Реферат тақырыбы: «Барбанг курттар этникалық ұйымы»



Дата02.02.2023
өлшемі20,33 Kb.
#64645
түріРеферат
Байланысты:
Реферат


«№81 Astana English School халықаралық
мамандандырылған гимназиясы» КММ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
«Барбанг курттар этникалық ұйымы»

Орындаған: Мукашов Бекасыл


11 «Б» сынып оқушысы.
Тексерген: Сайпилова Амина Сидоллаевна
тарих пәні мұғалімі
Астана 2022 ж.

Күрдтер — Таяу Шығыстың ежелгі халықтарының бірі. Күрдтер Түркия, Иран, Ирак, Сирия аумағында өмір сүреді. Осы мемлекеттермен шектесетін Ауғанстанда, Арменияда, Грузияда, Әзірбайжанда да тұрады. Дүние жүзінде жалпы саны — 40 миллион шамасында. Өздерін курд деп атайды, бірақ бұрын Бұл халықтың тайпаларын гутеи, кутеи, куртии, карди, кардуһи деп атаған.
Күрд тілі тек Ирақ мемлекеттік тілдерімен қатарында қолданылады. Туған тілі - күрд тілі, үнді-еуропалық тілдерінің тобының батыс ирани тармағына жатады, парсы тіліне жақын. Күрдтер парсы, араб, түрік, гүржін, орыс, қазақ тілдерін де қолданады (бұл тұратын жеріне байланысты). Күрд жазбасы 1921 ж. армян, 1929 ж. латын, 1945 ж. кириллица әліпбиіне көшкен.
Күрд этногенезі 3-4 ғасырларда Солтүстік Месопотамияның ежелгі тұрғындары мен Иран тайпаларының араласуы нәтижесінде қалыптаскан. Ұлт болып қалыптасуы араб халифаты тұсында басталып, салжұқ әулеті тұсында жалғасын тапты. Күрдістан аумағы жаулап алушыларға қарсы бірнеше соғысты бастан өткерді. Ежели Иран мен Грекия арасындағы соғыс негізінен Күрдстан аумағын қамтыды. Күрдстанның негізгі аумағы Иран мен Армян арасындағы таулы аймақтарда орналасқан. Бұл аумақ көптеген бөліністерге ұшырағандықтан күрдтердің ұлттық құрамына да әсерін тигізбей қоймайды. 10 ғасырда күрдтердің жекелеген тайпалық одақтары Кавказ маңын мекендеді. 11 ғасырда Шедедид династиясы үлкен аумақты иемденді. 19 ғасырда түріктер мен орыстар, орыстар мен Персия арасындағы соғыс салдарынан күрдтердің бірнеше тайпа одақтарының Түркиядан, Ираннан Кавказ жерлеріне қайтып келуіне алып келді. Бұлар Гүлстан (1813), Түркменчай (1828), Андрианаполь келісімдері нәтижесінде Ресей құрамына өткен тұрғындар болатын. Күрдтердің бір бөлігі 1937 ж. Армения мен Әзірбайжаннан, 1944 ж. Грузиядан Қазақстанға және Орта Азияға қоныс аударған.
Дәстүрлі кәсіптері: жартылай көшпелі мал шаруашылығы (ірі және ұсақ мал), егіншілік (дәнді дақылдар, бау-бақша, темекі). Кілем тоқу, жүннен бұйымдар жасау, металл ыдыстар жасау, металл соғу, ағаш ою өнері дамыған. Тау бөктеріндегі және жазық аумақтар мен қалалардағы шаруалардың тұрғын үйлері бір, екі қабатты, саман немесе тастан жасалған, төртбұрышты, шатыры тегіс. Коммуналдық бөлмелер тұрғын үйге іргелес, көбінесе ортақ кіреберісі бар. Топырақтан жасалған ошақ (тандыр) үйді жылытуға, тамақ пісіруге, нан пісіруге, салт-дәстүрлерді сақтауға қызмет етеді.
Күрдтер тарихында көптеген акын-жазушылардын есімдері белгілі. Алғашқы әдеби мектеп лирикалық, философиялық шығармалардың авторы болған сарай акыны Мела Джезири (12 ғ.) есімімен байланысты. Әнші ақын-философ Фани Тейранның (14 ғ.) да есімі аңызға айналған. Күрдтер көршілес халықтары сияқты Наурыз мейрамын ежелгі заманнан бастап тойлайды.
Ұлттық киімдері - ерлер кең шалбар, малдың жүнінен тігілген сырт киім, жеңсіз киіз жакет және киіз қалпақ (колоз, талык, кулук), белдеріне қайыс немесе күміс белдік таққан. Аяқ киімдері шұғадан және теріден тігілген. Әйелдер киімі — ұзын турлі түсті көйлектер, кең шалбар немесе белдемше, бас киімі - кофи.
Ұлттық тағамдары - негізінде сүт пен еттен жасалынады. Сондай-ақ бидай, күріш, бадана, бұршақ, жарма, сүзбе ірімшік, май, көкөністер де қолданылады. Дәстүрлі ет тағамдары - кали, селакали деп аталатын еттің сорпасына бұқтырылған тағам, шашлык болды. Тәтті тағамдары - бал, халва, кептірілген өрік, мейіз т.б. Сусындары - қаты, шербет, шира, кофе, шай. Күрдтерден мұсылман ұлы қолбасшысы Салах әд-Дин шықты. Ирактың қазіргі Елбасы - Джалал Талабани да күрд. Пәкістанның премьер-министрі Беназир Бхуттоның анасы - Нусрет Бегунам Бхутто, Түркияның Елбасы Тұрғыт Озалдың да анасы күрдтерден шыққан еді.
Күрдтер Қазақстанға 1937 ж. Армения мен Әзірбайжаннан Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарына күштеп көшірілді. Қазіргі кезде Қазақстанда 38,3 мың күрд тұрады (2009).[1]
Күрдтердің Қазақстанда "Барбанг" деген ұлттық мәдени орталығы бар. Қазақстандағы күрдтерден академик Нәдір Кәрімұлы Нәдіров, дәрігер-нейрохирург Бари Нәдіров, жазушы Князь Мирзоев шыққан.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет