.


Фольклорист ғалым С.Қасқабасов: «...«Балалар фольклоры» деген ұғымның ауқымы кең. Бұған ауыз әдебиеті үлгілерінің көптеген жанрлары мен жанрлық түрлері жатады. Олардың ішінде қара сөз түріндегі шығармалар да, үлкенді-кішілі түрлі мақсатпен айтылатын өлең-жырлар да бар. Бұған қоса ойынға байланысты және ертегі, аңыз-әңгімелерде жиі кездесетін ырғақты прозаның да балалар фольклорынан алатын орны ерекше. Дегенмен, ауыз әдебиеті үлгілерінің кез келгенін, мәселен, эпостық жырларды, мақал-мәтелдерді балаларға лайықты іріктеп, өңдеп жариялауға болғанымен, олардың барлығын «балалар фольклоры» деген ұғымға толығымен жатқызуға болмайды»
Дегенмен, ауыз әдебиетінің кез-келген жанрларынан балаларға үлгі боларлықтай, тәрбиелік маңызы зор шығармаларды көптеп кездестіреміз. Бірақ олар балалардың өзіне ғана арналған, болмаса балалардың өз творчествосының нәтижесінде пайда болған ауызша сөз өнерінің белгілерін сипаттай алмайды. Ал, ертегі, аңыз-әңгімелер, төрт-түлік жырларының, жұмбақтардың үлкендерге де, балаларға да қатысы бар.
М.Ғабдуллин «Қазақ ауыз әдебиеті» оқулығында ауыз әдебиеті үлгілерінің жанрлық түрлеріне сипаттама береді. Ш.Ахметов «балалар фольклоры» терминін өз еңбегінде алғаш қолданып, түсініктеме береді. Балалар фольклорының ішкі жанрлық түрлерін өзгеше саралайды. Б.Уахатов «Қазақтың халық өлеңдері» монографиясында балалар өлеңдеріне жеке бөлім арнаса, «Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы» кітабында оның түркі тектес халықтар фольклорымен ортақ желілеріне тоқталады. «Балалар фольклорының өзіне тән бірнеше ерекшеліктері бар. Халқымыздың балалар фольклоры жанрлық құрамы жағынан сан-салалы, соған лайықты олардың атқаратын қызметі де түрліше. Зерттеу еңбектерінде дәстүр бойынша оларды шығу, орындау ерекшеліктеріне қарай үлкендердің балаларға арнап шығарған, бірақ, негізінен, балалардың репертуарында сақталған шығармалар және балалардың өздері таратқан өлең-жырлар деп екі салаға жіктеу қалыптасқан», ─ дейді.
Сондай-ақ жаңылтпаштарды, жұмбақтарды балалар ойын ретінде пайдаланған. Бұл жанрлармен қатар, балалар өздері тікелей орындайтын, кей жағдайда өздері шығаратын фольклорлық жанрлар да бар. Олар балалардың ұғымына лайықты, жаттап алуға оңай шығармалар. Құрылысы күрделі емес, көлемі шағын, поэзия түріндегі үлгілер бала жеке адам ретінде қалыптаса бастағанда оларды ой еңбегіне тәрбиелеу қажеттігінен туады. Балалар репертуарындағы шығармалардың көбі ересектердің арасынан келді. мәселен, жарапазан өлеңдерінің негізгі айтушылары балалар болған. Мұндай өлеңдердің негізгі шығарушылары - ересектер. Ол – халық педагогикасының бір бөлшегі болып табылады.
Балалар айтысы - инпровизациялық өнер емес. Балалар үлкендердің үйретуімен бір-бірімен айтысады. Олардың драмалық сипатының басым болуы да сондықтан. Балалар ойының бұл үлгісі Ш.Ыбыраев құрастырған “Ақ сандық, көк сандық” жинағында бар. Балалар айтысының үлкендер фольклорынан тағы бір айырмашылығы - онда ірі әлеуметтік мәселелер айтылмайды. Балалар ұғымына лайықты отбасы, адам басындағы кемшіліктер, жан-жануарлар сияқты т.б. мәселелерді қамтиды.
Балалар фольклорымен айналысқан ғалымдар оларды бірнеше жанрға жіктейді. Олар:
1. Балалық жырлары;
2. Ойын өлеңдері мен өлең-ойындар;
3. Ересектер мен балалар арасындағы ортақ жанрлар. Олар іштей бірнеше жанрлық түрлерге бөлінеді.
Қазақ балалар фольклорын саралап жіктейтін болсақ, олардың ішінде кейбір жанрлардың үлкендерге де, балаларға да ортақ екендігін көреміз. Олар: ертегілер, жұмбақтар, өтірік өлеңдер, төрт-түлік жырлары т.б. Алайда осы Репозиторий КарГУ жанрларға жататын көркем шығармалардың мазмұны, түр-сипаты, ішкі табиғаты бірдей емес. Олардың ішінде балалар айтатын, өздеріне ғана лайықты өлең-жырлар бар.
Мысалы:
Қой баласы – қоңырым, Қойдан жуас момыным, Шопан ата түлігі – Қошақаным, қайдасың? Пұшайт, пұшайт!
Төлді қалай шақыру, малдың баласын сүюі, бөбектің төрт түлікке айтқан тілегі, қой мен ешкінің айтысы, сондай-ақ шешілуі оңай, құрылысы қарапайым жұмбақтар, ұғымға жеңіл өтірік өлеңдер, бұлардың қай-қайсысы да балалар репертуарында молынан сақталған. Бұл жырларды алғашқы шығарушылары ересек адамдар болуы әбден ықтимал. Балалар фольклорын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, балдырғандарға үйретіп отыратын да негізінен үлкендер болса керек. Демек, үлкендер мен балалар творчествосының тығыз қарым-қатынаста болуы, ауыс-түйіс ортақ шығармалардың екеуінде де ұшырасуы заңды. Алайда ауызша ұжымдық творчествоның ерекшелігі сонда, олар көпшіліктің талап тілегіне лайықты ұзақ сүзгіден өтіп, өңделіп, түрлі сыннан өткен дәстүрлі қалыпқа түспейінше толық мағынасындағы фольклорлық шығарма бола алмайды. Іс-әрекет, ойыннан, түрлі көне түсініктерден, ырым мен салттан, қарапайым әуендерден, жан-жануарлардың даусы мен қимылына еліктеуден қарасын үзіп толығымен ажырап кетпегендігін байқаймыз. Бұл, сөз жоқ, балалар поэзиясының көп қырлы, ертеректегі синкретті белгісін айғақтайт. Осы тұрғыдан келгенде балалар фольклоры да о баста кім шығарғанына, қалай пайда болғанына қарамастан балалар коллективінің өзіндік сүзгісінен өтеді.
Өз ұғымдарына, түсініктеріне, тіл оралымына, іс-әрекеттеріне сәйкес емес туындылар көпшілік тарапынан қабылданбайды. Ал қабылданған жағдайда балалар творчествосының дәстүріне лайықты іс жүзінде өзгеріп, өңделеді. Оралымсыз тіркестер, ұғымға ауыр шумақтар ұмытылады. Осы тұста бір ескеретін жағдай ─ балалар фольклорының кейбір үлгілерінде мазмұнға жеткілікті мән беріле бермейді. Ұйқасы оңай, ойнақы болса, әсіресе, түрлі іс-әрекеттерге айтылуы сәйкес келсе, ондай өлеңдер көбірек қолдау табады. Осындай өзгешелікті біз әсіресе ойын өлеңдерінен анық көреміз. Бесік жырларын көпке дейін фольклоршылар тұрмыс-салт жырларының арнасында қарастырып келеді. Оның өзіндік себебі де бар-ды. өйткені балалар фольклоры деген ұғымның өзі фольклортану ғылымында Г.С.Виноградовтың еңбектерінің нәтижесінде ғана бертінде, тек 1930-жылдар ішінде қалыптасты. Және оған тек балалар репертуарындағы шығармалар жатқызылып келді. Мұндай пікірді жақтаушылар бертінге дейін болды. Дегенмен, соңғы кезеңде бесік жырын балалар фольклорының құрамында қарастыру берік орын теуіп, жүйелі зерттеулер жүргізіліп жүр. Ол ойды алғаш қозғаған ғалым ұстамға қиғаш келіп, оғаш көрінетін белгі жоқ. Себебі зерттеушілердің көбі бесік жырын ересектер фольклорына жатқызғанда оның кімге арналғандығын, атқаратын қызметін емес, кімдер туғызып, кімдер орындайтындығын баса Репозиторий КарГУ ескеріп жүр. Ал біздіңше, бесік жырларының бүкіл поэтикалық құрылымының бүлдіршіндер табиғатына лайықталғандығын, алғашқы кезде бөбек құлағына сөз бен саздың нәрін сіңіріп, таза тәрбиелік қызмет атқаратындығын назарда берік ұстаған жөн. Сондықтан да оны балалар фольклорындағы іргелі жанрлық түрлердің бірі ретінде қарастыруға әбден болады. Қазақтың отбасылық ғұрып фольклорынан өзінше ерекше орын алатын бала тәрбиесінің бал-бұлағындай таза да, мөлдір мұраның бірі ─ әлпештеу фольклоры. Оның табиғатынан көне наным-сенімдерімен астасып жатқан ежелгі дүниетаным сілемдерін тереңірек тануға болады. Әлпештеу жырлары – жалпы фольклор поэтикасымен астасып жатқан аса күрделі көркемдік әлем. Оның ғұрыптық фольклорға тән, алдымен көзге түсетін көрнекті сипатының бірі – халық этнографиясымен тығыз байланысып жататындығы. Сондықтан отбасылық ғұрып фольклорының көркемдік әлемін саралау ─ оның көркемдік әлемінің ерекшеліктерін қалыптастыруға қызмет етеді. Фольклорлық мәтіндер мен этнографиялық ортақ тұстарды салыстыра отырып, отбасылық ғұрып жырларындағы бірқатар мотивтер мен формулалардың, құбылтулар мен троптардың, қайталаулардың ғұрыптық рәсімдерден бастау алатындығын аңдауға болады.
Әлпештеу жырларының поэтикасының ең басты, өӛзекті сипаты оның өӛмірлік шындықты бейнелеуіндегі көӛркемдік тәсілдерінде. Поэтикалық құрылымы жеклеген дыбыстардан бастап, қайталанып келетін тармақтар топтамасына дейінгі түрлі сипатта кездесетін дәстүрлі формалардан тұрады. Олардың қатарына тұрақты эпитеттерді, теңеулер мен құбылту түрлерін, қайталама үзіктерді атауға болады. Халық санасының ұжымдық жемісі болғандықтан да, бесік жырында ел тұрмысының көӛріністері мол-ақ.
Ондағы, «жілік шағып берейін», «байқұтанның құйрығын жіпке тағып берейін», «қой тоқтысын сой, бӛпем», «қуырдағына той, бӛпем», «үстіне тоқым жабайын, астына терлік салайын», «быламыққа май құйып, төңкерме қып берейін» т.б. толып жатқан этнографиялық өрнектер мен баланы жақсы көру, еркелету, айналып толғануға байланысты айтылатын не түрлі балама, теңеулер табиғатынан қазақы тұрмыстың иісі аңқып тұрады. «Қозы жүнді көрпешім», «Қойдың жүні қалпағым», «Көлге біткен құрағым», «Жапанға біткен терегім», «жағамдағы құндызым», «Әуедегі жұлдызым», «Әлди-әлди тайлағым, өрістегі шандағым», «Құлын-тайым», «Серке балам», «От басындағы ойнағым, сүт бетіндегі қаймағым», «Алты» қарын майымыз, жеті қарын жентіміз тәрізді айшықты сөздер төрт түліктің еті мен сүтін тамақ, жүні мен терісін киім етіп, ен табиғатты кең жайлап аңшылық, саятшылық құрған туған өрнектер.
Қорыта айтқанда, ғасырлар бойы қалыптасқан бала тәрбиелеу ісіндегі дәстүрлі ғұрыптар мен ұғымдардың, тарихи оқиғалар мен кезеңдік ақыл-ойдың ізі де әлпештеу жырларында жатыр. Бұл жырлар бала тәрбиелеу ісіндегі ғұрыптық рәсімдерді сүйемелдеп отыратын қолданбалы сипаттағы мұра ғана емес, ең бастысы ол жас ұрпақтың рухани әлемін қалыптастыруды мұрат тұтатын, бала көкірегіне көркемдік нәр сіңіріп, қиялына қанат бітіріп, өнер тылсымына жетелейтін эстетикалық категория.Онда поэзияның шарттарына лайық кемел кӛркемдік болмағанмен, бала санасына, сәби жанына лайық тәрбие ӛскінін себетін халықтық педагогика нәрі мол.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.- Алматы: 1965.
2.Қасқабасов С. Қазақ фольклоры мен әдебиетінің тарихы. Қазақ ССР ҒА Хабарлары, Тіл, әдебиет сериясы, 1988. №7. 3.Уахатов Б. Қазақтың халық ӛлеңдері. -Алматы: Жазушы,1974 4.Әбілқасымов Б. «Фольклор», «Ауыз әдебиеті» ұғымдары туралы, Фольклор шындығы. – Алматы: Жазушы, 1990.
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет